Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

Амангелді атындағы орта мектебі КММ
І санатты МАД сынып жетекшісі Мусалимова Шынар Ғабитовна

 

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: Күз туралы сөйлеу қабілетін жетілдіру, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру.

Міндеттері:

  1. Күз қабілетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету
  2. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру
  3. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың әдістері: ой қозғау, топтасыру, галереяны шарлау.

Сабақтың көрнекіліктері: Орман суреті, автобус, аңдар, жемістер, көкөністер, жыл мезгілдері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

І. Шаттық шеңбері

ІІ. Саяхат сабақ

ІІІ. Ой қозғау

Балалар, біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Орманға бару үшін автобусқа мінеміз. Киімімізді киеміз, ал отырамыз. Автобустың ішінде мен сендерге жұмсақ жасырамын.

Жұмбақ.

Ой қозғау.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл күз кезде болады.

Мұғалім: орман ішінде көптеген аңдар, құстар тіршілік етеді. Орманды аралау үшін солардың тапсырмаларын орындауымыз керек. Міне, орман кірер есікте бір аң тұр. Бұл не екен балалар? Жабайы, жыртқыш ақ қасқыр екен. Қасқырдың тапсырмасын орындайық.

IV. 1. Қасқырдың тапсырмасы:

  1. Жылдың неше мезгілі бар?
  2. Қазір қай жыл мезгілі?
  3. Күз айларын ата
  4. Күзді қандай мезгіл дейміз?

Балалар: жылдың 4 мезгілі бар. Қазір күз мезгілі. Күз айлары-қыркүйек, қазан, қараша. Күз-молшалық. Күзде жеміс-жидек, көкөністер піседі. Жемістерден қысқа тосап, көкөністерден салаттар жабамыз. Күзде астық орылады.

Мұғалім: балалар күзге байланысты қандай мақал бар еді?

Балалар: «Күздің бір күні, қыстың бір айына азық»

Қане, балалар кім қандай жемісті, көкөністі жақсы көреді?

IV. Топтасыру стратегиясы:

                              

1. Алма-жеміс, пішіні домақ, түсі-қызыл, дәмі тәтті  

Сәбіз-көкөөніс: пішіні сопақша, түсі сары. Дәрумен ретінде пайдалы.

Мұғалім: Саяхатты одан әрі жалғастырамыз. Жолда үлкен бір нәрсе қараяды, жақындап қарайық. Үлкен аю екен.

2) Аюдың тапсырамасы:

Күз туралы жақсы тақпақ білесіңдер ме?

Беқат:

Алтын сары, қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Жақын қалды желтоқсан

Жабырқайды жапырақ

Аймжан:

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ең далам

Дариядай шалқып жүр

Нұрдәулет:

Сары алтындай, сары күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек-шелек баламыз

Ағыл-тегіл ағымыз

Нұрғали:

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Расул:

Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп

Әлия:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

3) Түлкінің тапсырмасы: Қу түлкі бізге қиындау тапсырма беріпті. Күз туралы жұмбақтар шешу.

1. Ағайынды бәрі, шықса-жасыл, түссе сары. (жапырақ)

2. Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып. (бұлт)

3. Жерге тырс-тырс тамады

    Сайға қарай ағады

     Шешуін кім табады? (жаңбыр)

4. Жарты шеңбер алау күшті

    Қызыл-жасыл алуан түсті

    Көк төсінде қосақтасып,

    Жұбын жазбас қол ұстасып (кемпірқосақ)

5. Қалың киімді ұнатады

    Шешіндірсең жылатады (пияз)

6. Көк ала лағым

    Көгалда жатып семірді (қарбыз)

Ал, балалар орманға саяхатымыз аяқталды. Аңдардың тапсырмасын орындадық. Енді автобусқа мініп, саяхаттан оралайық.

V. Сергіту минуты.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

VI. Галереяны шарлау стратегиясы

Күзге байланысты суреттер салу

1. Бұлттың суреті

2. Жаңбырдың суреті

3. Жапырақтар түскен ағаштар

4. Кемпірқосақ суреті

5. Құстар жылы жаққа ұшып кетті

6. Көкөністер жиналды.

Әр оқушы өз суретін қоғайды.                      

Күн шықты

Сәулесін шашты

Бұлт жапты

Жаңбыр жауды

Кемпірқосақ шықты

VII. сабақты қорытындылау.

Қыс - құнар береді,

Көктем - дән себеді

Жаз - баптап өсірсе,

Күз - жинап береді.

Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды бағалау, мадақтау, қуанышты хабарлама беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз