Өлең, жыр, ақындар

XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры

Жумабаева Умит Жолымбетовна
математика және информатика пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы, №51 гимназия

 

Сабақтың тақырыбы: «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры»

Сабақтың мақсаты:

білімділік - оқушыларды информатика пәні бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту.

тәрбиелік топта жұмыс істей білуге, қарсыласын сыйлай білуге тәрбиелеу. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

дамытушылық оқушылардың негізгі, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту, танымын кеңейту. Теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, плакаттар, шарлар, суреттер.

Сабақ барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

2-жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер намыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

1-жүргізуші:  «Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен жарысқа қатысатын оқушыларды ортаға шығарайық.

1-жүргізуші: Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған топтар:

Microsoft Windows тобы:

1. Топ басшысыАбдурахманов Сардар

Топ мүшелері:   

2. Сапаралиева Айдана

3. Ануарбеков Абзал

4. Қайрат Гүлжанат

2-жүргізуші: Екінші тобымызды қарсы алайық!

Microsoft Office тобы:

1. Топ басшысыЗайнеденова Алия

 Топ мүшелері:  

2. Жилмаганбетова Назерке

      3. Шамшидин Данияр

      4. Тулегенова Айгерім

1-жүргізуші:  Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, - деп, бүгінгі сайысымызды құрметті әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

2-жүргізуші:

1. Информатика пәнінің мұғалімі – Жумабаева Умит Жолымбетовна

1-жүргізуші: 

Информатика пәнінің мұғалімі –  Күнтуғанова Әсемгүл

2-жүргізуші: 

3. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының информатика пәнінің оқытушысы – Жұмагулова Алия

1-жүргізуші:  Келесі кезекте бүгінгі сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар.

                                 

Ойынымыз 7 турдан тұрады:

I тур. Таныстыру

II тур. Сергіту сәті.

III тур. Кім тапқыр?

ІV тур. Сәйкестендір         

V тур. Капитандар сайысы

VI тур. Тіл өнері

VIІ тур. Кім білгір?

VIIІ тур. Кроссворд шешу

 

I тур. Таныстыру

1-жүргізуші:  Ал енді, сәт сапар тілей отырып, сайымыздың 1-ші турын «Таныстыру» бөлімін бастайық. Турымыздың шарты бойынша әр топтың топ басшылары ортаға шығып өз  тобының атауын, эмблемасын таныстырып, қорғап шығады.

(Өз топ атауын, эмблемасын толық қорғап шыққан топқа - 20 ұпай беріледі.)

II тур.  Сергіту сәті.

1-жүргізуші: Компьютер – сенің көмекшің,

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демесің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманның! – дей отырып, «Сергіту сәті» деп аталатын 2- турымызды бастаймыз. Ойын шарты: әр сайыскер топқа 10 сұрақтан қойылады. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен, және тез жауап беру керек. Әр дұрыс жауаптарыңыз 1 ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші:  І-топтың сұрақтары:

  1. Компьютермен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек (60-70 см)

      2. Көз талғанда не істейді?  (көз жаттығуларын)

      3. «Ақпарат» сөзі қай тілден  шыққан? (латын)

      4. 1 Кбайтта неше байт бар? (1024 байт)

      5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

      6. Принтер дегеніміз не? (басып шығару құрылғысы)

      7. Санау жүйесі неше топқа бөлінеді және оны ата. (2, позициялық және позициялық емес)

      8. Процессор дегеніміз не? (компьютердің негізгі құрылғысы)

      9. Пернетақта не үшін қажет? (ақпарат енгізу үшін)

      10. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды? (монитор немесе дисплей)

2-жүргізуші:  ІІ-топтың сұрақтары:

       1. Информатика нені зерттейді? (ақпараттық процесстерді)

       2. Информатика ғылымы қай ғасырда пайда болды? (ХХ ғасырда)

       3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)

       4. 1 байтта қанша бит бар? (8 бит)

       5. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықшаны қалай атаймыз? (курсор)

       6. Ақпаратты баспаға шығаратын құрылғы? (принтер)

       7. Ақпарат түсінігі қандай мағына береді? (түсіндіру, баяндау, мәлімет)

       8. Графикалық суреттерді салуға арналған программа? (графикалық редактор, Paint)

       9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс қалай аталады?  (интернет)

       10.Компьютердің ақыл-ойы? (процессор)

III тур.  Кім тапқыр?

1-жүргізуші:  Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар!–деп, сайысымыздың келесі кезеңімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Бұл турымыз «Кім тапқыр?»деп аталады. Алдарыңызға берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп информатика ғылымына қатысты ұғымдар атауларын табар екен, соны сынап көрелік. Әр табылған мағыналы сөз үшін 5 ұпайдан беріледі.

 

Көрермендер сайысы.

1-жүргізуші:  Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма? – дей келе, сайыскерлеріміз  ойланып жауаптарын тапқанша, көрермендермен сайыс өткізуді жөн көрдік.

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер, сіздерге сұрақтар қойылады. Сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз білімін шыңдаған көрерменге бізден сый-сыяпатымыз дайын.

Көрермендерге қойылатын сұрақтар:

  1. Бірінші ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалынды? (1946 жылы АҚШ-та)
  2. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус)
  3. Адам ақпаратпен не істейді? (сақтайды, ақпаратты жеткізеді, өңдейді)
  4. Ақпараттың қандай түрлерін білесіз? (мәтіндік, графикалық, бейнелі)
  5. Тышқан не үшін қажет? (компьютерді басқару үшін)
  6. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады? (интерфейс)
  7. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғыны не деп атаймыз? (сканер)
  8. Windows деген не? (терезе, ОЖ)
  9. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? (компьютер)
  10. Пернетақта қандай құрылғы? (енгізу)

Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенді қатысып отырған көрермендер марапатталады.

ІV тур. Сәйкестендір

1-жүргізуші: Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық,

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық, - дей отыра сайысымыздың екінші бөліміне көшсек. Бұл сайысымыз «Сәйкестендір» деп аталады.

2-жүргізуші:  Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Әр топтан бір-бір адам ортаға келіп, алдарыңызда берілген құрылғылардың суреттерін атқаратын қызметіне сай сәйкестендіріп қою керек. Әр дұрыс сәйкестендріліп қойылған  суретке 5 ұпайдан беріледі.

І-топқа:

1. Баспа құрылғысы              (принтер)

2. Компьютер теледидары     (монитор)

3. Жүйені басқарушы            (процессор)

4. Аз батырмалы құрылғы     (тышқан)

5. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы     (модем)

6. Ақпаратты жинақтауыш сыртқы жады            (диск)

7. Ақпаратты енгізетін электрондық-оптикалық құрылғы. (сканер)

8. Дыбыс жазу құрылғысы. (Микрофон)

9. Сақтауға арналған құрылғы. (Жады)

10. Дискілерді оқу құрылғысы. (Дискжетек (дисковод))

II-топқа:

1. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD-ROM)

2. Ақпаратты енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

3. Компьютер ақыл-ойы    (процессор)

4. Зиянды құрылғы (монитор)

5. Құрылғылар ток беретін құрылғы (қоректену блогы)

6. Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер)

7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы (компютер)

8. Сазгер қорап (колонкалар)

9. Ақпаратты жинақтауыш ішкі жады (қатты диск)

10. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы (принтер)

V тур.  Капитандар сайысы

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі турына көшсек. Ендігі кезек топбасшыларына да жетті. Сайысымыз   «Капитандар сайысы » деп аталады.

2-жүргізуші: Олай болса, екі топтың топбасшыларын ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Құрметті топбасшылар сіздерге санау жүйелері тақырыбына есеп беріледі. Сол есептерді бес минут ішінде шығарып және жауап берулеріңіз сұралады. Толық әрі дұрыс шығарылған есепке 30 ұпай беріледі. Ал егер есеп дұрыс шығарылмаған жағдайда 15 ұпай беріледі.

VІ тур. « Тіл өнері »

1-жүргізуші: Енді сайсымыздың келесі бөліміне көшейік. Бұл сайыс нағыз тапқырлыр сайысы «Полиглот» деп аталады. Қазір біздер  әр топқа бес-бестен жұмбақ жасырылады, жұмбақ шешімін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту қажет. Әр жұмбақ шешіміне 10 ұпай беріледі.

1.Жануарға ұқсас атым бар,

   Бағдар көрсетер затым бар.

   Кілемше үстінде тұрамын

   Ең қажетті тұрамын

   Ең қажетті құралмын.

                          (тышқан, мышь, mouse)

2. Төртбұрышты әйнек

    Тұнып тұрған әлем.

                           (монитор, монитор, monitor)

3. Ақпараттарды шығарады,

    Бұл құрылғы қалай аталады?

                             (баспа құрылғысы, принтер,printer)

4. Егер білсең, айта қойшы

    Бұл қандай құрылғы?

    Ақпаратты  қағаздағы

    Компьютерге енгізеді.

                              (сканер, сканер, scaner)

5. Биологияда бұл паразит

    Көзге зорға көрінер

    Информатикада өлшем бірлік

    Ақпаратты өлшер.

                                (бит, бит, bit)

6. Аса қажет өмірге халық үшін

    Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.

                                 (ток, ток, energy)

7.Жіпке ілдім мен өзім,

   Кіп-кішкентай күн көзін.

                                  (шам, лампочка, lamp)

8.Жақтаулар арқылы шектелген ақ,

   Экрандағы төртбұрышты аймақ.

                                 (терезе, окно, window)

9.Ақпаратты сақтап таратқан,

   Жұртты өзіне қаратқан.

                                 (процессор, процессор,processor)

10.Тетігін бассаң, алаңсыз

     Жазады қалам, қағазсыз.

                               (компьютер,компютер, computer)

VII тур. Кім білгір?

1-жүргізуші:  Информатика болашаққа бастайды

                                     Келешекке білім қуған жастарды

                                     Қадам басып XXI ғасырға

                                     Барлық әлем жаңалығын тастайды. – деп, сайысымыздың келесі «Кім білгір?» деп аталатын бөліміне көшеміз.

2-жүргізуші: Әр топтан бір сайыскеріміз тақтаға шығып, өзіне берілген интерактивті тапсырмасын орындайды. Тапсырманы жаңылмай, дұрыс орындаған жағдайда әр топқа 20 ұпайдан тиеді.

1-жүргізуші:  Ендеше, ортаға әр топтан сайыскерімізді шақырайық.

VIII тур. Кроссворд шешу

1-жүргізуші:  Бәріңіз маған қараңдар,

Сайысымызды жалғайық

Алуан түрлі ойларды,

Ортамызға тастайық!

2-жүргізуші: Келесі турымызда сайыскерлеріміз тақтада көрсетілген кроссордты шешу қажет. Әр топқа жеке кроссворд беріледі. Бұл турда ойыншыларымыз шапшаңдық таныту керек. Кроссвордтың әр сұрағы  үшін дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ал, іскесәт!

I-топ:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Құжат ашу, жабу құрылғысы (тышқан) 

3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

4. Компьютердің ақыл-ойы (процессор)

5. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

6. Компьютердің қандай құрылғысы адам көзіне зиян (монитор)

7. Ақпарат өлгем бірлігі (байт)

8. Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)

9. Вирусты жоятын программа (антивирус)

10. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

11. Латынның «information» сөз нені білдіреді (ақпарат)

IІ-топ:

1. Баспа құрылғысы. (принтер)

2. Санау жүйесі. (оналтылық)

3. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (файл)

4. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну. (кодтау)

5. Компьютер ауруы.(вирус)

6. Дисплей басқаша қалай аталған? (монитор)

7. Ақпараттық процес. (сақтау)

8. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)

9. «Кибернетика» атасы(Винер)

10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы? (компьютер)

11. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы? (тышқан) 

Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

1-жүргізуші: Ойнымыздың шешуші сәті – төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

2-жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ! – деп бүгінгі тамашалаған интеллектуалды «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» сайысы өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.


Пікірлер (4)

Altyngul79

сабағың өте керемет екен, Рахмет!

Altyngul79

Үміт, сабағың өте керемет екен, Рахмет!

Умит

Рахмет. сизге

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз