Өлең, жыр, ақындар

Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Алматы облысы, Ескелді ауданы, МДШО.Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ КММ                                                                     

Физика пән мұғалімі М.Қ.Сейтбаева

 

Физика 7 сынып

 МДШО Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп–гимназиясы КММ

Тақырыбы

Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты  және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Мақсаты

Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар  жайлы  мағұлмат беру. Алған білімді күнделікті өмірде қолдана алуға үйрету. Топта  жұмыс істеу ережелерін  үйренуге дағдылану.

Күтілетін нәтиже

 

 

Жол және орынауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар  туралы мәліметті атап өтеді. Алған білімді   өмірде қолдануда білімдерін кеңейтеді. Топтық және жеке жұмыс жасауда берілген тапсырмаларды суреттейді, зерттейді, есептейді бағалайды.

Ресурстар

Фотоаппарат. Үлестірмелі материал, флепчарт, маркерлер, кеспе қағаздар.

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Оқыту тәсілдері

Уақыты

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

 

Топ ережесін ережесін еске түсіру

 

 2 мин

1.Үй тпсырмасы бойынша

2 топқа бөлу

2. Әр оқушының  мектептен үйге дейінгі траектория сызбасын тексеру.

 

 

1.Қорапшадан тапсырмалар алып  әр оқушы үйтапсырмасының сұрақтарына жауап  бере отырып  өз орындарына жайғасады.

«Матриялық нүкте»

«Траектория»

2. Әр оқушы  траектория сызбасына берілген есептері бойынша  жауап береді.

Миға шабул

 

 

 

 

 

Сыни ойлау әдісі

 

5мин

Жаңа  сабақ   

1,2,3 саны бойынша топқа бөліну

«Жол», «Орынауыстыру», «Қозғалыстар»

Топ бойынша тапсырмаларды орындайды

 

«Жигсо» әдісі

Топтық жұмыс

 

DSCN6626

15мин

Сергіту  сәті

Мақсаты: Денені ширату

 Баспен,көзбен,  бір қолмен екі қолмен, аяқпен 1,2,3,4,5 жазу

 

 

Бекіту

Әр топ таңдауы бойынша мәліметтерді постерге түсіреді

 

Екі жұлдыз, бір тілек бойынша топтар  бірін–бірі бағалайды

 

Кубизм әдісі

«Зерттеңіз»

«Салыстырңыз»

«Есептеңіз» 

 

 

10мин

Жеке жұмыс

Әр оқушының  мектептен үйге дейінгі траектория сызбасын жаңа тақырыппен  байланыстыру

 

 Сызба бойынша есеп құрастырып жол, орын ауыстыруды тауып қозғалыстың  түрін ажырату.

 

 Сын тұрғысынан ойлау

Тізбек бойынша сұрау әдісі

 

 

 

DSCN6599

3 мин

 

 

 

Шағын тест

 

 

 

Әркім өзі орындайды

 

Өздік жұмыс

 

 

 

 

 

5 мин

Сабақты қорыту,

Бағалау парағын ескере отырып, жиынтық бағалау

 

Серпілген сауалдар

3 мин

Үйге тапсырма

§16-17 11 тапсырма 4 жаттығу

 

1 мин

Кері байланыс

Стикерге

Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ?

Оқыушылары кері байланыс жазады

1 мин

 

Үй тапсырмасының сұрақтары:

Арақашықтықпен салыстырғанда өлшемдерін елемеуге болатын дене

Мектеп оқушылары ұшақпен  Астанаға сапар шекті

Өз өлшемінен бірнеше есе кіші

Ғарыш кемесінің  қозғалысын  жерден басқаруда

Түзу сызық та, қисық сызықт бола береді

Оқушы сабақ үстелінде  жазып отыр

            Дененің немесе материялық  нүктенің санақ денесімен салыстрғанда қалдырған ізі.......

Конькиші жарыс мәресіне жетті

 

Шағын тест тапсырмалары:

              1. Мектеппен үйдің арасы 300 м оқушы мектепке барып үйге қайтқанда қанша жол жүрді?

А  400

В. 600

С. 350

Д. 150

2. Дененің бастапқы орнымен  оның жүріп өткен  жолының ұзындығы белгілі болса, дененің соңғы орнын табуға бола ма?

А.  Дұрыс жауабы жоқ

В. Болады

С. Мүмкін емес

Д.Болмайды  

3. Мектеппен үйдің арасы 300м  оқушы мектепке барып үйге  қайтып келді. Орын ауыстыру неге тең?

А.  400

В. 200

С. 300

Д. 600

4. Орынауыстыру деп.........

А.  Траекторияның ұзындығы

В. Дененің бастапқы және соңғы орнын  қосатын кесінді

С. Кері бағыт

Д. Дұрыс жауабы жоқ

5. Дененің  жүрген траекториясының ұзындығын  көрсететін скаляр шама............

А.  Жылдамдық

В. Орын ауыстыру

С. Жол

Д. Дұрыс жауабы жоқ

6. Дененің бастапқы орнынан соңғы орнына жүргізілген вектор.. ..... деп аталады

А. Жылдамдық

В. Орынауыстыру

С. Жол

Д. Дұрыс жауабы жоқ

7. Қандай қозғалыс бірқалыпты

А. Кез-келген әртүрлі уақытта бірдей жол жүрсе

В. Қозғалыс траекториясы  қисық

С. Қозғалыс траекториясы түзу

Д. Кез-келген бірдей уақытта бірдей жол жүрсе

8. Қандай қозғалысты бірқалыпты

А.  Тастың биіктен құлауы

В. Машина қозғалысы

С. Ұшақтың қозғалысы

Д. Сағаттың  тілшесінің қозғалысы

9. Қандай қозғалыс бірқалыпты емес

А. Сағат тілшесі

В. Жердің өз осін айналуы

С. Жердің күнді айналуы

Д. Лақтырылған доптың ұшуы

10. Қандай қозғалыс бірқалыпты емес?

А.  Кез-келген әртүрлі уақытта бірдей жол жүрсе

В. Қозғалыс траекториясы қисық

С. Қозғалыс траекториясы түзу

Д. Кез-келген бірдей уақыт аралығында әртүрлі жол жүрсе

 

Серпілген сауалдар: Материялық  нүкте дегеніміз не?

  • Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
  • Қозғалыс түрлерін қалай ажыратуға болады?
  • Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңдер.
  • Бірқалыпты емес қозғалыстың бірқалыпты қозғалыстан айырмашылығы қандай ?
  • Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде ?
  • Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын  ауыстыру ма,әлде жолдың ұзындығы  ма ?
  • Автомобиль есептеуішінің  көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді:автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын  ауыстыру ма ?
  • Дененің  бастапқы орны мен оның  жүріп  өткен жолының  ұзындығы белгілі болса, дененің соңғы орнын табуға бола ма?

 

 


Пікірлер (2)

Дария

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз