Өлең, жыр, ақындар

Эрудиттер сайысы (физика)

Мұханова Ардақ Қуандыққызы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№ 4 орта мектебі

Физика пәні мұғалімі

 

Сабақтың түрі:   сыныптан тыс сабақ

Пәні:           Физика

Сыныбы:     10

Сабақтың тақырыбы :    «Эрудиттер сайысы»

Cайыстың мақсаты:

  1. Білімділік: білім алушыларды ауызша есептей білуге,алған білімдерін одан әрі тереңдету;
  2. Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
  3. Тәрбиелік: оларды зеректілікке,  ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайд,интерактивті тақта,  піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке,бөтелке

Сайыс барысы:

1. «Бәйге»

2. «Құпия сандар»

3. «Физикалық тәжірибе»

Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!

Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

Құрметті көрермендер, сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!

Бүгінгі біздің  «Эрудиттер » сайысымызға хош келдіңіздер»!                             Эрудиция ( латын сөзі)-erud-оқымысты, tio-таным.

Ендеше бүгін нағыз оқымыстыларды анықтайық. Сайысымызды ашық деп жариялаймыз!

         Ойдың білім атасы

         Көрегенді данасы

         Көп алғысы бар батасы

Әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Қалыбаева А-математика пәнінің мұғалімі
  2. Бақтыбаева Н- математика пәнінің мұғалімі
  3. Ізбасарова А-физика пәнінің мұғалімі

 

                                Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар –дей келе

ойыншыларымызды ортаға шақырамыз!Қарсы алыңыздар!

1.10 «А» сынып оқушысы- Тәжікенова Қуаныш

2.10 «Ә» сынып оқушысы – Еркебаева Ақниет

3.10 «А» сынып оқушысы- Бөлеков Жансерік

4.10 «Ә» сынып оқушысы- Орынбаева Мөлдір

                          Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын.

 

1 кезең. « Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек.Қай оқушы қолындағы белгіні бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

1)Үдеудің өлшем бірлігі(м/с)

2)Денеге әсер ететін күш масса мен үдеу көбейтіндісіне тең. Бұл қандай заң?(Ньютонның ІІ заңы)

3) Термодинамикалық параметрлер қандай?(қысым, көлем,температура)

4) Термометр нені өлшейтін құрал?(температураны)

5)Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)

6) 1 килоджоульда неше Джоуль бар?(1000 Дж)

7)Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)

8) Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

9) Радионы ойлап тапқан ғалымды ата.  (Попов)

10) Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-(Амперметр)

11)Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамалар (Векторлық)

12) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – (Электр тогы)

І кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады.

 

Жанайық мәңгі сөнбейік

Мынаған көңіл бөлейік

Ұяшыққа назар аударып,

             Сұраққа жауап берейік – дей келе сайысымыздың

 ІІ кезеңі «Құпия сандар» Мына ұяшықтардан таңдайсыздар

 

 Ұлы физиктер

10

20

30

 Жұмбақтар

10

20

30

 Мақалдар

10

20

30

 Әзіл-шыны аралас сұрақтар

10

20

30

 

Ұлы физиктер:

10. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? Жауабы: (Архимед)

20. Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген

Жауабы:        (Кулон)

30. « Жердің дәл шар емес екенін далаға шықпай, үйде отырып-ақ қалам  

         ұшымен дәлелдеген » ғалым.

Жауабы: Исаак Ньютон

 

Жұмбақтар

10. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың.

(Жол)

20. Сипаттайды жұмысты

Тындырады көп істі

Ол көп болса ширақсың

Кімдер әлсіз, кім күшті?

(Қуат)

30. Көтерілсе жоғары

Ерітеді мұхит

Төмен түссе шамала

Сездірер суық ызғарын

(Температура)

 

Мақалдар:

10. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді (диффузия)

20. Тау мен тасты су бұзады,

Адамзатты сөз бұзады. (заттың агрегаттық күйі)

30. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.(жылулық қозғалыс және ішкі энергияның өзгеру тәсілдері)

 

Әзіл-шыны аралас сұрақтар

10. Кім барлық тілде сөйлейді?     (жаңғырық).

20. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

30. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

ІІ кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады.

 

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

 

ІІІ. Физикалық тәжірибе.Бұл кезең ұпайы-50 ұпай

 Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)    

                          Олар жайлы төреші,

                          Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Сайыста өзінің оқымыстылығымен көзге түскен оқушы «Жас физик» атағына ие болады.

 

                          Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

 

Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!


Пікірлер (2)

Ардақ

сайыс жақсы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз