6а сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бағандар
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға бағандарды қоюды түсіндіру.
Ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: компьютер, тест, карточкалар.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Журнал толтыру. Сабақққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Ауызша сұрау. (қаптағы сұрақтар)
Сәйкестендіру тесті:
1. MS Word редакторын іске қосу жолы |
А. Мәтінді курсивпен жазады |
2. Құжатты сақтау командасы |
В. Файл – Создать (Құру) |
3. Мәтінді пішімдеу деген не? |
С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word |
4. Жаңа құжат құру командасы |
D. <Enter> пернесі |
5. Мәтінді редакциялау деген не? |
E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау) |
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады? |
F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою |
7. - батырмасының қызметі қандай? |
G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету |
Оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 – С 2 – Е 3 – Ғ 4 – В 5 – G 6 – D 7 – А
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Міне, бүгін біз мәтіндік редакторда бағанға бөлуді үйренетін боламыз. Бұл тақырыпты меңгеру үшін маған оқушылар көмектеседі.
– баған
Бағандар
Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады
Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.
Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады.
Ол үшін мындай дайын мәтін аламын
мысалы мен Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған /колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін таңдауға болады.
Жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Жақсы! Онда компьютерде тапсырмалар орындаймыз.
4. Сабақты бекіту.
Тапсырмалар орындау. Компьютерде 6сынып деген қапшықтағы тапсымаларды орындату
Тапсырма №1.
Мына сөзді септеңдер : информатика
Мысал:
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
Информатика сөзін өзің септе:
Атау септік: информатика
Ілік септік: информатиканың
Барыс септік: информатикаға
Табыс септік: информатиканы
Жатыс септік. информатикада
Шығыс септік: информатикадан
Көмектес септік: информатикамен
Тапсырма № 2.
1. Мәтінді белгілеп алып Разметка страницы- Колонки командасын орындап, екі бағанға бөліңдер.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Сергіту сәті. Көзге жаттығу
Оқулықтан тапсырмалар орындау. Кітаппен жұмыс
5. Сабақты қорытындылау. Тест «Өзіңді тексер!»
1. Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастаруға болады:
А) әңгіме
В)өлең
С)баяндама
Д)шығарма
2. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?
А) бетті белгілеу
В) кірістіру
С) басты
Д) терезе
3. Бағандардың құрудың алғашқы кезеңі:
А) мәтінді теру
В) бағанды құру бұйрығын таңдау
С) бағандар арасындағы қашықтықты анықтау
Д) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады
4. Бос бетте бағандарға бөлуге болатынын қалай анықтауға болады:
А) бағандар батырмасының қосулы тұрғаныан
В) пішімдеу сызғышы бойынша
С) беттің ені бойынша
Д) қалып-күй жолы бойынша
5. Бағандарға бөлінгеннен кейінгі мәтіннің бастапқы қалпына қалай оралуға болады:
А) Бір бағанды таңдау арқылы
В) Тез қол жеткізу тақтасыдағы Бас тарту батырмасын басып
С) Бағандардан бас тарту арнайы бұйрығын таңдау арқылы
Д) бағандадың пішімдеу сызғышында жою арқылы
6. Бағандардың анықтауға болатын ең ұлкен мүмкін мәні:
А) 10
В) 3
С)12
Д)5
6.Үйге тапсырма:
Бағандар тақырыбын оқу. 127 бет С-деңгейі орындау
7. Оқушыларды бағалау.
Оқушылар өз өздеріне баға береді
Марал
Материалыңыз сапалы дайындалған екен! Ұнады!