Алматы облысы Жамбыл ауданы
Сарыбастау ауылындағы орта мектептің
Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Салтанат Бектурсыновна
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану.
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың амалдарды орындауда, өрнектерді ықшамдауда, есептеулерде рационал сандарға амалдар қолдану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, тыңдау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз мақсатына жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақты өткізу формасы: жалпы-сыныптық, жекелей.
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндірмелі-көрсетілімді, оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, флипчарт, семантикалық карта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Психологиялық дайындық: - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).
ІІ. Жалпы білімдерін тексеру
1. Графикалық диктант.
а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең иә
ә) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
б) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан иә
в) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан жоқ
г) Кез келген теріс сан нөлден үлкен жоқ
д) Оң санның модулі сол санның өзіне тең иә
е) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан иә
ж) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең жоқ
з) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
и) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен жоқ
ІІ. Жаңа материалды меңгертуге дайындық Сұрақ–жауап.
1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?
2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?
3. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
4. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
5. Таңбалары әр түрлі сандардың қосу ережесін айтыңдар
6. Қарама-қарсы сандар қосындысы неге тең?
7. Рационал сандар қалай азайтылады?
8. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай азайтылады?
9. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.
11. Таңбалары әр түрлі, бірдей сандарды бөлу ережесін айт.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Натурал сандар бар өрнектердің мәндерін табу кезінде қолданылатын қасиеттер мен ережелер рационал сандарға амалдар қолдануда да пайдаланылады. Рационал сандарға амалдар қолдану үшін әр оқушы мынаны есте ұстауы керек:
1) Арифметикалық амалдардың орындалу ретін білу;
2) Рационал сандарға амалдар қолдануға берілген есептерді шешу әдістерін білу;
3) Тиімді әдісті таңдай білу және есептің шешуін математикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;
Рационал сандарға амалдар қолдануды орындап көрейік:
Осы өрнектегі амалдардың орындалу ретін кім айтады?
Амалдарды орындау ретінен басқа тағы нені білу керек?
ІУ. Жаңа білімді меңгергендіктерін тексеру. Флипчартты қолдану
«Кім жылдам»
I- қатар |
II- қатар |
III- қатар |
1) -2,75+(-0,25)= 2) -5*(-5):5 3) 18+(-10)= 4) -8*(-5)= 5) 100+(-100)= 6) -13*(-5)= |
1) 0+(-999)= 2) -0,72*(-1)= 3) 0:100= 4) 0*(-10)= 5) -56 –(-35)= 6) -18+10= |
1) -12:3= 2) -64: 8+34 = 3) -5*(-5):(-5)= 4) -10*10= 5) -25:(-5)= 6) -100+99= |
б) “Ойлан, тап!” ойыны( семантикалық карта) Амалдарды орындап, дұрыс жауап тұрған торкөздегі әріптерді дұрыс орналастырғанда шығатын сөзді табу
№ |
тапсырма |
а |
а |
р |
о |
ц |
и |
н |
л |
1 |
(-36+45):(-9) |
9 |
-9 |
-1 |
1 |
2 |
-3 |
4 |
-4 |
2 |
(23-(-47))·0 |
70 |
0 |
1 |
-2 |
60 |
-70 |
-1 |
-60 |
3 |
-15+(-29) |
-54 |
-34 |
29 |
14 |
-44 |
-14 |
34 |
-29 |
4 |
-1,69:1,3 |
-1,3 |
13 |
-13 |
130 |
0,13 |
-0,13 |
1,3 |
-130 |
5 |
-4,2·(-2,5) |
-105 |
-1,05 |
105 |
10,5 |
1,05 |
-10,5 |
1050 |
-1050 |
6 |
78+(-47) |
-125 |
125 |
-31 |
-48 |
48 |
115 |
31 |
-115 |
7 |
(31-(-14))·1 |
45 |
0 |
1 |
-2 |
-45 |
17 |
-17 |
45 |
8 |
13+(-37) |
14 |
24 |
50 |
40 |
-50 |
-40 |
-14 |
-24 |
У. Бекіту есептер шығарту оқулықпен жұмыс №659 № 660 №662
УІ. Үйге тапсырма № 661 ІІІ тарау ережелерді қайталау
Қорытындылау. Бағалау.
Рефлексия :
1. Қандай жаңа нәрсе үйрендіңдер?
2. Сабақта не ұнады?
3. Сабақта не ұнамады?
индира
отинемин рационал сндаргаарифметикалык амалдар колдануга онлайн мектептен сайкестендир тауып беринизши отинемин
Ұябек Балауса
Рационал сандарға қандай амал қолданады ??
Жансая
Математика керек