Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Сенек ауылы
Қашаған Күржіманұлы атындағы мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Купекова Марияш Айбергеновна
Сабақтың мақсаты:
1. Нұрдәулет Ақышевтің «Адам қорыған көл» қазіргі заман ертегісімен таныстыру арқылы оқушыларға табиғатты аялау әр адамның азаматтық парызы екенін, Туған жер, атамекен, табиғат деген ұғымның бір-біріне мағыналас екенін түсіндіру.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: оқиғаны талдап, салыстыру, болжау жасау арқылы өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бірлесе жұмыс жасай отырып,пікір таластырады, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді. Адамгершілік қасиеттерге, сабақтан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық |
Оқушылар өлеңді қосылып оқиды |
Топқа үй тапсырмасына байланысты сұрақтар беріледі. Өткен тақырыпта қандай шығарма оқып едік?(Шыбын мен Көбелек) 1. Мысалда қандай адамдардың қылығы сыналады? Осы оқыған мысалды қандай мақал арқылы қорытуға болады? |
Оқушылар үй тапсырмасына берілген карточкадағы сұрақтарды оқып жауап береді, өздері білетін мақалдарын айтады. |
Интерактивті тақтадан ребусты көрсетеді |
Топ болып ақылдаса отырып,ребусты шешеді.Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты ашады.
|
Топқа бөлу І-топ «Күн» тобы ІІ-топ «Жер» тобы ІІІ –топ «Ауа» тобы |
|
Жаңа сабағымыз «Адам қорыған көл» Нұрдәулет Ақышев кім? Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту. 1-бөлім. Табиғат тамашасы. 2-бөлім. Баланың қарт кісіге жолығуы. 3-бөлім. Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігі |
Оқушылар берілген мәтінді топ болып бірігіп оқып, постер қорғайды.
|
1-топ. 1. Бұл шығарма неліктен қазіргі заман ертегісіне жатады? 2.Шығарманың ертегіге ұқсайтын жері бар ма?Бар болса дәлелдеп көр. 2-топ. Ертегінің қай тұсы саған ерекше әсер етті? 3-топ. Даниярдың ақсақалмен кездескен жерін сахналау. |
Топта талқылайды, дәлелдейді, сұрақ-қа жауап береді. |
Музыка ырғағын ұсынады. |
Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
Шығармашылық жұмыс 1-топ. Табиғат және туған жер туралы мақалдар мен тыйым сөздер жазу. 2-топ. Егер сен суретші болсаң... эссе жаздырту 3-топ. «Табиғатты аялайық» эссе жаздырту.
«Топтастыру» әдісі «Табиғатты қорғаймыз» сөзіне топтастыру |
Өз ойын айтады. Табиғатты қорғауға деген өз көзқарасын білдіреді. Мақалдар мен тыйым сөздер жазады, мағынасын түсіндіреді, топтастырады. |
Картадан Қазақстандағы қорықтарды қарап, дәптеріңе жазып кел. |
Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады |
Оқушылар «Бағалау баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалайды |
|
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі түсті жапсырма қағаздар таратады. |
Пікір ағашына сабақтан алған әсерлерін,ұсыныс ой пікірлерін жазып жапсырады. |
жанеля
енбеексыз нан дамсыз