ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы
Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологі
Балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын-алу
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын-алу».
Зерттеу мақсаты: Жеке тұлға мен топтың өзара әрекет ету тәсілін зерттеу, келеңсіздіктердің алдын-алу.
Зерттеу міндеттері:
1.Өзіне талдау жасай білуін қалыптастыру.
2. Жаңа өзекті тақырыпқа зерттеу бағдарламасын құру, теориялық кезеңнің жұмысын айқындау бағдарламасын құрып, бекіту.
3. Оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын анықтау.
5. Өз құқықтарын қорғай отырып, жоғары нәтижеге жету.
Зерттеу обьектісі: 8-10 сыныптар
Зерттеу пәні: Келеңсіздіктің алдын алып, оқушылардың немен айналысатынын бағдарлау.
Зерттеу болжамы:
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттері.
Зерттеу әдістері: Эксперимент барысында құқықтық сауаттылығын, нашақорлыққа көзқарасын зерделеу, бақылау, байқау әдістері қолданылды.
Бақылау – зерттелінушінің танымдық белсенділіктерін анықтау.
Салыстыру - құқық бұзушылықтың зиянды жақтарын нақты жағдайға байланысты айқындау.
Өлшеу – нақты жағдайларды елестете отырып, жаман ниеттерге бармауын қадағалау. қадағалау.
Эксперимент – күнделікті жағдайда баланың есіне өмірде болып жатқан қатерлі жағдайларды ескерте отырып, бойларын аулақ ұстауға дағдыландыру. Құқықтық сауаттылықтарын, ақпараттық деңгейлерін жетілдіру.
Кездесетін қарама-қайшылықтар
II- кезең Зерттеушінің сынақ тәжірибесі (2013-2014 оқу жылы)
2013-2014 оқу жылы бойынша тәжірибе эксперименталдық жұмыс бойынша бірінші кезең жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысымның басында бірінші кезекте оқушылардың «Сіз бөтен адамның әсеріне қаншалықты жиі ұшырайсыз?» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнамаға 8а, 8ә сынып оқушылары, барлығы 30 оқушы қатынасты. Нәтижесінде оқушылардың 65,2%-ы 6 баллдан жоғары жинап отыр. Ол дегеніміз бұл балалардың қулықтың үлкен қорына ие, алдау мүмкін емес десе, 21%-ы 3-6 балл жинап, керемет ақылды, оны алдау мүмкін емес, бірақ өтірік айтуға бейім екенін көрсетсе, 14%-ы 3 баллдан төмен жинап, өздерінің сенгіш және оңай адастыруға болатынын, енжар екендіктерін көрсетті.
8-10 сыныптардың арасында өткізілген «Жасөспірімдердің нашақорлыққа көзқарасын зерделеу» сауалнамасы өткізілді. Сауалнамаға барлығы 112 оқушы қатынасты. Таратылып берілген сауалнамаға «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген жауаптар берілді. Нәтижесінде «салауатты өмір салты» дегенді оқушылардың 90%-ы «ішімдік ішпеу», 70 %-ы «шылым шекпеу», 100%-ы «спортпен шұғылдану, наша пайдаланбау» деп, 20%-ы «толық тамақтанбау» деп есептейді.
Нашаны пайдаланып көрмедік, болашақта да пайдаланғымыз келмейді, ол адамды тәуелді етеді деп ойлайды. 30%-ы «кезекті нашаны пайдаланбауға болады, нашаны қолданбау адамның өз еркіне байланысты» десе, 70%-ы «мүлде татып көрмеу керек» деп есептейді.
«Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын зерделеу» сауалнамасын 8-10 сынып оқушылары қатынасты. Қойылған сұрақтарға сәйкесінше жауаптың бір нұсқасын белгілеу керек. Мұнда жалпы сыныптар бойынша құқықтық ақпараттылық деңгейлерінің ортадан төмен екені байқалды. Сынып жетекшілермен сынып оқушыларына құқық туралы білімдерін кеңейту туралы ұсыныстар беріліп, ауыл учаскелік полициямен кездесулер ұйымдастырылды.
Жасөспірімдердің АҚТҚ\ЖҚТБ туралы ақпараттық деңгейлерін зерттеу мақсатында 8-11 сыныптан барлығы 153 оқушыға сауалнама жүргізілді.
Мұның нәтижесін төмендегі мониторингтен көруге болады. (%)
Бұл зерттеудің нәтижесінде 9а, 10а, 11-сыныптардың АҚТҚ\ЖҚТБ жөнінде ақпараттанғанын түсінуге болады. Жалпы алғанда оқушылардың АҚТҚ\ЖҚТБ жөніндегі ақпараттық деңгейлерінің төмендігін көруге болады.
«Мектебіңіздегі құқық бұзушылық фактілері туралы не білесіз?» сауалнамасына 9-сыныптардан 17 оқушы қатынасты. Зерттеу нәтижесінде 89%-ы білмеймін, 11%-ы әр түрлі қылмыстарды байқап жүрмін деген. «Мектебіңізде бопсалау фактілері кездесе ме?» деген сауалға 95%-ы десе, 5%-ы менде кездеспеді, жалпы бар сияқты деп жауап берді. «Сіздің ойыңызша жасөспірімдерді қылмысқа не итермелейді?» деген сауалдың жауабын мына мониторингтен көруге болады:
«Балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын-алу» зерттемесінің қайталауы сәуір айына жоспарланып отыр.
Қорытындылай келе:
Жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге мұғалім тәрбиесі ғана жетекілікті десек, кем өлшегеніміз болар еді. Олардың өмір тәртібіне көзқарасы ата-анасы арқылы қалыптасып, өзге тәрбие жүйесі арқылы әсер етеді. Оқыған әдебиеті, баспасөз материалдары, теле-радио хабарлары, көрген фильмдері білім қорын молайта түседі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында: «ата-аналар балаларының өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» деген. Осыған орай ата-аналар қоғамдық ортаның ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтерулері қажет деп санаймын. Оқушылармен қатар ата-аналардың құқықтық сауаттылықтарын анықтау барысында түрлі сауалнамалар өткізіліп, зерттелді.
Аталған жұмысымызда кемшіліктер де кездесіп отырды. Бұл кемшіліктерді біз оқушының денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, ата-ана, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасасақ оқушының әлеуметтік дағдыларын дамытуға, келеңсіздіктердің алдын-алуға, оқушыларға бағыт-бағдар беру, қоршаған ортаны түсінуге бейімделуін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жеткізуіміз мүмкін.
Келесі кезекте өзіме нақты кездесіп отырған кемшіліктермен жұмыс жасау керектігін жоспарлауды ұйғардым. Бүгінгі таңда зерттеу жұмысынан тиімді деген ой-пікірлерімді жеке тұлға мен топтың өзара әрекет етуінде міндетті қолданамын .
ӘДЕБИЕТТЕР
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі