Корейская косметика премиум класса

Тілдің мерейі – елдің мерейі

Жаңаөзен қаласы

№12 бастауыш мектебінің мұғалімі
Бесбаева Мадина Оразбековна


Мақсаты: Оқушыларға туған тіл, ана тіл туралы түсінік беру, сөздік қорын кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, жеке парақшалар.
Барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық сәт:
Қазақ тілі – өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, тіл жанашырлары! Тілді жасаушы – халықтың өзі. Тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. Ендеше «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты 3 «А» сыныбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты, ұлан байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден астам ұлт өкілдерін сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, бақытты адамдар. Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.

2-жүргізуші: Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі –тілі. Тіл деңгейін көтеру – өз  халқыңа, дініңе жол ашатын әрбір азаматтың борышы.       
                                        Қазақ қазақ болғалы
                                       Тіл үшін – күрес көргені,
                                       Көргені көп тілімнің
                                       Мүмкін емес өлмегі.
 Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы толғауы тоқсан қызыл тілге арналады.
«Мәнерлеп оқу» кезеңі

1.Ана тілім –шежірем,өсиетім
Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.
Ата-баба түгілі кейінгілер
Анасының білмейді қасиетін.

2.Ана тілім – бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң сыйлап өтіңдер!

3.Тілімді арымдай сақтаймын
Ділімді тексіз боп шатпаймын
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

4.Ана тілім – дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз қалай бақыт тапты кім?
Сенсің менің мақтанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

1-жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы:

Мемлекеттік тілді білген жөн болар – дей келе, сұрақ-жауап алу кезеңіне шақырамын.
«Кім жүйрік?» кезеңі:
1.Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
2.Ыбырай ата туралы не білесің?
3.Әліппенің атасы кім?
4.Тіл мерекесі қашан тойланады?
5.Әнұранның қайырмасы қалай басталады?
6.Абай атаның қандай өлеңдерін білесің?
7.Қосарлы дауыстыларды ата?
8.Сөз таптары қандай?
9.Ертегілер неше топқа бөлінеді?
10.Аңыз дегеніміз не?

«Портреттер сөйлейді» кезеңі: Көрсетілген фото-суреттегі адамның аты-жөні, өмірі, қызметі туралы білетініңді айту.
2-жүргізуші:
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім – деп ән мен күйге кезек берелік.

Ән: «Ана тілім - ардақтым»
Күй: «Кеңес»

 «Ұшқыр ой, жылдам жауап» кезеңі:
1.    Өнер алды ...............(қызыл тіл)
2.    Тіл тас жарады .................... (тас жармаса бас жарады)
3.    Шебердің қолы ортақ................(шешеннің тілі ортақ)
4.    Бас кеспек болса да ...................(тіл кеспек жоқ)
5.    Қол шешпегенді ..................(тіл шешеді)
6.    Тіл тәтті ................(бауыр қатты)
Би: «Қамажай»

Мұғалім: Ана тілің – арың бұл,
                Ұятың боп тұр бетте.
                Өзге тілдің бәрін біл,
                Өз тіліңді құрметте – деп ақын жырлағандай, «Тілдің мерейі – елдің мерейі» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келіп қатысқандарыңызға рахмет.


Қарап көріңіз

×