Текелі қаласы №5 ОМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанакулова Р.С.
Мұғалім ісі сырттай қарапайм болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі
К.Д. Ушинский
Мен өзімнің жаңашылдық жолындағы сөзімді осы Ушинскийдің сөзімен бастағым келіп тұр. Қазіргі дамыған мынандай заманда мұғалім мамандығы өте қиын. Өйткені үнемі ізденісте, оқу үстінде жүруі керек деп ойлаймын. Осы мақсатпен сындарлы оқыту курсына келдім. Шындығында ұстаз деген бойындағы барлық күш қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда талмай еңбек етіп ізденетін қарапайым адамдар. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме, мектептегі тәжірибелі ұстаздардың да тәжірибесіне қарап осы курсқа келгенде ойланып та қалдым. Шындыққа көз жүгіртсек қазіргі алдыңыздағы оқушыны ештеңкемен қызықтыра алмайтын да кездер болады ғой, сол кезде пайдалануға өте тиімді әдіс тәсілдер деп ойлаймын. Жалпы алғанда бұл бағдарламаның мақсаты өзіндік пікірі бар, алдына мақсат қоя алатын, ойлау қабілеті жетілген, өзіндік мені қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеуге көп септігін тигізеді екен. Себебі бұл курста оқып жүргенде түсінгенім біздің оқушыларымыз жасық, ойы шорқақ, қызығушылықтары төмен, алдына үлкендердің көмегінсіз мақсат қоя алмайтын балалар. Өйткені олар 21-ғасырдың ұрпағы ақпараттық техниканың дамыған заманы, оларды қызықтыру қиын. Сондай мәңгүрттіктен алып шығуға бұл бағдарламаның септігі көп. Бұл курста мен сабақты түрлендіріп, әртүрлі әдістерді қолданып түсіндірсе қызықпайтын бала болмайтын шығар. Мен бұл оқудан көптеген мәліметтер, тың идеялар, өміріме, болашағыма керек тәжірибе жинақтадым деп толықтай айта аламын. Бұл әдістердің тиімділігі кейбір сөйлемейтін оқушының ойын ең құрымаса қағазға сурет қылып түсіріп берсе соның өзін де бағалауға болады екен. Оқушылар топта жұмыс істейді үйренеді және де оқушыны басқа бір қырынан тануға мүмкіндік туады. Мен дәстүрлі оқыту әдісі мен осы сындарлы оқыту арасында зор айырмашылық бар екенін түсіндім. Бұл курсқа келгенге дейін өзім түсіндіріп өзім жазып барлық жұмысты өзім атқарып сабақтың жартысын өткізетінмін, бұл әдісте оқушының сөйлеуіне, бір біріне түсіндіруге, талқылауға, өз ойларын айтып үйренуге мүмкіндік беріледі екен. Мен тек бағыт бағдар беріп, түсінбеген жеріне көмек беріп, бақылап отыруым қажет екен. Топтық жұмыстың да тигізер пайдасы көп деп ойлаймын, өйткені үнемі артта отыратын шет қалып жүретін оқушылар болады ғой, сондай балаларды бәрімен араластырып жұмыс жасауға ықпал болады. Осы оқыған әдістер тәрбие саласында да ықпалы тиеді, өйткені балалар топта ұйымшылдыққа, сыйластыққа үйренеді. Топтық тәсілі арқылы тапсырмаларды бірлесіп орындау, бір-бірінен үйренуге, тәжірибе алмасуға, бірлесіп оқу арқасында бір-біріне көмектесу мүмкіндіктерін түсініп, он нәтижеге жетуге болатындарын мойындап, оны одан ары жалғастыруды құптайды. Д.Хеттидің сындарлы оқыту теориясына негізделген, бағдарламаның міндеті - мұғалімдерге олардын педагогикалық тәжірибесін бағалауға және жетілдіруге көмектесу. Негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге негізделген. Қазақстандық білім беру жүйесін жаңа арнаға барудағы жаңаша оқыту жүйесі жалғасын табатынына сенімдімін. Жалпы алғанда өзімнің өзгеруіме, көзқарасымның өзгеруіне бұл курс бағдарламасы оң әсерін тигізді. Болашақта мен алдымда отырған шәкіртттерімді бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастырамын деп сенемін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі