Өлең, жыр, ақындар

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Мемлекеттік

комуналдық мекемесі № 9 орта мектебінің

Тарих пәні мұғалімі: Сулейменова Азиза Атабекқызы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сабақ барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі шаруашылық түрлеріне тоқтала отырып, қазақ ауылы, баспанасы, негізгі шаруашылық түрлері туралы толық мәлімет алады;

Дамытушылық: Оқушылар әр түрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық бағыттарын талдай отырып, логикалық ойлау машығын дамытып, тарихи материалдармен жұмыс істеуге үйренеді;

Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі оянады, эстетикалық талғамы қалыптасады, ата-баба дәстүрлі шаруашылық түлерін нақтылайды.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, іздену, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: постер, презинтация.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру;Оқушылармен амандасып, түгендеу, сыныпты конфеттер арқылы топқа бөліп (киізүй, егіншілік, аң аулау). Топ басшылары сайланады. Бағалау парақшасы үлестіріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сыр бой қазақтарының 19 ғасырдың 50 жылдарындағы азаттық күресті басқарған: Ж. Нұрмаханбетұлы
2. Жанқожа бастаған күрестің жаншылған жылы: 1860 жыл
3. 1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: сұлтан Жантөрин
4. 1858 жылы қырғыз - қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер: Пішпек түбі
5. Ж Нұрмұхамедұлы Бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 ж
6. 19 ғ. 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет батыр
7. 1858 ж наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі: Әулие ата маңында болды
8. Есет бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөре ұлы
9. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдары мен ымыраға келу арқылы

Мұғалім сөзі: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшінде кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай тарихтың әр тарауына үңіле қараумыз керек, себебі әр бөлігінде ата-баба аманаты жатыр. Олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы»

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қазақ ауылы. Тұрғын үйлері.

2. Мал шаруашылығы. Мал емдеу тәсілдері.

3. Егіншілік кәсібі. Шөп шабу.

4. Аңшылық. Балық аулау кәсібі.

Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде – ауылдарда тұрды.Көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шарушылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы  жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді.

Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда кедей қазақтардың қысқы баспанасы болды. Неміс ғалымы Ф. Фон Щварц былай деп жазды: Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден –бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін  арнаулы  шеберлер – үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін.

Мал шаруашылығы. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлердегі ірі қара, түйе және уақ мал – қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтардың ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті.

Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардаң немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын.

IV. Сабақты талдау

Бүгінгі  өткен жаңа тақырыбыз бойынша жебере лақтыру арқылы топ басшылары келіп таңдап  топтарға тапсырмалар беріледі. 1. Инсерт әдісі, 2. топтастыру әдісі, 3. фишбоун (балық қаңқасы) әдістері бойынша, мәтінмен танысып, талдап, қорғап шығу керек.

1 тапсырма.  

1 топқа(Киз үй) - Қазақ ауылына сипаттама бер. Тұрғын үйлерін суретте.

2 топқа(Егіншілік) - Мал шаруашылығын түсіндір. Малды емдеу тәсілі.

3 топқа(Аң аулау) - Егіншілік кәсібі, аңшылық, балық аулау кәсіптері.

 

2 тапсырма. Терминологиялық диктант  мәнін ашып, ерекшелігін неде екенін тауып дәптерге жазу керек.

Өрт қою-

Жұт-

Атпа шығыр-

Шешек қарасан–

Жоңышқа-

Шикі кесек-

V. Сабақты бекіту.

Дискуссиялық өрнектер

 

                                                                   Келісемін           Келіспеймі

1.Шағын елді мекен ауыл деп аталды.                  +

2. Киіз үй ішіндегі құрметті орын - босаға                                       -

3. Қыстатұратынбаспана -  шатырүй                                               -           

 4. Қазақтыңбастыбайлығы-қой                              +

5. ХІХ ғ. ең ірі бай адам-  Азынабай                       +

6. Ең сұрапыл жұт 1880жылы болды.                    + 

7. Шөп айырмен шабылды.                                                           -

8. Шымкент, Перовскіде мақта өсірілді                  +     

9. 1903жылы Арал поселкесіпайдаболды-

VI. Қорытындылау.

Рефлексия: Нысана стикер арқылы бағалау нысанын толтыру, талдау.

Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру: §24 Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Тақырып бойынша 10 тест құрастыру.

“Бақташы қазақ өмірінің бір күні” атты әңгіме құрастыру.


Пікірлер (2)

Султан Карима

Сәлеметсіз бе маған "Бақташы қазақ өмірінің бір күні тақырыбына шағын әңгіме керек еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз