Өлең, жыр, ақындар

Қатыгездік қайдан шығады?

Алматы облысы

Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі»

Құлынбай Ажар Қалиқызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Қатыгездік қайдан шығады?

Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымды шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: Кездесу, пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик

Қатысушылар: 10 а  сынып оқушылары

І. Кіріспе сөз

ІІ. Видеоролик

ІІІ. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

ІҮ. Мен заңды қаншалықты білемін?

V.  Қылмыскер бала қайдан шығады?

VI. Қорытынды

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Қатігездік қайдан шығады?» атты пікірталас кешімізге  қош келдіңіздер!

Пікірталастың негізгі мақсаты: құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І. Құқық туралы түсінік

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

 Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

IІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

 Ауыл   іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?

2. Кім қалай бұзды ?

3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?  

ІІІ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?” 

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі

    сатылады.

2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып   

    келе жатыр.

3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп  жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді

 Жүргізуші:  Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік ұстанымын ұстануы тиіс. Дамыған қоғамда тәртіп пен жинақылық ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениет­сіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің мәні мен сәніне селкеу түсіреді.

 

ІV.“Заңсыз   арал” 

- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? 

Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық. 

V.“Қызыл, сары, көк ауыл” ойыны 

Жер  енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір. күні аспаннан  әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі  қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента  алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?

VI.“Қатыгездік қайдан шығады?”

ҮІІ.«Тілек шамы».
Мақсаты: рефлексиялық қорытынды. Бүгінгі алған әсерлеріңізді 3 сөзбен ғана жеткізу.
Жүргізуші: «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жасөспірімдерді жаңа заман талабына сай бейімделуіне,қисық жолдан аулақ болуға, .жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын..

        Олай болса, кеш соңында колледжге жиі келіңіздер. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Жанұя мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар дегіміз келеді. Бүгінгі кешімізді өткізуге атсалысқан ата - аналарға, ұстаздарға, оқушылар сіздерге рахметімізді айтамыз.      

 

 

VIIІ. Қорытынды

“Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Нұрлы жол – болашаққа бағыт ” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – жақсылыққа  жақсылық – әр кісінің ісі, ал жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін. 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз