Өлең, жыр, ақындар

7 санын қосу және азайту

Алматы облысы

Балқаш ауданы

№1 Бақанас орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Есимбекова Лаззат Тоқтауовна

 

Сабақтың мақсаты: 1-10 көлеміндкгі санға 7-ні қосу және азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдылық қабілеттерін арттыру. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын,логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: сандар, дидактикалық материалдар

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талқылау, сұрақ-жауап, іздену

Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

- Армысың, шұғылалы Алтын күн!

- Бәріміз шұғылалы күндей жарқырап, бірлесе отырып жұмыс жасайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

3. Өткен сабақтағы алған білімдерін пысықтау.

"Кел ойнайық" ойыны

Балықтарды аквариумға орналастыру.

4. Жаңа сабақ

(7 саны туралы ертегі айту)

- Балалар, бүгін біз математика әлеміндегі цифрлар ауылына барамыз. Ол елде басшылық жасап, жол көрсетіп отырған ақылгөй дана болыпты. Оны сандардың данасы деп атапты. Ауыл адамдары одан кеңес сұрапты. Бірде ешқандай баласы жоқ кедей сол данаға барып, перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып былай дейді:

- Үш күннен соң түс көресің, түсіңде жеті мүшеңе жеті құт беремін,-дейді. Сөйтсе ол жеті құт жеті перзент екен. Көп күндер, көп айлар, көп жылдар өтіп кедейдің әйелі 7 ұл табады. Енді оларға қалайша ат қойсам деп данаға қайта келіп ақыл сұрайды. Сонда қария: Тұңғышының аты - дүйсенбі, екіншісін - сейсенбі, үшіншісін - сәрсенбі, төртіншісін - бейсенбі, бесіншісін - жұма, алтыншысын - сенбі, ең кенжесін - жексенбі деп қой,-деген екен. Ақылгөй дананың сөзіне риза болып кедей 7 баласын осылай қойыпты. (Ертегі ұнады ма? Ертегідегі ұлдардың аттарын ата.) Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 7 санын қосу және азайту.

Қазақта 7 саны киелі сан дейміз. 7 санына байланыста халқымызды көптеген ырымдар, нанымдыр, тиым сөздер бар.

Мысалы: 7 күн,7 қазына, 7 құт, 7 нан т.б

5. Ой қозғау

Өзіндік жұмыс

- Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосындыларды құр және мәндерін тап.

Жұппен жұмыс.

- Азайғышы 7 болатын айырмаларды құр және мәндерін тап.

0+7                     10-7

1+7                      9-7

2+7                      8-7

3+7                      7-7

6. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру.

Топпен жұмыс

1 топ

Есеп құрастыр және шығар.

Асханада 10 үлкен қасық, 7 кіші қасық бар. Үлкен қасық кіші қасықтан нешеуі артық?

Үлкен қасық - 10 ? артық

Кіші қасық - 7

2 топ

9-3     9-4

Азайғыштарды салыстыр. Азайтқыштарды салыстыр. Осыған ұқсас бірнеше айырма жаз. Олардың мәндерін салыстыр. Не байқадың?

7. Сергіту сәті

- "Қара жорға" биі

8. Өзіндік жұмыс

1-6*3+5          8-7*4+4

1+9*9-2          2+7*6-1

9. Топпен жұмыс

"Кім жылдам" ойыны

1 топ

Жеті алманың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады     (7-3)

 

2 топ

Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане,кім тез табады.  (7-2)

10. Қорытынды:

- Тест жұмысы.

Нені білеміз? (7 санының құрамын)

Нені үйрендік? (7 санын қосып, азайтуды)

11. Бағалау. "Бағдаршам" әдісі бойынша өздерін бағалайды.

12. Үйге №5


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз