Өлеңдер Бөлімі

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Атырау қаласы

№7 «Күншуақ» балабақшасының

ІІ санатты тәрбиешісі

Купбаева Зина Рахымберлиевна

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.      

В. А. Сухомлинский

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына  өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда        қызығушылықтарын дамыту.

Отбасы адамзат бесігінт ербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім  алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.

1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3.  Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.

4.  Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,  15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.

1.  Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

2.  Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.

3.  Балалардың  бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.

4.  Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.

Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. 
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. 
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы.

Ата-аналар конференциясы - бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.

- Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу.  Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар ,психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады.

- Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дәрігерлерді шақыруға болады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекем ебалаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.   

-  Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

- Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруынд маңызыз ор.

Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

- Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.

- Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.

- Балаңыз балабақшадан берген  тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

- Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

- Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

- Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны  барлық - отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

- Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.

- Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.

Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіскер ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында

«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады.

«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.

«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыруға болады.

«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып, талқылауға болады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.


Қарап көріңіз

Пікірлер (64)

Рахмет өзім оқып жақсы істер алдым Рахмет сізде

Өтте жақсы

Бижамал

Керемет

Күнайым

Түсінікті, накты бағыт-бағдар берілген.Рахмет!

Кунайым

Тамаша ақпаратыңызға рахмет!

Салтанат

Өте маңызды әрекеттер қамтылған екен. Маған ұнады. Рахмет

Бакытжан

Тажирибе алмасуга жаксы жаксы жазылган

Оримбаева Айман

Балабақша тәрбиешілері үшін жақсы көмек екен. рахмет

Расима 12.11.2016ж.

Ата аналармен жумыс түрлері жаксы қамтылған.

Курманбекова Акбота

балабақша тәрбиешілеріне керекті коптеген мәләметтеріңіз үшін рахмет

Нургуль

Оте керемет, бираз малимет уктым

Нургуль

Керекти малиметтер алдым Рахмет

Ақмарал

өте керемет осындай жұмыстарды жиі салып тұрсаныздар рахмет

Элмира

Өте жақсы керекті мәліметтер рахмет.

гулфайруз

Бөбекжай тәрбиешілеріне көптеген мәліметтер қамтылға рахмет сізге

Салтанат

Өте жақсы барлық керекті мәселелер қамтылған.

Айша

рахмет

Аида

көп рахмет

Мадина

Керемет мәліметтер алдым. Рахмет!!!

Анар

маған ұнады. рахмет

Гульназ

рахмет маган мин унады.

Нургул

осындай мәлімет тер жібергеніңіз үшін рахмет!

Фарида

маған ұнады керемет жұмыстар

Марал

Оте керемет. Накты ари анык. Рахмет.

Айгерим

Жаксы материал

Айгуль

Өте керемет жасалған жұмыс.Еңбегіңізге табыс тілеймін.

АЙНУР

Тамаша пікір

Тоты Рымхановна 03 09 2017 22 :37 рахмет

Аталарга жеткизер ойынызбен болискенизге рахмет

Дәмеш

Маған ұнады. Әтине өзіме көп мағлұмат алдым. Сіздерге көп рахмет

Сагынбек Асель

Улкен рахмем

Бағила

Ұнады көп нəрсе өзіме алдым

Бағила

Ұнады ,рақмет өзіме керек жерлерін сызып қойдым.

Камшат

көп рахмет Маған қатты ұнады

Камшат

Өте күшті керек мағұлыматтар маған ұнады

Гүлназ

Бағытыңыз ұнады.Рахмет

Сындыгул

Тамаша

Сындыгул

Оте керемет

Сандуғаш

Қалай жүктеп алуға болады?

Диана

Белгілеп "copy" вордты ашып "paste" деп

алия

рахмет сізге көп-көп

Құндыз

Рахмет. Өзіме керек нәрселерді алдым. Осындай ақпараттар көп болса екен.

дана каримова

өте керемет пікірлер өзекті мәселелері

Мая

Өте жақсы қамтылған,қажетті дүниені алуға болады екен

ЖУМАГУЛ

КЕРЕМЕТ МӘСЕЛЕ. РАХМЕТ

Айнұр

Өте керемет

Самал

Толық мәлімет жазылған

Молдир

Өте керемет.жас маманғада өте қолайлы ақпарат.Рахмет!!!

Рысбаева Айнура

өте жақсы өзіме керекті ақпаратты алдым көп -көп Рахмет!

Ахатаева Бейбиткул Сагатовна

Әріптестермен өз іс-тәжірибеңізді бөліскеніңізге көптен көп рахмет. Өзіме керек нәрселерді алдым.

Бейсекова Гульмира Абдыкаметовна

Өте керемет өзіме ұнады.

Аида Ерсултан

мұның слайдын қалай алсам болады. маған жібере алмайсыздар ма?

Сатбаева Сания

Өте жақсы.Өзіме көп мәлімет алдым.Рахмет!

Жалгасва Г

Рахмет

Халима

Өз ойыңызбен,тəжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін алғысымды білдіремін.Өзіме жыл бойы жүргізілетін жиналыстарға керекті мəліметтер алдым.Жұмысыңыз жемісті болсын.РАХМЕТ

Халима

керемет өзіме көп мəлімет алдым Рахмет

Куралай Р.М.

өте жақсы, әрдайым осындай дүниелер коптеп жарияланса деймін.

Әйгерім

Кең ауқымда, толық ашылған. Көп рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!

Балия 31.10.2018 16:30

Өте жақсы.Өзіме көп мәлімет алдым.Көп рахмет!!! МАДтобынада осындай мәліметтер көп болса екен димін.Еңбегіңіз жемісті болсын!

Айнұр

Өзіме керекті мәлімет алдым.Еңбегіңіз жемісті болсын.Шығармашылық табыс тілеймін.

Алмагүл

Рахмет көп мәлімет алдым

Мағриа

Керемет

Гулбаршын

Ата- аналармен жумыс жургизуде комеги тиди. Жаксы жазылган, рахмет!

Жазира

Өте тиянақты жазылған, керемет

Аяна

ӨТЕ керемет жазылған екен. Рахмет !!!

Наркенже

Кандай мағына береді

Пікір қалдырыңыз

×