Мерзімі |
14.09.2016
|
Тренер: Халиева Майра Кадыровна Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Ілгері деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі |
Өткізілетін орны: МЛК |
|||||||
Тақырыбы |
1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс істеу әдістемесі. 2-сабақ: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін енгізу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары. |
|||||||||
Мақсаты |
Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады. |
|||||||||
Оқу нәтижесі |
Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндер арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады. |
|||||||||
Түйінді идея |
Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. ЭЫДҰ есептері мен білімберу саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыпьастыру. Табыстылыққа дайындау, өмірлік жағдайларда бәскелестікке қабілетін қамтасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну. |
|||||||||
Ресурстар |
Мектеп тренерлеріне арналған нұсқаулық, 1-күн. Білім беру платформасы. МАН 3-деңгей, үлестірме материалдар,стикер, А-3 форматы, маркерлер т.б. |
|||||||||
Оқыту кезеңдері/ Уақыты |
Тренер әрекеті |
Қатысушылар дың әрекеті |
Күтілетін нәтижелер |
Әдіс-тәсілдері |
Рефлексия |
|||||
Сергіту сәті/ 7 минут |
«Капитан» ойыны |
Ойынға қатысады |
Көңіл-күйлері жақсарады. Жылдамдыққа дағдыланады. |
Командалық әрекет |
||||||
Топтастыру/ 5минут |
Осы ойындағы 5-тік жұп бойынша |
Орындырына отырады |
Топпен жұмыс болатынын сезінеді. |
«Капитан» ойыны арқылы |
||||||
Зейінді шоғырландыру |
Бастапқы таныстық парағы таратылады |
Қарап шығып, өз пікірлерін толтырады |
Қатысушылар мазасызданудан арылады. |
Білім беру платформасынан : «Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығу |
||||||
Білу/10 минут |
Шағын топта жұмыс істеу ережесі туралы не айтуға болады? |
Әр топ мүшелері өз ойларын айтады. |
Бұрынғы білімдерін еске түсіреді. |
Миға шабуыл |
||||||
Түсіну/30минут
Таныстырылым «Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс» |
Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтары түсіндіріледі. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық беріледі. |
Жұмыс дәптерлеріне түртіп алады. |
Кездейсоқ сұрақтар қоя алады. Ынтымақтастықтағы оқудың артықшылығын түсінеді. |
АКТ арқылы түсіндіру |
||||||
Қолдану/ 37минут Ресурстар таратылады |
«Қаздар сабағы» бейнеұсынымды көрсетемін. Топтық талқылауға ұсынамын. |
Көрсетілімді мұқият тыңдап көреді. Өз ойларын ортаға салады, топ ішінде талқылап, бағамдау парағына түсіреді. Топтық әрекеттенудің маңыздылығын ашады.
|
Топпен бірге топтық жұмыстың ұтымдылығы мен сәтсіз болуын тауып айтады. Топтық әрекеттенудің маңыздылығын ашады. Постер қорғайды. |
СТО «Т» кестесіне салады |
||||||
(Үзіліс 10 минут) 2-сағаты |
||||||||||
Талдау Жоғары белсенділікті талап ететін тапсырмалар/ 40 минут |
21-ғасыр дағдыларының сипаттамалары. Мұғалім неліктен өзгеру керек? Оқушы көзқарасы - «Оқушы үні» видеосын ұсынамын |
«Оқушы үнін» көргеннен кейін Әртүрлі 5 елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы ақпараттық парағы таратылады. Топпен бірлесе отырып,бейнежазбаларды талқылайды. |
Қазақстандық мұғалімдердің құзіретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыра алады. Әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алады. Топ намысын қорғауға машықтанады. |
«Мінсіз оқушының сипаты» ақпаратты тапсырманы толтырады, қорғайды. |
||||||
Жинақтау/ 25 минут |
«Оқушылардың ерекшеліктерін ескеру» ақпаратты нұсқаулықты АКТ арқылы көрсету арқылы 3 топқа сыныптық талқылауға ұсынамын |
1-топ өздері топ ішінде ойларын ортаға салып, 1 тілшісін 2-топқа жібереді. Ал 2- топ тілшісі 3-топқа, 3-топ 1-топқа өз түсінгендерін баяндайды. |
Бірлесе отырып, жаңа ақпарат алады. Әр топ сарапшысы қай топ үздік түсіндіре білгенін формативті бағалайды. |
ЖИГСО әдісі арқылы
Түрлі-түсті таяқшалар үлестіру арқылы |
||||||
Бағалау/ 10 минут |
Сідер бүгін бір-бірлеріңізге қаншалықты көмектесе алдыңыздар? Неге? Көмектесе алмасыңыздар оның себебі неде? |
Өз ойларын айтады. |
Өздерін бағалай алады. |
«Микрофон» әдісі арқылы |
||||||
Кері байланыс/ 15 минут |
Мен үшін бүгін........құнды болды себебі.......... |
Өз ой-қорытындысын жазады |
Ағымдағы жүргізілген шара туралы өзіне есеп беруді үйренеді. |
(Мен үшін бүгін........құнды болды себебі..........) түрінде |
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі