Өлең, жыр, ақындар

Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкөніс өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы. Маңызды көкөніс дақылдары

Мұнайлы ауданы № 2 орта мектебі

Өткізген: Утегенова Жибек

 

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік мақсаты: іскерлігін, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Әр түрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту

Дамытушылық мақсаты: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, есте сақтау байқағыштық қабілеттерін арттыру.  іскерлігін, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Әр түрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, еңбек етуге тәрбиелеу. Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.

Сабақтың типі: топтық, білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, көрсету, сарамандық жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схемалар, суреттер, үлгі, т.б.

Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, өзін-өзі тану, музыка, математика.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, сабаққа дайындығын, үй тапсырмасын  тексеру.

Оқушылар ІІ топқа бөлініп  отырады.  Топ басшылары сайланады. Топтың аты жасырылған алдарында карточка бар соны сандар ретімен дұрыс орналастырсса, топтардың аттары шығады. Анаграмма. І топ «Көкөністер», ІІ топ «Дақылдар» тобы.

«Жүректен-жүрекке»: топ мүшелері бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектерін арнайды.

- Мен сағана сәттілік тілеймін! Мен саған зеректілік тілеймін!

- Мен саған шығармашылық табыс тілеймін! Ұстаздардың мақтанышы бол! ...

Педагог: - «Ақыл көпке жеткізер, өнер көпке жеткізер» - дегендей, оқушылар тамаша шебер болуларыңа тілектеспін.

Ми шабуылы

Екі топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырып, шешуіне (шешімін тапқан топ) байланысты қолданатын қауіпсіздік ережелерін және сол туралы мағлұмат айтып шығады.

Жұмбақ жасыру

  1. Екі басты жалмауыз,

   Келіп аузын ашады.

   Алдына түскен нәрселер,

   Өзінен-өзі қашады.   (қайшы)

  • Қайшыныы біңреуге бергенде қолға кигізетін дөңгелек жағын қаратып (сап)қаратып беру керек. Қайшының жүзін жауып, арнайы орында сақтау керек.

2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.  (сәбіз)

3. Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.   (қызанақ)

4. Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты...         (қияр)

5. Аласа ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар.         (қырыққабат)
6. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.  (қызылша)

7. Қиярмен қызанақты қалай сақтауға болады?
8. Қызанақтың түр сипатына қарай қандай болып келеді?
9. Көкөніспен жемістің айырмашылығы неде?

ІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.  «Ой қозғау стратегиясы»  (интерактивті тақтадан көкөніс  дақылдары, олардан жасалатын заттар  және    көкөніс, жемістерді сақтау жолдары туралы бейнежазба тамашалау).

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулық мәтінімен жұмыс.

Топтағы оқушыларға сұрақтарға өз ойларын жазу. Жазып болған соң топ мүшелері ауызша жұмыстарын қорғайды.

І топ - Көкөніс дақылдары олардың маңызы, түрлері» шағын хабарлама дайындау.

ІІ топ. - Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкөніс өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы» жайында шағын хабарлама дайындау.

І топ.  «Көкөніс». Дәруменге бай. Шырын, сусын дайындайды. Тосаптар дайындайды. Тұздайды. Салаттар, тамақ дайындайды. Маринадтайды.
Көкөніс дақылдары, тұқымдары: орамжапырақ, сәбіз, қант қызылшасы, картоп, рапс, зәйтүн, қыша т.б. Орамжапырақ түрлері: ақ қауданды, қызыл қауданды, кольраби, брюссель, гүлді, савой, пекинді, жапырақты. Құрамында ақуыз, көмірсу, С, Р, К, Д, РР витаминдері болады. Гүлді орамжапырақ 1 жылдық көкөністік дақыл. Биіктігі 70 см. Жемісі бұршаққын. Жылу талғамайды. Төмен температурада өседі. Көлеңкеде болса, ұзарып өседі. Жарық сүйгіш. Ерте көктемде ексе, жаздың басында түсімалуға болады.

ІІ топ. «Дақылдар». Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет.. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса  тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. Картоп – еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен таралған дақыл. Картоп егуге дайындықты күзден бастау керек. Ең дұрысы – картопты қияр мен қырыққабаттан кейін отырғызу. Картопты қызанақ пен кәдіден кейін егуге болмайды. Картопты күтіп-баптауға оны отырғызғаннан кейін 4-6 күн өткен соң ғана кірісу керек. Қазан айының аяғы мен қарашаның басында картоп өне бастайды. Қысқы және көктемгі кездерде пайдалану үшін картопты жазда отырғызу керек. Өндірістік мақсаттар үшін тұқымға жартылай піскен сорттарды таңдап,  картоп егуді 20-25 маусымда бастау қажет. Картопты тұрақты қоймаларда – жер қоймада, жертөледе, үй асты қоймасында  85-90% ылғалдық шеңберінде сақтаған дұрыс.

Қиярларды да егу мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізіледі, ал уақытша жабында өссе, сәуірдің соңында отырғызуға болады. Олар қатарлап егіледі. Ерте пісетін сорттар үшін қатарлар арасы – 70 см, орташа және кешірек пісетіндері үшін  – 90 см. Көктегенге дейін қатарлар арасын қопсытып, арамшөптерден бірден тазартып тұру керек. Қияр өнімін олардың пісіп жетілуіне қарай теріп отыру қажет.. Қияр өнімін пышақпен кесіп алған жөн, жұлып алу өсімдікке зиянын тигізуі мүмкін, ал ол өз кезегінде өнім беруді азайтады. Сонымен қатар, сабақтарын басып кетпеуге тырысу керек.

Алма ағзаның тазаруына жәрдемдеседі – олар ішекте холестериннің, ісіп-қызару үдерісі мен ас қорытудың бұзылуы нәтижесінде қалыптасатын зиянды өнімдермен, уыттармен және басқа да улы заттармен бірігу арқылы оларды ағзадан сыртқа шығарады.

Сарамандық жұмыс. Жасалу жолы.

3 қорап аламыз. 1-ші қорапқа тұқым себеміз. 2-ші қорапқа тұқымның алғашқы көк болып өсу деңгейінде саламыз. 3-ші қорапқа тұқымның өсіп, піскен кезін салайық. Оны күз мезгілінде жинап аламыз.

      Жер астындағы дақылдарға мыналар жатады:

  1. Сарымсақ, бұрыш
  2. Картоп, қызанақ
  3. Сәбіз, қияр
  4. Қызылша, қырықабат

Осы аталған көкөністердің жер астындағы дақылдарға дәмі ұқсас, сыртқы пішінінің ұқсастығы бірдей болады.

Жер астындағы дақылдардың ішінде пісірмей-ақ жеуге болатын түрлері сарымсақ, сәбіз.

          

Пысықтау. Ой толғаныс. Сабақты бекіту.

Сұрақтар (көкөністер тобына):

1. Астық тұқымдастардың жемісі - дәнек   

2. Көкөніс дақылдары бағалы дақылдар.  

3. Қарақат бір тұқымды, сүйекшелі жеміс 

4. Мәдени өсімдіктердің орталығын Н.И.Вавилов ашты.  

5. Құрма, ананас, банан цитрус дақылдары.  

Сұрақтар (дақылдар тобына):

1. Картоптың отаны – Оңтүстік Америка  

2. Алма, алмұрт  сүйек жемістілер  

3. Мандариннің жемісі:  жидек тәрізді гесперидий  

4. Қиярмен қызанақты қалай сақтауға болады?
5. Көкөністен жемістің айырмашылығы неде?

Бағалау.  Көкөніс суреттері арқылы жинаған ұпайлары арқылы қорытындылап бағаланады. Жайқалып сендер осы жемістердей өсіңіздер,

Білім алу жолында аямай еңбек етіңіздер
Гүлдей болып ашылып, шуақ шашып,
Әрқашан да мақсаттарыңызға жетіңіздер.

ІІІ. Қорытынды.

Сабақты қорытындылау: жаңа сабақты қорытындылау барысында кері байланыс жүргізу. Рефлексия: тақтада ілінген күннің сәулесіне өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, күннің әрбір шұғыласына іліп қояды. Оқушылар сабақ бойы меңгерген білімдерін жинақтап, бекіту сұрақтарына жауап береді. Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады және өзінің сабаққа қатысу дәрежесін бағалау ағашына белгілейді.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз