Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанындағы
«Солнышко» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
Қазақ тілі мұғалімі Мухамадиева Асель Кадербаевна
Білім беру саласы: «Қатынас».
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Қазақ халқының мұрасы».
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мұрасы жайлы білімдерін кеңейту. Ұлттық ойындарды ойнауға, қазақ халқының салт-дәстүріне қызығушылықтарын келтіру. Жаңа сөздер мен ойын арқылы үш тілде сөздік қорларын байыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атауға үйрету.
Көрнекіліктер: компьютер (слайд), үнтаспа, қағаз қуыршақ пен қуыршақтың ұлттық киімдері, ұлттық бұйымдар суреті, ою- өрнектер үлгісі, ватман, желім.
Сөздік жұмысы: сәукеле, қамзал, қосетек көйлек, шапан, шалбар, тақия, алқа, сырға, сақина, білезік, домбыра, қобыз, сыбызғы, ою.
Үш тілдік компонент: ұлттық киім-национальная одежда, ұлттық бұйым-национальное украшение, ұлттық аспаптар- национальные инструменты, ұлттық ойындар- национальные игры, ою-өрнек-орнамент.
Good morning ! – Қайырлы таң! – Доброе утро! Family- отбасы- семья, mother-ана- мама, father- әке- папа, grandmother-әже-бабушка, grandfather- ата-дедушка, little frog-кішкентай бақа.
Іс-әрекет кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру |
Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Шаттық шеңбері:
Амандасу шеңбері-ағылшын тілінде
- Балалар, біз қай Республикада тұрамыз? - Дұрыс, балалар біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.Отан сөзіне ұқсас отбасы сөзі, ол да біздің «кішкентай Отанымыз». Қазақ тілінде отбасы, ағылшын тілінде Отбасы мүшелерін үш тілде атаңдар:
- Сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер ме? (Қонаққа әже келеді, қолында сандық) - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мерекелеріңіз құттық болсын. Менің де сіздерге дайындаған сыйлығым бар, бірақ ең алдымен менің тапсырмаларымды орындауыңыз керек.
Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз. -Балалар, тапсырманы орындау үшін қазақ халқының ұлттық киімдерін есімізге түсірейік.
«Қуыршақты киіндіру»- дидактикалық ойыны.
2-тапсырма: (слайд) Қазақ халқының ұлттық бұйымдарың атаңыз. «Бұйымдарды ата»- дидактикалық ойыны.
Әже: Жарайсыңдар, балалар, менің сыйлығымды қабыл алыңыз (балаларға білезіктерді таратады)
«Білезік» - сергіту сәті:
-Әже, балаларымыз ағылшын тілін де үйреніп жүр.
«Little frog»- қозғалыс ойыны. «(бақаның тақиясы)
3-тапсырма: (слайд) Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз. «Ұлттық аспапты тап»-д/ойыны
«Аспаптың түрін ажырату»- дидактикалық ойыны.
|
Армысың, асыл күн, Армысың, асыл жер! Армысыз құрметті қонақтар!
Good morning, good morning ! Good morning to you. Good morning, good morning ! I am glad to see you.
-Қазақстан Республикасында.
Отбасы-семья- Әке-папа- Ана- мама- Ата- дедушка- Әже- бабушка-
Тақпақтар
Балалар сәукеле, қосетек көйлек, қамзол; шалбар, шапан, тақия сөздерін қайталайды.
Магниттік тақтадағы қуыршаққа қыздар киімдерін таңдап, атайды, түстерді де еске түсіреді.
Балалар ұлттық бұйымдарды атайды: білезік, сырға, сақина.
Балалар білезіктерін қолға тағып сергіту сәтін орындайды: Он қолымда білезік, Сол қолымда білезік. Сәнді көйлек киелік, Бәріміз бірге билейік.
Жүргізуші бақаның тақиясын киіп Little frog, little frog Hop, hop, hop! - секіреді Little frog, little frog Stop, stop, stop!- тоқтап, жүргізушіні таңдайды.
Берілген әр-түрлі музыка аспаптары ішінен қазақ халқының ұлттық аспаптарың таңдап, атайды.
Үнтаспа арқылы музыкалық аспаптың түрін ажырату. |
|
«Тақия» ұлттық ойыны
4- тапсырма: (жапсыру жұмысы) «Көрпешені әшекелеу»-қыздарға.
«Домбыра мен қобызды құрастыру» - ұлдарға. |
Балалар шеңбер құрып ойнайды.
Қыздарға ою-өрнектермен көрпешені әшекелейді.
Ұлдар домбыра мен қобыздың бөлшектерін жинайды. |
Рефлексивті түзетушілік: |
Қорытынды: Әже: -Балалар, менің тапсырмаларымды орындағандарыңыз үшін рақмет, Білімді және өнерлі балалар екенсіңдер. Қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі- тойда қалта тарату. Бірақ дәстүр бойынша қалта тарату рәсіміне қыз балалар ғана қатысады.
-Балалар, әжеміздің сендерге дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңдар. (қыздарға әшекейлер таратып, ұлдарға ойыншықтар сыйлайды) «Сау болыңыздар!» |
Рақмет айтып, әжемен қоштасады.
-Сау болыңыз! |
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: қазақ халқының ұлттық киімдерін, музыка аспаптарын, ұлттық ойындарын білу керек, отбасы мүшелерін үш тілде атау керек.
Қандай түсініктерді игерді: ұлттық киімдер мен бұйымдар жайла түсініктерін кеңейтті, ата-бабамыздан қалған ұлттық мұраны құрметтеу керек екенін түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ағылшын тілінде жүргізілген қимылды ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты, жаңа сөздермен сөздік қорларын байытты, дидактикалық ойындарға белсенді қатысты, жапсыру жұмысын орындады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі