Өлең, жыр, ақындар

Сиыр. Түйе

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
Жетібай ауылы, №3 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі

Шегебаева Айгүл Жазмуратқызы

Сабақтың мақсаты: Сиыр Түйе өлеңдерін мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Төрт түліктің пайдасын білдіру. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Тақырып туралы мәлімет беру. Білімдерін тереңдету. Ойлау қабілетін дамыту. Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.
Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау.    
Көрнекілік: төрт түлік суреттері, слаид, сурет тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға партада дұрыс отыру ережесін ескерту. Назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық            

Күндей нұрланып,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап.

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлу.

І-топ Құлыншақ

ІІ-топ Бұзауқан

ІІІ-топ Ботақан

Үй тапсырмасы. Торы құлын

1. Жағы қандай

2. Мойны садақтай.

3. Төбелі жұлдыздай.

4. Жүні құндыздай.

5. Саны білектей

6. Көзі моншақтай

7. Өзі жұп-жұмыр

8. Құйрығы шашақтай,

9. Ерні жып-жымыр,

10. Даусы шіп-шіңгір,

11. Басы құп-құлдыр.

Жұмбақ

Төртеуі келеді,

Төртеуі асылып тұрады

Екеуі жол көрсетеді

Екуі иттен сақтайды.

Енді біреуі артан  асылып тұрады.

                                                     Шешуі Сиыр

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы-шөптер тамағы  шөлге шыдап бағады.  

                                                                 Шешуі Түйе

Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс сөздік  

СЫРДАҢ - жұтаң, тапшы, кедей.

Мағынаны таныту сатысы.

Сиырлының үй айран.

Сиырсыздың үйі сырдаң

Сиырдың сүті тілінде

Нар жолында жүк қалмас

Бақырауық демесең

Бақырауық түйе гой.

Мұғ. Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Тізбектей оқыту.

Суретпен жұмыс

Мүйізі............

Мұрнын...................

Ірімшік, құрт, майын..............................

1. Түйенің төлін қалай атайды?сүтін ше?

2. Түйенің жүрісі туралыне деуге болады?

3. Шудасы туралы ше?

4. Түйе қандай шөпті жақсы көреді?

5. Түйенің пайдасы қандай?

Сергіту сәті

Маң-маң басқан маң басқан, шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан, Төрт аяғын тең басқан:

Тілін тікен теспеген, Мұрындығы келіскен,

Алабота жегені, Ащы қурай,теріскен:

«Шөк» дегенде  «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген.

Топтық жұмыс топқа бөлу.

І-топ  Құлыншақ .................Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар

ІІ-топ  Бұзауқан....................Сиырдың терісінен жасалатын заттар.

ІІІ- топ Ботаұан..........................сиырдың етінен әзірленетін тағамдар.

 Суретпен жұмыс.

Жұмбақ. Бейне бақылау арқылы жасырылады.

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім?   (Құлыншақ)

Апан-апан, ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз.  (Түйе)

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл- күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Үйге тапссырма: Сиыр Түйе жырларын оқып келу. 5.тапсырманы орындау. Мақал-мәтелдерді, жұмбақ жаттау.

Бағалау:

Қорытынды:сиыр  түйе жүнінен істелетін бұйымдар? Түйе сиыр сүтінен әзірленетін тағамдар? Түйе сиыр терісінен істелетін бұйымдар?


Пікірлер (2)

Кенжекыз

Сиырдын терісінен жасалатын бұйымдар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз