Өлең, жыр, ақындар

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің  
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Лукпанова Лайлим Сериковна

 

 

 

 

Пәні:

   Қазақ тілі. 4 сынып

Тақырыбы:

   Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а)ақпараттық құзіреттілік

ә)коммуникативтік құзіреттілік

б)проблеманы шешу құзіреттілігі.

 

 

 

   Бірыңғай мүшелердің арасына тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету.

 

   Тақырыптан алған білімдерін  тілдесімде қолдана білуді қалыптастыру

 

  Сөйлемде бірыңғай мүшелердің  тыныс белгісін қоюға,жаттығу жұмысы кезінде өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру

Сабақта қолданылатын пед. технологиялар:

   Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың түрі:

   Аралас

Сабақтың әдісі:

   Сөздік, көрнекілік, практикалық, талдау

Пәнаралық байланыс:

  Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын тілі

Оқыту құралдары:

   Ж.Балтабаева.4-сынып «Қазақ тілі»1-бөлім

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру бөлімі

Сынып бөлмесінің тазалығын,сабаққа дайындыған тексереді. Оқушылардың оқу құралдарының әзірлігін тексереді.

Оқушылармен амандасып, кезекшіні анықтайды

Сынып сабаққа оқу құралдарын әзірлейді. Мұғаліммен амандасып, сабаққа назарларын аударады.

Оқушылар сыныпты, оқу құралдарын сабаққа әзірлеп, зейіндерін аударады.

II.Үй тапсырмасын 

тексеру.

Бірыңғай мүше дегеніміз не?

 

 

Бірыңғай мүшелері бар сөйлем құра.

 

Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздер.

Мейрам күні сыныпта ақ,көк, қызыл,сары шарлар ілінді.

Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

Бірыңғай мүшелерді қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіреді.

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды игерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

3-жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-жаттығу.

 

IV.Жаңа материалды бекіту.

Шығармашылық тапсырма

Тиісті әріптерді қойып, жасырын сөзді тап. 

Топтық тапсырма:Iтоп:Жасырын сөзді қатыстырып сөйлем құра.II топ: Кемпірқосақ түстерін ағылшын тіліне аудар.

Мәтінді оқы. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай жалғаулықтар арқылы байланысып тұрғанын анықта. Олардың арасындағы тыныс белгісіне назар аудар.

 

 

 

Жаттығуда жалғаулықтар арқылы байланысқандықтан, оқушыларға жаңа ережені таныстырады. Олардың қолданылуын түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

Бірыңғай мүшелердің әрқайсысының арасына да, де, та, те жалғаулықтарының тиістісін қойып жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырай ашылды

Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды.

 

 

Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.  Бірыңғай мүшелерді тауып, астын сыз.

Қандай бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмаған?

Неліктен?

3 – жаттығуда мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмаған. Мұғалім себебін түсіндіру үшін жаңа анықтамамен таныстырады.

 

 

 

Өлеңді оқы. Бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.

 

Қандай бірыңғай мүшелердің арасына тыныс белгісі қойылмады?

Не себепті?

«Сиқырлы сандар»

Ойынның шарты бойынша Тақтаға қалташа ілінеді.Қалташаның ішінде сандар жазылған,сандарды таңдау арқылы  қайталауға байланысты сұрақтар мен тапсырмалар береді. Мұғалім оқушыларды кезекпен шығарып, сандарды таңдатып,  тапсырманы орындатады.

 

«Сенің досыңның бойында қандай қасиеттер бар?» тақырыбында құрамында жалғаулыұтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелері бар әңгіме құрап жазу.

Кемпірқосақ.

Кемпірқосақ жауыннан кейін шығады. Ол жасыл, қызыл, сары, көк түстерден тұрады.

Сары -yellow
Жасыл-green
Көк-blue
Қызыл-red
Күлгін-purple
Қызғылт-orange

 

Мектепте де, көшеде де бүлінеді.

Сотқар ма, сотанақ па кім білсін?!

Қиыңқылық та, қиыстық та, тентектік те, өркөкіректік те, қуаңқылық та жетіп жатыр.

Не ойнап, не шындап тұрғанын ешкім білмейді.

Егер да, де, та, те жалғаулықтары сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысымен қайталанып келсе, арасына үтір қойылады. Мысалы:Клуб ауласынан балалар да, ересектер де, қарттар да көрінеді. Оқушылар қазақ тілін де, шет тілін де игеруі тиіс.

Біздің ауыл сыртында жусан да, изен де, ажырық та өседі.

Бұл жерде қалың қар да, қатты дауыл да, қар көшкіні де жиі болып тұрады.

Күні-түні қолынан қағазы да, қарындашы да түспейді.

Бұл жарысқа Жұмабек те, Бақыт та, Есет те қатысады.

(жаймен тырсылдатады)

(қолдарымен күн жасайды)

(жарты доға жасайды)

Шахтинск қаласы көмір үстінде жайғасқан. Үйлер мен дүкендер,мектептер мен клуб үйі, адамдар мен машиналар – бәрі де көмір үстінде.

Көлдің батысындағы сайда жуа және жидек өседі.

Менің әжем ажарлы, ұқыпты жіне мейірімді адам еді.

Төзімділік, сабырлылық пен ептілік – адамның жеке қасиеттері.

Бірыңғай мүшелер мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысса, олардың арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Бұлардың артынан Жасұлан мен Бақыт бөлек келеді. Ол – әнші, суретші және ақын.


Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

Жырлауға қазына көп тіл жетпейтін.

Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,

Бір татсаң, аузыңнан дәм кетпейтін.

Борсық пен аю, қасқыр, түлкі, қарсақ,

Сілеусін, жолбарыспен түнде жортып.

Тулаған, аққан өзен тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып. (Ж.Жабаев)

 

1) Сөйлемнің бірыңғай  мүшелері дегеніміз не?
2) Сөйлемде  бірыңғай  мүшелердің  арасына не қойылады?

3)Үлгілі оқушы күнделігін,оқулығын,дәптерін таза ұстайды.

Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тап.

4)Бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлем құра

5)Бүгін күн шайдай ашық және жылы.
Бірыңғай мүшелер қай сөз табымен байланысқанын көрсет

6)Бірыңғай мүшелер арасында қай кезде үтір қойылмайды?.

7) Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелерге сөйлем құра.

Әр оқушы өз досының мінезін, сырт келбетін, сөйлеу мәнерін, жалпы бойындағы жеке қасиеттерін сипаттап шағын әңгіме жазады.

Тиісті әріптерді қойып, жасырын сөздерді табады, сөйлем құрайды.

Кемпірқосақ түстерін ағылшын тіліне аударады.

 

 

 

 

 

 

Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қандай жалғаулықтармен байланысып тұрғанын анықтайды.

 

 

Жаңа ережемен танысады, жазып алады. Сөйлемді да, де, та, те жалғаулықтарын қолданып құрап үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерге тиісті жалғаулықтарды қосып жазады.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтіне қатысып,бойлары мен ойлары сергиді,сабақ барысының жалғасына зейіндерін аударады.

 

Сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді табады. Қай бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмағанын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа анықтамамен танысып, жазып алады.

 

 

 

 

Өлеңнің ішінен бірыңғай мүшелерді тауып, араларына тиісті тыныс белгілерін қояды.

 

 

 

 

Ойын ойнау арқылы бекіту сұрақтарына жауап береді.

Әңгіме жазу арқылы бірыңғай мүшелерді тілдесімде дұрыс қолдануға, тыныс белгілерін дұрыс қоюға, сауатты жазуға бейімделеді.

V.Үйге тапсырма беру

Оқушыларға үй тапсырмасынабірыңғай мүшелер  тақырыбын  қайталау.5-6 жаттығу,

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алып, түсінбеген тұстарын мұғалімнен сұрайды.

Үй тапсырмасын алады.

VI.Бағалау Қорытынды

Оқушыларды сабаққа араласқанына қарай  бағалайды.

Сабақты қорытындылап, аяқтайды.

Оқушылар бағаланады,бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Сабақ қорытындыланғаннан соң мұғаліммен қоштасады.

Оқушылар өз дәрежесінде бағаланады.

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттерді орындай отырып, сабақ өз мақсатына жетеді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз