Өлең, жыр, ақындар

Ақылды лақ

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Кәукей ауылы,

№225 орта мектеп жанындағы

«Қыр бөбегі» шағын орталығының

психологы: Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы

 

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақылды лақ

Мақсаты: ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі желісі бойынша  саусақ театры, қора макеті, тал, үй жануарларының суреті, үнтаспадағы дауыстары, үлестірмелі материалдар, дидактикалық кітапша.

Сөздік жұмыс:  ақылды лақ,

Билингвальді компонент: лақ - козлёнок

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Төрт түлік жыры

Шөре-шөре, шөлдедің бе, лағым,

Сонша неге елеңдейді, құлағың?

Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,

Сен жыласаң, менің келер жылағым.

 Кіріспе әңгіме

  • Балалар, өлең не туралы?
  • Лақ қандай жануар?
  • Неге үй жануары деп атаймыз?
  • Жарайсыңдар, балалар! Үй жануарларына тағы қандай жануарлар жатады?
  • Ал, сендер олардың төлдерін танисыңдар ма?

1-тапсырма. «Адасқан төлдерді тап» ойыны

Дидактикалық кітапшадағы үй жануарларына қыстырғыш арқылы төлдерін қосады. Төлдердің аттарын атайды.

  • Жарайсыңдар! Ендеше, балалар, бүгін төлдер туралы «Ақылды лақ» ертегісін айтып беремін.

 

 

 

Қимылдармен орындайды.

 

Балалар жауабы тыңдалады.

  • Лақ,
  • Үй жануары

Үйде, адамдар өсіреді.

Балалар жауабы.

 

 

 

Тапсырманы орындайды. Төлдерді атайды.

 

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

 

 

 

 

«Ақылды лақ» ертегісін саусақ театры арқылы тамашалату.

Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтйып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың. 

Секең-секең, ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма,

Секірмей-ақ кей уақ?

 

Тапсырмалар орындату  арқылы ертегінің мазмұны не жайлы екенін білу.

 

2-тапсырма. «Ертегі кейіпкерлерін тап»

  • Балалар, алдарыңдағы қораптағы жануарлардың арасынан ертегі кейіпкерлерін тауып алыңдар!

 

3-тапсырма.

«Жағымды кейіпкер мен жағымсыз кейіпкер»

  • Балалар, енді кейіпкерлердің арасынан «жағымды кейіпкер» жақсысын, «жағымсыз кейіпкер» жаманын тауып, екіге бөліп, арнайы белгісі бар параққа жапсырамыз. Және оларды жағымсыз және жағымды деп неге бөлгендерін әңгімелеп, айтып беріңдер
  • Жарайсыңдар, енді тапсырманы қалай орындағандарыңды көрейік? Үлгі қарап өз жапсырғанымызбен салыстырайық.

 

 Жағымды кейіпкер: лақ, бұзау, қозы;

Жағымсыз кейіпкер: аю, қасқыр, түлкі;

 

  • Ендеше, өз тапсырмаларың дұрыс болса, алдарыңдағы күлегештерден «күліп» тұрғанын, қате болса «ренжіп» тұрғанын алып жапсырамыз.

 

Сөздік жұмыс: ақылды лақ.

Билингвальді компонент: лақ-козлёнок;

 

«Ертегіні сахналау»

  • Балалар, біз ертегіні жақсылап тыңдапалдық қой. Ендеше рөлдерді бөліп алып, саусақ театры арқылы сахналайық.

 

Ертегіні мұқият тамашалайды.

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қораптан жануарларды бөліп алады.

 

Арнайы белгісі бар парақты алып, кейіпкерлерді екіге бөліп жапсырады. Неге бөлгенін әңгімелейді.

 

 

Үлгімен салыстырады.

 

 

 

 

 

Күлегештерді жапсыру арқылы өздерін бағалайды.

 

Қайталайды.

Балалар рөлдерді бөліп алып, саусақ театры арқылы ертегіні сахналайды.

 

Дауысын салады. Үнтаспадан дауыстарын тыңдайды.

 

4-тапсырма.  «Дауысын сал»

  • Балалар, жарайсыңдар! Сендер осы үй жануарларының қалай дауыстайтынын білесіңдер ме?

Мен слайдтан  бір үй жануарын көрсетемін, сендердің біреуің дауысын саласыңдар. Оның дұрыс екенін білу  үшін үнтаспадан жануардың дауысын тыңдаймыз

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

Рефлекциялық-түзетушілік

  • Жарайсыңдар, оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып отырдыңдар.
  • Ертегі ұнады ма?

Балалардың өнеріне ризашылық білдіріп, мақтау.

Қоштасу хор

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман-есен болайық.

 

 

Балалар қызығушылық танытады. 

 

Қоштасу сәтін орындайды.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Үй жануарларын, төлдерін, олардың қалай дауыстайтынын.

Игереді:ертегі кейіпкерлерін жағымды және жағымсыз топқа бөлуді.

Меңгереді: Көркем әдеби тілде сөйлеуді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер