Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
«Құлыншақ» балабақша тәрбиешісі
Танжарикова Жанат Таяубайқызы
Алдар көсе: Сәлеметсізбе қонақтар. Наурыз мерекесі құтты болсын. Міне мерекеге қыздар мен балдарымыз айтыс өнерін алып келіп отыр.
Санжар:
Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
«Айтыс» десе сәнденіп
Қыздар іздей бастаймыз
Медина:
Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Алмас:
Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Зарина:
Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Олжас:
Түрлендіріп қамшы өрсем
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады
Сабина.С
Мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік
Көрсет сәнді қамшыңды
Біздер баға берейік
Ғани
Тойға барам деген соң
Домбыра ұстап жетіп ем
Шашақталған қамшымды
Үйге тастап кетіп ем
Жаннұр:
Қалып қойса қамшыңыз
Тағы тойға келерсіз
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз
Әліби:
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде
Рахаттана бір жұтқан
Жүргізуші: Cәлеметсіздерме құрметті ата –аналар балабақша ұжымы.
Үйлесіп наурызбен көктем жетсін
Көңілін үлкен- кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш,өкпе кетсін-дегендей, жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын! Наурыз жыл басы. Наурыздың 21-22 –не қараған түні күн менен түн теңеледі екен. Міне сол күні ағаш үйлер тігіліп, қой сойылып ошаққа қазан қойып, тәтті бауырсақ пісіріліп ұлан-асыр той жасаймыз. Адамдар бір-бірімен көрісіп амал, жаңа-жыл құтты болсын деп бір-біріне ізгі жақсы тілек білдіреді.
Ән: «Көктем келді»
Әліби:
Өлең өрлей жыр самғай
Үйлесті әсем әніміз
Болады тұтас жыл сондай
Қандай болса наурыз
Жан қалмасын жай тұрған
Мәз-мейрам жас, кәріміз
Күй шертіліп, айтылды ән
Кел билейік бәріміз
Дамир Ө
Салт дәстүрі жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша
Арай:
Ақ түйенің қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Үлкен кіші сағынып
Бұл тойға бәрі жиналды
Медина:
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз – тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын.
Дархан:
Күн күлімдеп төбеде
Наурыз келді жаңа жыл
Жан-жануар жадырап
Құстар айтты жаңа жыр
Олжас:
Құтты болсын айтамыз
Халқымның наурыз тойына
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салт-дәстүрін
Зарина:
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Ағаштар мен гүл екті
Әже: Амал күні бір-бірімізбен құшақ жая көрісіп жыл құтты болсын айтп жақсы лебіздерін білдіреді екен. Бізде бүгін Гүлнар бен Наурыз замандастың үйінде наурыз тойға шақырған, олай болса тойға ән шашуымыздан шашу шашайық. Шашу шашылады.
Гүлнар әже: Қонақтар қош келдіңіздер. Қазақ қонаққа төрін ұсынған халық құдайындай сый сыяпат көрсеткен. Қонақтар жайғасып отырады.
Жүргізуші: Қандай керемет қазағымның әр үйінде былдырлаған сәби үні естілсін. Әжелер немерелеріңіздің өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Қамшы биі»
Санжар:
Кеңінен елге таралған
Негізі елге қаланған
Еңбек, шаттық жыл басы
Наурыздан басталсын
Іңкәр:
Шырқап салған әнімен
Мерекелік сәнімен
Тойлап ойнап қыдырған
Бөлісіп ішкен дәмімен
Жаннұр:
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала қарлы шың
Ғани:
Қаусатып қар боранды
Көктем қайта оралды
Таулар тастап ақ тонын
Көк торғынға оранды
Бекмұханбет:
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
Ш. Қарақат.
Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Наурыз тойы - салтымыз
Соны тойлар ел енді
Ақзия:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
Алмас:
Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын жас гүліміз
Наурызбен көктемде
Көгереді жеріміз
Қ Сабина:
Көктем толы әніміз
Көркем өнер сәніміз
Өлең ән мен той тойлап
Өрнектейміз бәріміз
Егін өзі толқытқан
Елдің көңілін шалқытқан
Наурызға бас иемін
Аяна:
Наурыз келді балалар
Көктеді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылда, ағалар
Нұрислам:
Жас қосатын жасыңа
Жыл басы бұл наурыз
Ән кіргізген асыңа
Бал татыған сары уыз
Би: «Домбыра биі»
Гүлнар әже: Ал қонақтар мына немерелеріміз шетінен өнерлі екен. Немерелерімізде әжелерінің әлдиін сағынған болар. Қонақ кәде сұрап отырғаным. Әннен шашу шашайық. Былтыр өмірге келген немерем жасқа толып тәй-тәй басып жүр. Қазағымның ырымымен салт-дәстүрімен тұсау кескелі отырмыз.
«Тұсау кесу»
Жүргізуші: Гүлнар әже тойыңыз тойға ұлассын немереңіз білімді елін жерін қорғар азамат боп өссін.
Алдар көсе: Әже немереңіздің жасы құтты болсын. Мен де құр алақан келген жоқпын балаларыммен ұлттық ойнымызды ойнайық.
Ұлттық ойын: «Арқан тарту»
Би: «Тарту биі»
Ән «Наурыз көктем»
Жүргізуші:
Ән қосылып әніңе
Сән қосылып сәніңе
Ырысты боп жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!’
Қараманова Гүлдана
керемет
жақсы айтыс екен
самал
керемет
Исхакова Перизат
Жақсы айтыс,сценариіде тамаша жазылған
Аяна
Атым болад Аяна айтыстыда айталам олендиде катырам
Айгерім
Тамаша екен өте жақсы маған ұнады!айтысыныз жақсы екен
Қайрат Аружан
Керемет аитыс,сценари да тамаша жазылған маған ұнады өте керемет
Анар Кожабергенова
Айтыс создери керек
Керимжан
Нормально
Қарақат
Айтыс
Али
Керемет, пайдама жарады, рахмет