Өлең, жыр, ақындар

Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталау

Бастауыш сынып мұғалімі: Айтқұлова Мақпал

Пәні: Математика 3- сынып

Тақырыбы:  Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталау
Білімділік  мақсаты: Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлу кестесін қайталау. Жұп және тақ сандармен таныстыру. Амалдар тәртібіне есептер шығару. Есептерді салыстыру.
Тәрбиелік  мақсаты: Алғырлыққа, тапқырлыққа үйрету. Тазалыққа, шапшаң-дыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық  мақсаты: Ақыл-ойларын дамыту. Есептеу біліктерін жетілді-ру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Есте сақтау жадыларын  дамыта тү-су.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекілігі: кестелер, парақшалар
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
1.Психологиялық дайындық.
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты
Математика болатын.
2. 2 топқа бөліну.   «Құлагер»      және    «Бозжорға»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№4.Теңдеулерді шешу.№7. Амалдарды орындау.
ІІІ.Қайталау.
1.Санды 9-ға, 8-ге, 7-ге  көбейтуді қайталау.
2.Өткенді пысықтау. Компоненттерді табу жолын еске түсіру.

Бөлінгіш

81

63

56

49

 

42

 

72

Бөлгіш

 

9

 

7

6

7

6

 

Бөліндінің мәні

9

 

8

 

6

 

9

9

 

Көбейткіш

5

9

9

1

9

 

 

7

Көбейткіш

 

 

 

 

8

7

8

7

Көбейтіндінің мәні

45

63

0

8

 

42

56

 


І\/.Математикалық көркем жазу. 8, 9 цифрын көркемдеп жазайық. 1-2 бала тақтаға жазады.
\/.Ұжымдық жұмыс. №1.Есептерді шығарып, есептің құрамды бөліктерін са-лыстыру. Әр топтан бір оқушыдан  шығып орындайды.
 Ш:                                                                   Ш:
Ұшақ – 18                                                       18:6=3 (т)                           
Тікұшақ - ?, 6 есе кем                                    Ж: Әуежайда 3 тікұшақ бар.
Ұшақ – 18                                                       18-6=12 (т)                           
Тікұшақ - ?, 6-уы кем                                    Ж: Әуежайда 12 тікұшақ бар.
№2.
Ш:                                                                   Ш:
Самат– 40 ұпай                                             40+3=43 (ұ)                           
Дархан - ?, 3-еуі артық                                 Ж: Дархан 43 ұпай жинады.
Әдия – 40 ұпай                                             40*3=120 (ұ)                           
Ғалия - ?, 3есе артық                                 Ж: Ғалия 120 ұпай жинады.
\/І. «Кім тапқыр?» ойыны. №3. а) Әйнекшенің орнына сан қою. Үлгерімі тө-мен оқушылармен жұмыс.
\/ІІ.№3.ә) Топпен жұмыс.
«Құлагер»   тобы                                                        «Бозжорға» тобы

2-ге қалдықсыз бөлінетін бір таңбалы сандар

2-ге қалдықсыз бөлінбейтін бір таңбалы сандар

0, 2, 4, 6, 8

3, 5, 7, 9

 

\/ІІІ. Бой жазу жаттығуларын орындау.

     Еркін  ұста денеңді,                                 

     Тарсылдатпай еденді,

     Орнымыздан тұрып ап,

     Жүгірейік бір уақ.

     Бір,екі,үш,бір,екі,үш.

    Аяқты алға созайық,

    Тік  көтеріп, қозғайық.

    Тым сылбыр да болмайық,

     Алға қарай озбайық,

     Бір, екі,үш,бір,екі,үш.

ІХ.Оқулықпен жұмыс.
1.Жұп сандар және тақ сандар туралы түсінік беру.
2.№4.      1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген.
1-топ: Жұп сандарды  2,3,4 есе арттыру.
2-топ: Тақ сандарды  5,6,7,8 есе арттыру.
Х. «Ойлан, шапшаң есепте». №5. Амалдарды орындау.
1-топ:                                                        2-топ:
(9+71)*10=8           5*9-5=40                  (300+50):10= 35             7*7-7=42
9*(19-11)=72          6+8*6=54                 (20+5):5=5                      8+8*8=72
(10-0):5=2               16:8*100 =200         48:(18-10)= 6                  9:9+9=10
ХІ. Өз бетімен жұмыс.№7.Шамаларды түрлендіру.
1-топ:                                                 2-топ:
1 сағ 30 с=3630 с                              1 сағ 30 мин=90 мин
1тәул. 14 сағ=38 сағ                         1 мин 32 с=92 с
1 сағ 17 мин=77 мин                        2 тәул. 16 сағ=64 сағ
ХІІ. «Сандар құдіреті». Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыру.

   1  0  3  4  5  6  7  8  9

          0    7    8    9

81   63   72   1   36   54    56   0

ХІІІ. Қосымша есеп шығару.
1. Топқа тапсырма. Салыстыру.
16:4*16-4                                             85-65*4*5
9*4*7*4                                                3*5*6*3
36:4*2*4                                               8*4*20+14
4*8*8*4                                                35:5*21:3
2. «Бәйге» ойыны. Дарынды оқушыларға  лездік  сұрақтар қойылады.
«Бозжорға» тобы
1. 5 ондықты 3есе арттыр. (150)
2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан. (201)
3. 6 ондықтан 2 есе артық сан. (120)
4. 1 дм -де неше см бар? (10 см)
5. 30 бен 50 - дің қосындысы. (80)
6. 35 алмұрт ағашы, 7 алма ағашы бар. Алма ағашы алмұрт ағашынан неше есе кем? (5 есе кем)
7. Бірдей 9 жәшікте 54 кг жүзім бар. Бір жәшікте қанша кг жүзім бар? (6 кг)
8. 40 л сүтті 5 литрден  бөліп құю керек. Неше ыдыс керек? (8 ыдыс)
9. Кесіндінің төрттен бір бөлігі 8 см. Кесіндінің тұтас ұзындығы нешеге тең? (32 см)
10. Байламда 9 кітап, ал қорапта 3 есе артық кітап бар. Қорапта қанша кітап бар? (27 кітап)
«Құлагер» тобы
1. 3 ондықты 2 есе арттыр. (60)
2. 93 -тің алдында келетін сан. (92)
3. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)
4. 90 мен 40 -тың қосындысы? (130)
5. 7 ондықты 2 есе арттыр. (140)
6.Тиін 3 бұтақтың әрқайсысына 7- ден саңырауқұлақтар ілді. Бұл бұтақтарда неше саңырауқұлақтар бар? (21)
7. Қандай сандардың көбейтіндісі 15- ке тең?(3 пен 5)
8. Егер бірінші көбейткіш 6, екіншісі 2 болса, көбейтіндінің мәні неге тең? (12)
9. Гүлжан  ұзындығы 36 м лентаны 4 бөлікке бөлді. Бір бөліктің ұзындығы қанша метр? (9 м)
10. Сөреде  56 кітап жинаулы тұр. Ал үстелде одан 7 есе кем кітап жатыр. Үстел үстінде неше кітап жатыр? (8 кітап)
Ойында алға шыққан бала «жеңімпаз» атанып, еліміздің туын көкке көтереді.
ХІ\/. Шығармашылық  жұмыс. Әр қорапта неше доп?  (6 доптан)
Х\/. Қорытындылау.
Х\/І. Үйге: №6. Тік төртбұрыштың периметрін табу.
Х\/ІІ. Бағалау.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық.
Есептерді шығарып
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық!- деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалау.
Күлімдеген күн –«5»
Мұңайған күн –«4»
Жылаған күн –«3»

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз