Өлең, жыр, ақындар

Мен тұратын ауыл

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

«Мөлдір бұлақ» шағын орталығы

Бектибаева Асем Анварбековна

 

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әркеті: қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Мен тұратын ауыл».

Мақсаты: Өз мекенжайы мен тұрғылқты аулының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуе үйрету. Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: өзінің тұратын ауылы, ондағы мәдени орындары туралы бейнетаспа.

Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі – түсті қарындаштар.

Алдын ала жұмыс: шаттық шеңберде айтатын өлеңді жаттау. Қала ауыл өмірі туралы әңгіме жүргізу. Қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа бару.

Әдіс тәсілдері: көрнекілік, ойын.

Билингвистикалық сыңары: ауыл-село.

Оқу іс- әрекет түрі

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар топқа марш екіпдегі әнмен жүріп кіреді.

 

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейінші жараса

Сәлем саған  жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман –есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.

 

 

Балалар қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен  жеріміз, ауылымыз жайлы айтамын.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол ауылда  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен мен сендермен өздерің  тұратын ауылымыз туралы әңгімелескім келіп  тұр.

- Ал, балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ?

- Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында  тұрамыз.

- Балалар, Сарыкемер ауылында:

орталық  саябақ, әкімшілік, музей, Астананың он жылдығына  арналған саябақ тағы басқа  бар.

-Балалар білесіңдер ме  Сарыкемер ауылының өзі екіге бөлінеді: Бәйтерек ауылдық округі, Сарыкемер ауылдық округі.

Бәйтерек ауылының әкімі: Қилыбаев Мұхтар. Ал Сарыкемер ауылдық округінің әкімі: Тілеуқұлова  Сәуле  Сейдімханқызы.

Біздің  әкімшілігімізде: Тілеуқұлова Сәуле отырады.

 - Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің ауылымыз көптеген үйлер мен  әдемі ғимараттар  мен көркейді.

Бұның  бәрін бізге кімдер соғып береді?

 

- Балалар сендер саяхат жасағыларың келеме?

- Олай болса біз сол әдемі жерлерге саяхат жасайық балалар.

Сиқырлы таяқшамен саяхат жасайды.

Балалар сиқырлы таяқша істемей тұр ғой.

Сиқырлы таяқша жұмыс істеу үшін сиқырлы сөзді айтуымыз  керек екен балалар.  Көзімізді жұмамыз, ал енді сиқырлы сөз айтамыз

 

До ре ми ұшамыз,

Біз жерге қонамыз.

Ал енді көзімізді ашайық қайда келдік балалар?

Музейге де келіп қалыппыз ғой.

Бұл музейде ата- бабаларымыздан қалған ескі заттарды осында сақтайды екен, көрдіңдер ме?

Музейдің іші өте әдемі екен.

 

Мынау біздің Астананың он жылдығына арналған саябақ:

Мұнда балалар ата- аналарымен қыдырып, демалып, кетеді. Онда балаларға арналған ойын сауық орталық та бар. Мұнда балалар ойнауға ата- аналары мен келеді.

 

Ал мынау біздің әкімшілігіміз  мұнда Тілеуқұлова Сәуле апкеміз отырады. Ол Сарыкемер ауылының әкімі.

 Балалар саяхат жасаймын деп шаршаған боларсыңдар. Қане көзімізді жұмып балабақшаға қайтайық.

Балабақшаға қайтып келеді.

Балалар шаршаған боларсыңдар қане бойымызды бір сергітіп алайық .

Қара жорға әні мен бой сергіту.

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы билейді екенсіңдер.

Тапсырма:

Балаларға ауылымыздың табиғатының  суретін салдыру.

Жарайсындар балар, сендер өте жақсы салдыңдар.

Ойын: «Біздің ауыл қандай?»

 

 

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Сарыкемер ауылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарыкемер ауылын.

 Музейді

 

 

 

 

 

- Құрлысшылыр.

 

 

 

 

 

- Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Музейге

Рефлексиялы  түзетушілік

Балалардың  жасаған жұмыстарын көріп  мақтайды, мадақтайды. Ауылым   әнімен қорытындылау

Педагог оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

 

Ауылым әні.

Біздің ауыл тап- таза бұлағыда

Ән салады майысып құрағыда

Жаз жайлауға барамын  демалыста

Асау тайдың ойнаймын құлағында

         Қ-сы

Біздің ауыл алма бақ,

Өрік жүзім жетеді.

Сағынарым қайда да,

Алатаудың етегі.

 

Балалар өздері салған суретке қызыға қарайды.

 

 

 

 

 

Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының немесе ауылының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білу.

Игереді: ауылының атын, ондағы сәулетті  мәдени орындарды біледі;

Меңгереді: кез –келген істің адам еңбегі арқылы келеіндігі, ауылдың көркеюіне өздерінің үлесі бар екенін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз