Cыныбы: 6
Пәні: Қазақстан тарихы.
Тақырыбы: Қаңлылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға қаңлылардың қоныстанған жері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, саяси жағдайы, өнері, діні, тарихи археологиялық деректері жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың тарихи материалдарды меңгеру, салыстыру, қабылдау жәнә білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, тарихи сауаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әнгімелеу, сұрақ- жауап, ой қозғау, пікір алысу.
Пәнаралық байланыс: дүнеие жүзі тарихы.
Сабақтың көрнекілік құралдары : карта, кестелі суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеу, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
III. Жаңа сабақ
Жоспары:
1 – тапсырма: Кестені толтыр.
Қ а ң л ы л а р |
|
Хронологиялық шеңбері |
Б. з. д. ІІІ – ІІ ғасырлар мен б. з. V ғасыр аралығы. |
Негізгі мекендеген жері |
Сырдария өзенінің орта ағысы.( Қазақстанның оңтүстігі). |
Ел билеушісі |
хан |
Астанасы |
Битьянь |
Қаңлылар туралы деректер |
Қытай жазбаларында кездеседі. Сыма Цянь «Тарихи жазбалары», «Цянь Ханьшу». |
Қытай деректері бойынша |
600 иың адам, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. |
Солтүстіктегі көршілері |
Сарматтар мен аландар.
|
Қаңлы елі экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған елдер. |
Қытай, Рим, Кушан. |
2 – тапсырма: Сөйлемдерді толықты
Қаңлы елінің билеушісі - ....................... . Ел басқаруға оның үш орынбасары - .................................... көмектесіп отырды
Қаңлы елі ................... иелікке бөлінді. Әр иелікті ....................................... басқарды. Кіші хандарға бағынатын тайпаларды .................................. басқарды. Көсемдердің лауазымы ................................................. берілді.
3 - тапсырма: Үйсіндердің шаруашылығы туралы әңгімеле.
IҮ . Жаңа сабақты бекіту
Сұрақтары:
1.Қаңлылар қай ғасырларда өмір сүрген?
2. Қаңлы ескерткіштерін ата?
3. Қаңлылардың негізгі шаруашылық түрін ата, қосымша кәсібі қандай?
4. Қаңлыларда не өндіру жақсы дамыған, орталығы қай қала?
5. Қаңлы жерінен табылған теңгелер саны қанша?
V. Қорытынды
Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, пысықтау, толықтыру және қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма
Үйсіндер тақырыбын толық оқу, қосымша материалдар жинақтап тест құрау.
VII. Оқушылардың білімін бағалау
Оқу ісінің меңгерушісі:___________________
Аружан
Өте қызықты көп рахмет!!!
Нұр
өтте сауатты құрастырылған сайт