Алматы облысы
Балқаш ауданы
№1 Бақанас орта мектебі
Технология пәнінің мұғалімі
Накысбек Алтынай Накысбеккызы
8 сынып
Сабақ тақырыбы: Диванға арналған шағын жастықшаның эскизін жасау, пішу. с/ж
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі диванға арналған шағын жастықшалар жасап үйрету, тігу шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
а) Білімділік: оқушылардың диван жастықшаларын тігу туралы білімін арттыру, түстік шешімін тауып, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, ою-өрнек түрлері, карточка, суреттер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата (велюр).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Оқушылармен танысу және сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне атын атап, жылы лебіздерін білдіреді.(Мұғалім бастайды: оқушылар, біздің әрбір сабағымыз сіздердің жан дүниелеріңізге кішкене болса да жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастауына тілектеспін)
Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ» стратегиясы
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ құраудағы қойылатын талаптар?
3. Құрақтың тиімділігі?
Сұрақтарының жауаптары:
1. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі
2. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады
3. Мата қиындыларын кәдеге жарату
ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.
ТЕКСЕ, ЮАОРЛ, РАҚҰҚ ,РКӨЕН, СЫЖАТҚ
КЕСТЕ, ОЮЛАР, ҚҰРАҚ,ӨРНЕК , ЖАСТЫҚ (жеке-жеке айтылады) дегенде көз алдарына не келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Оқушылар біз бүгін диван жастықшаларын жасауды үйренеміз. Жастықшалар кестелеу, жапсырмалау, аппликация, лентадан өрнектеу, іліп тігу арқылы сәндеп жасауға болады.
ББҮ стратегиясы
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
Енді сіздер диван жастықшалары туралы не білгілеріңіз келеді, соны екінші бағанға жазыңыздар (оқушылар жазғандарын оқиды)
Слайдтан диван жастықшаларының түрлерін көрсету, олардың қалай жасалғандығы туралы түсіндіру.
Бүгін, біз «Диван жастықшасын» дайындап үйренеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.
(жастықшаның екі түрінің суреті арқылы бөлу)
1-топ: 2-топ:
Бағалау парағы беріледі.
Сарамандық жұмыс.
1. Алғашқы нұсқау. Сіздерге жұмыс жасау үшін не қажет?
1-топ. 2-топ
- мата (3 түс) - мата (қызыл, сары, жасыл)
- жіп - жіп
-мақта -мақта
Диван жастықшасын жасау үшін біз қандай құралдарды қолданамыз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, күтілетін жауап: ине, қайшы, түйреуіш, үтік) Ендеше инемен, қайшымен, үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді қайталайық:
Қайшымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері
Қол ине, түйреуішпен жұмыс кезінде:
Жұмыс шығынын есептеу:
1-топ:
Алынатын зат |
Өлшемі |
Бағасы |
Мата |
|
300 тг |
Жіп |
|
50 тг |
Мақта |
1 кг |
150 тг |
|
ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: |
500тг+ ЕҢБЕК |
2-топ:
Алынатын зат |
Өлшемі |
Бағасы |
Мата |
Қызыл-1 м Жасыл-10 см Сары- 10 см |
400 тг 40 тг 40тг |
Жіп |
|
50 тг |
Мақта |
1 кг |
150 тг |
|
ЖАЛПЫ БАҒАСЫ: |
680тг+ ЕҢБЕК |
Жұмыс киімін кию.
ІІ.Ағымдағы нұсқау. Әр топ парталарындағы диван жастықшаларының жасалу сызбасына қарап жастықша тігу.
ІІІ.Қорытынды нұсқау. Жұмыстарын талқылау, ақауларын түзету.
ІҮ. Ой толғаныс кезеңі.Үшінші бағанды толтыру, оқу
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Екі топ жасаған диван жастықшаларын бағалау (шығын+еңбек құны) және жарнама дайындап келу.
Бағалау. Жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарай, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау (әр топтың басшысы оқушылардың бағалары айтылады, журналға қойылады)
Бағалау парағы.
Жұмыс орнын жинақтау.
“Кел, жас дарын, істі баста!
Жаз, оқы, сөйле, тыңда!
Айт, зертте, тексер, сұра!
Егер бәрін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең!” деп сабағымызды аяқтаймын және шығармашылықпен жұмыс жасауға тілек білдіремін.
Гүлбану
Маған унады жақсы