Өлең, жыр, ақындар

Дара және күрделі сан есім

Жиенбаева Алия Дуйсембаевна,

Алматы облысы Панфилов ауданы, Пенжім орта мектебі (Нұркент)

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: «Пенжім орта мектебі» КММ

Күні:17.02.2016

Мұғалім есімі:  Жиенбаева Алия Дуйсембаевна

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дара және күрделі сан есім

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Мәтіндерге тілдік талдау барысында сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетінін түсінеді.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

Дара және күрделі сан есім туралы жалпы түсініктері қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі

Мәтінге талдау барысында сан есімнін дара және күрделі болып бөлінетінін біледі және оларды сөйлем ішінен тауып, теріп жаза алады.

Кейбір оқушылар

Дара және күрделі сан есім қатысатын өлең жолдарын құрай алады.

Алдыңғы оқу

Балалар, біз өткен сабақта қарсы мәндес сын есім туралы өтсек, бүгінгі сабағымызда  дара және күрделі сан есім туралы білетін боламыз

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

 

Басталуы

10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

      А) Оқушылармен амандасу, кезекшілікті анықтау, келмеген оқушыларды белгілеу 

          (1 минут)

      Ә) Топқа бөлу.

Топтық жұмысты үйлестіру. Топ көшбасшысын сайлайды, бағалау парағы және табыс критериімен танысады (3 минут)    

І  топ - «7 »

ІІ топ -«4 »

ІІІ топ - «12 »

ІV топ - «2017»

Б) Алтын ережені еске түсіру (3 минут)

В) Өткен сабақты қайталау.

Баспадан шыққан дәптерді толтыру (үй тапсырмасын топ басшысы бағалап, бағалау парағына бағасын қояды )

ІІ Мақсат қою кезеңі (3 минут)

Ребус шешу (сабақтың тақырыбы ребустың шешуіне байланысты)

 

 

 

 

Бағалау парағы және табыс критериі

 

 

 

 

Алтын ереже

 

 

 

 

Ребус

Ортасы

30 минут

 ІІІ Жаңа сабақ. Күн ретімен сабақ тақырыбын жазу. Дәптермен жұмыс

1-жаттығу

Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына көңіл бөл.

Ережемен жұмыс

Сан есім дара және күрделі болады.

Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион.

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: отыз сегіз, бес жүз елу бес

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дара, күрделі сан есімдерді тап.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.

(Т-кестесі бойынша)

 

                     Сергіту сәті

5-жаттығу. Өрнектерді оқы, олардың мәндерін тауып, сөйлем түрінде жаз.

І  топ -  Берілген санды сөзбен жазу. Сөйлем құрастырады.

ІІ топ -берілген санды сөзбен жазу. Мақал құрастыру.

ІІІ топ - берілген санды сөзбен жазу. Көңілді шумақтар

ІV топ - берілген санды сөзбен жазу. Санмен өрнектелген мақалды оқы.

Ойын: «Ерекше сандар»

Әр топтың атына көңіл аударайық

  І  топ -  7 күн, 7 ата, 7 керемет

ІІ топ -4 түлік, 4 құбыла,4 мезгіл

ІІІ топ - 12 ай

ІV топ -  EXPO -2017Астана қаласында ұйымдастырылады. 

Халықаралық көрме

Дәптермен жұмыс

 

 

Интербелсенді тақтамен жұмыс

 

 

Ережемен жұмыс

 

 

 

Жұптық жұмыс

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер қоргау

 

Аяқталуы

5 минут

Кері байланыс.

Рефлекcия

Бағалау

Үйге тапсырма: 4 – жаттығу. 46 бет төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз

Смайлик

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер