Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжінің 3 курс студенті
Орунбасарова Байрамгул Қуввадовна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Барлық пәндерден білім қабілетін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Слайд, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
Сәлеметсіздерме! Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгінгі “ Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында ” атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Көнілді тапқыштар,алғырлар Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық жұрт алдына шығуларын.
Бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтсем:
1) Ж.Өтесинова
2) Г.Дәрібаева
3) К.Досанова
4) Р.Қарабалаева
5) Б.Мұханова
6) Г.Сәдуова
Келесі кезекте әділқазылармен танысып өтсек: А.Абдібаева, Н.Бердібай, С.Құрақбаева.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1- кезең. ”Бәйге”. Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең. «Дода»
3 - кезең. “Полиглот”
4 - кезең. «Жорға»
5 - кезең. “Логикалық сұрақтар”
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты«Бәйге»кезеңін бастаймыз. Бұл ойынның шарты: барлығыңа бірдей 30 сурақ қойылатын болад,сұраққа жылдамдық танытып қолдарыңызды көтеріп жауап берулерініз кажет. Әр жауап 1 ұпайдан турады.
І кезең:«Бәйге»
1 .Семей палигоны қай жылы жабылды. (1991ж.29-тамызда)
2. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды. (2003ж)
3. 2008жылы жазғы олимпияда өткен қала. (Қытай)
4. «Кіші Қазан» идеясының авторы.(Ф.И.Голощекин)
5. «Рецензия»қай елдің сөзі. (Латын)
6. 1975жылы шыққан «Азия» кітабының авторы. (О.Сүлейменов)
7. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ң қандай сыйлығымен марапатталды. (Әлем қаласы)
8. Көшпенділер трагедиясының авторы. (І.Есенберлин)
9. Ақ Орда астанасы. (Сығанақ)
10. Ең кіші планета. (Меркури)
11. Ақпараттың ең кіші бірлігі. (Бит)
12. Баж қандай мағынаны білдіреді. (саудагерлерден алынатын салық)
13. Атақты қазақ суретшісі. (Әбілхан Қастев)
14. «Диуани Хикметтің»авторы. (Қ.А.Иассауи)
15. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді. (5)
16. Қ.Р-ң Премьир министрі кім. (К.Мәсімов)
17. Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлемді не дейді. (Жалаң)
18. Қазақстанның "Шветцария"аталатын қала. (Көкшетау)
19. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж.22-қыркүйек)
20. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды. (1991,1999,2005,2011.)
21. Конституцияда не тұралы жазылған. (құқық пен міндет)
22. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер. (Керей мен Жәнібек)
23. Шоқанның әжесі. (Айғаным)
24. Түйенің пірі. (Ойсыл қара)
25. Менің атым Қожа повесінің авторы. (Б.Соқпақбаев)
26. Мұздағы би қалай аталады. (Мәнерлеп сырғалау)
27. Қажымұқанның фамилиясы. (Мұнайтпасов)
28. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (Аксиома)
29. Бұрышты өлшейтін құрал. (Транспортир)
30 .Қ.Р-ң білім миньистрі. (Аслан Тәжібаев)
ІІ кезең:«Дода»
Жүргізуші: «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар»деп халқымыз айтқандай қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Дода» деп аталады. Шарты: Экранда көрсетілген 5 пән бойынша қатысушылар қалаған бір пәнді таңдайды, әр пән 5 сұрақтан тұрады. Шарт бойынша ұпайы ең төмен ойыншы тақрып таңдайды.
1-тақырып: «Қазақ тілі»
1) Қазақ тілі синтаксисі неше салаға бөлінеді. (4)
2) Сөйлем құрлысына қарай нешеге бөлінеді. (2)
3) Бастауыш пен байяндауыштың арасындағы синтаксистік қатнас не арқылы беріледі. (интонация)
4) Зат есім дегеніміз не. (Заттың атын білдіреді)
5) Қазақ тіл білімі неше салаға бөлінеді ата. (5 Фанетика, лексика, марфология,граматика, синтаксис, сөзжасам)
2-тақырып: «Биология»
1) Адам хромасомасының саны. (46)
2) Адамды жан-жақты зерттейтін кешенді ғылым саласы. (антропалогия)
3) Ч.Дарвиннің тарихи даму эволюциясының 3фокторын ата. (Өзгергіштік,туқым қуалаушылық жене табиғи сұрыптау.)
4) Өзгергіштік дегеніміз не. (Организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларына байланысты өзгеруі )
5) Жүрек неше қабаттан тұрады,оларды ата. (3қабаттан: Эпикарт,эндокарт,диокат)
3-тақырып: «Психалогия»
1) Психалогия дегеніміз не. (Психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтарын зертейтін яғни адамның жан дүниесин жан жақты зерттейтін сан салалы ғылым)
2) Темперамент дегеніміз не. (жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктернің бірі.)
3) Кешігіп еске түсіру психалогияда қалай аталады. (Реминисценция, Ассоциация, Ассимиляция)
4) Психологияның зерттеу әдістері. (Негізгі жане Көмекші)
5) Түйсік дегеніміз не. (Адамның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын қабардар етіп отыратын қарапайым физикалық процес)
4-тақырып: «Қазақ әдебиеті»
1) А.Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді. (1845-1904жж)
2) Айтыста Жамбылдан жеңіліп қалған ақын. (Құлманбет)
3) Қазақстанда тұнғыш жазалау жылдары қай жылдары басталды. Неліктен. (1937-1938ж)
4) 1937-1938жылылғы репрессия құрбандарын ата. (А.Батұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, М.Дулатов)
5) Ж.Жабаев "Алғадай" өлеңін кімге арнаған.
5-тақырып: «Тарих»
1) "Қыш құмыралар заманы" деп аталатын дәуір. (Неолит)
2) Шынғысханның шын есімі. (Чимучин)
3) Астана қаласының 1998жылға дейінгі атауы. (Ақмола)
4) Алтын адамның қанқасы қай жерден табылган. (Есік обасынан 1969ж)
5) Қасым ханның билік құрган жылдары. (1511-1518жж)
ІІІ Кезең: "Полигот"
Ойынның шарты: Экранда көрсетілген мақал-мәтелдерге тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту кажет. Бұл ойынды ұпайы аз катысушы бастайды,екі сұрақ қойылады. Үш тілде нақты жауап беру керек,екеуінеде дұрыс жауап берсе 10ұпйға ие болады,ал кате жауап берген жағдайда сұрақа келесі қатысушы қолын көтеріп жауап беруге тиіс. Ойын шарты түсінікті болса экранға назар аударайық.!
1.Гүл өссе – жердің көркі,
....өссе – елдің көркі.(қыз-девошка-maiden)
2.Ел іші – алтын... (бесік-колыбель-crib)
3.Білімді өлсе,қағазда...қалар. (аты-имя-name)
4. ... – үлкен мектеп.(Өнер-жизнь-life)
5. ... – алтын қазына.(тіл-язык-tongul)
6. ... – отбасыннан басталады.(отан-родина-fatheland)
7. ... – білім бұлағы.(оқу-учеба-read)
8. ... – ақылдың көркі.(білім-знание-education)
9. ... – ғылым – тілсіз мұгалім.(кітап-книга-book)
10.Тіл тас жарады,тас жармаса ... жарады.(бас-голова-head)
11. ... алды – қызыл тіл.(өнер-искусство-art)
12. Ердің ... сөйлегені өлгені.(Екі-два-two)
Сөз кезегін әділқазыларға берсек. Ойынның шарты бойынша ұпайы ең төмен бір ойыншы ойыннан шығады.
IV.кезең: "Жорға"
Ойын шарты: Экранда көрсетілген тақрыптар бойынша ұяшықтар берілген, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап бере отырып ұяшықтағы ұпай санына ие боласыз.
Салт дәстүр:
10. Құрбан айт ораза айынан кейін неше күн өткен соң болады. (70)
20. Жігіт жағынан келген қалың мал мөлшермен қарайлас,ұзатылған қызға берілетін мал – мүлік қалай аталады. (жасау)
30. Ерулік дегеніміз не. ( Ерулік дегеніміз - ауылға жаңадан қоныс аударып келген отбасыны ауыл тұрғындары өз үйлеріне шақырып, ас беру салты.)
Қазақ тілі:
10. Фанетика дегеніміз не. (тіл білімін жан- жақтызерттейтін ғылым саласы)
20. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегенім,деген сөздерден соң не қойылады. (сызықша)
30.Атау сертікте тұрып заттанған басқа сөз таптары қандай қызмет атқарады. (бастауыш)
Әр түрлі:
10. Қазақстанда халық ең көп шоғырланған облыстар. (Алматы.Шымкент)
20. Ең семіз палуандар кай елде. (Қытайда)
30. "Қыз жібек" көркем филіміндегі Қыз Жібек бейнесін жасаған кім. (М.Өтекешова)
Келесі сайсымыз "Логикалық сұрақтар " бұл кезеңде сонғы екі қатысушы қатысады яғни көшпашыны аныктайтын боламыз.
V. кезең:«Логикалық сұрақтар»
1. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ қарағып бөлгендер
Бірін-бірі қуғандар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (Шахмат)
2. Жұп фұнкцияның графигі қай оске караганда симетриялы.(ординаталар осі)
3. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (Аксиома)
4. Екі санның қосындысы 5ке тең,айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар. (5 пен 3)
5. Үстел үстінде 3стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды.(үш стакан)
6. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20минут ұшады да,қайтарда 80минут ұшады. Себебін түсіндір. (Екеуі бірдей 1сағат 20мин=80мин)
7. Үш май шам жанып тұр,екеуін сөндірсе нешеуі қалады. (екеуі, біреуі сөндірлмегесін жанып кетті)
8. Мектепке келе жатқан 6 балаға қарсы жолда тағы 2 бала жолықты.Мектепке неше бала барады.(6 бала)
Қорытынды: Міне біз "Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік"шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.
Келешек білімді ұрпақ қолында екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын.Еліміздің ертеңі,Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек кана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды айяқтаймыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі