Өлең, жыр, ақындар

Тапқыр болсаң тауып көр

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Сарыбастау ауылындағы орта мектептің

Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Салтанат Бектурсыновна

 

Интеллектуалдық олимпиада /5-6 сыныптарға арналған/

Мақсаты:

1. Білімділік: Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

2. Дамытушылық: жалпы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Ойынның барысы:
I. Кіріспе бөлім

Кіріспе сөз. Қазылар алқасын сайлау

1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Тапқыр болсаң тауып көр деп аталатын интеллектуалдық олимпиаданы бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:

Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
 

1-жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топ мүшелерін  халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады.

2 жүргізуші:

Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!
II. Негізгі  бөлім

1 жүргізуші. «Тапқыр болсаң тауып көр деп аталатын интеллектуалдық олимпиада төрт айналымнан тұрады .

2 жүргізуші : Ойын шарттарымен таныс болыңыздар
Ойынның шарттары:

1-жүргізуші: ойынға 3 оқушыдан екі топ қатысады.
2 жүргізуші: І - айналым: Сұрақтар (әр топқа 5 сұрақтан беріледі, берілген сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

 1 топқа сұрақтар :

  1. Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші  /иә/

  2. Дұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруға болады /жоқ/

  3. Тең бөліктер үлес /иә/

  4. Санды өрнек саннан,амал таңбаларынан тұрады /иә/

  5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді. Бұл терімділік қасиет /жоқ/

1 жүргізуші:  2 топқа сұрақтар

  1.  Әріпті өрнек саннан амал таңбаларынан тұрады. / жоқ/
  2. Таңбалары әртүрлі сандарды көбейткенде теріс сан шығады  /иә/
  3. Теріс санның модулі оң санға тең /иә/
  4. Екі теріс санды қосса оң сан шығады / жоқ/
  5. Қатынастардың теңдігі пропорция деп аталады /иә/

 

1 жүргізуші :

ІІ - айналым: Мақал-мәтелдердегі қажетті санды табу керек.

 Дұрыс жауапқа 20 ұпай

2 жүргізуші:      1.....жақсы қос болмас,

                           ......жаман дос болмас (екі)

1 жүргізуші:      2.....бармақ жиналса, жұдырық болады (бес)

2 жүргізуші:      3. ... тістен шыққан сөз,

                         .....рулы елге тарайды (отыз)

1 жүргізуші:      4.....кісі қазған құдықтан, (бір)

                            .... кісі су ішеді (мың)

2 жүргізуші:      5.  ... жұрттың тілін біл,

                                  ......түрлі білім біл (жеті)

1 жүргізуші:      6. Досыңды.....күн сынама, .....жыл сына. (үш)

 

2 жүргізуші : 

 ІІІ - айналым: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.

1 ұяшық : Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (Жауабы: 4 мысық)

2 ұяшық: Математикалық тәуелділікті тауып, жоқ санды жаз.
 1; 6; 12; 19;...  ( Жауабы әр  санға қосылған сан келесіде 1-ге артып отырған. Сонда  келесі сан 27)

3 ұяшық: 1,2,3 цифрларының әрқайсы қайталанбайтындай етіп құрастырылған барлық үш таңбалы сандардың қосындысын тап.

(Шешімі: мүмкін нұсқаларды іріктеу 123+132+213+231+312+321=1332)

 4 ұяшық: Математикалық тәуелділікті қолданып, жоқ санды жазу.

14(625)11;  12(196)2;  10 (?) 5.  (Жауабы: 225, себебі жақша ішіндегі сан жақшаның алдындағы және кейінгі сандардың қосындысының квадратына тең.)

1 жүргізуші:  

  ІV - айналым: Анаграмманы шешіп, артық сөзді алып тастау.  Дұрыс жауап  40 ұпай .

Интерактивті тақтада берлгін математикалық фигураны таңдайды, фигураның артында анаграмма жасырылған.
ШӨБКЕЛ                                                     М А Л А Қ

ТІПКА                                                         Ш Ө Г Б І Л

С Е К  Е Л І                                                 Д У Е Ң Т Е

Л А Н Р У Т А                                             Ш О Қ Ы Л Ғ Ы С

Т І Ш К Е Б Ө Й К                                        І С Е Н Д І К

 ( Жауабы: бөлшек,кітап, еселік, натурал, көбейткіш. Қалам, бөлгіш, теңдеу, қосылғыш, кесінді)  

2 жүргізуші: Әділқазыларға сөз береміз.
1 жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін. 


Пікірлер (2)

мадина

маған аз ғана ұнады мен негізі басқа сайт іздеп едім

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз