Өлең, жыр, ақындар

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер. Түйе

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Балмагамбетова Жайнагул Амангалиевна

   Сабақтың тақырыбы:

   Мағынасы бір-біріне жуық сөздер.

   Түйе.

   Сабақтың мақсаты                    

  Оқушыларды сын тұрғысынан ойлата отырып, тақырыпты меңгерту. Оқушы мен оқушы арасында диалог құрғыза білу.  Жұпттық, топтық тапсырмаларды пайдалана отырып, олардың арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдануға баулу. Түрлі бағалау түрлерін қоладана отырып бір-бірін әділ, нақты бағалауға үйрету.

   Күтілетін нәтиже

  Оқушылар өз ойларын толық жеткізе алады, топпен, жұппен жұмыс жасай алады. Мағынасы жуық сөздерді мағынасы қарама-қарсы сөздерден ажырата алады. Түйенің пайдасын, оның төзімділігін әңгімелей алады. Оқушы мен оқушының, мұғаліммен оқушының арасында диалог құра алады.

   Негізгі идеялар қолданылатын әдістер

  Түйе атасы- нар.

  Жұптық, топтық жұмыс, диалогтық оқыту, бағалау, ассоциация, автор орындығы, сұрақ-жауап

  Құрал-жабдықтар

  Жұмбақтар, суреттер, ғаламтор, АКТ, маркер, А-3

  Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Кіріспе 

5 минут

Ұйымдастыру

  Амандасу тренингі: сағат тілімен жүріп, тоқтағанда біріне-бірі қарама қарсы тұрып қол, аяқ, иық, бас,құлақ арқылы амандасу

 

Топқа бөлу

  (сөздерді таңдайды, оны топтарына әкеліп, қағазға жапсырып, мақал құрастыруы қажет)

  1. Түйе бойына сеніп,

  Жылдан құр қалған.

  2. Түйе атасы – нар,

  Ағаш атасы - шынар.

  3. Жалғыз түйе бақырауық,

  Жалғыз бала жылауық.

 

   Үй тапсырмасын тексеру (топпен өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды)

   - 1-топ «Жылқы»  мәнерлеп оқиды
   - 2-топ «Бөрте лақ» мәнерлеп оқиды
   - 3-топ  «Ботақан» мәнерлеп оқиды
   - Сөз неден құралады?
   - Сөз мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
   - Мағынасы қарама-қарсы сөздер айт

 

Оқушылар белсенді амандасады

 

 

 

 

Мақалды құрастыру арқылы топтасады

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын орындайды

2. Тұсаукесер

2 минут

   Жұмбақ шешіп көрелік:
   Иір-иір денесі,
   Сахараның кемесі
   Ащы шөптер тамағы
   Шөлге шыдап бағады.  (түйе)
   Бүгінгі тақырыбымыз «Түйе»

Жұмбақты шешеді

3. Негізгі бөлім

Білу

5 минут

   Түйе сөзіне ассоциация жасау
   Түйе туралы не білеміз?
   Төзімді, төрт түліктің иесі, көлік, қос өркешті, сыңар өркешті нар, екі жылда бір боталайды, төлі – бота, түйе атасы - Ойсылқара
   Түйенің қандай пайдасы
   Еті, сүті, жүні,
   (тақтада түйе туралы слайд көрсетіледі)

Әңгімелейді ассоциация жасайды, білгендерін ортаға салады.

4. Түсіну

5 минут

   - Түйе қандай жануар?
   - Төзімді сөзін тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?  Шыдамды, төзімді
   - Бұл сөздерді мағынасы жуық сөздер деп атаймыз (мағынасы жуық сөздерге мысал келтіру. Мысалы: сұлу, көрікті, әсем)
   - Оқушыларға жекелей жас ерекшеліктеріне сәйкес кеспе қағаздар тарату. (сабақ соңында қорытындыда айту)

Сұрақтарға жауап айтады, жекелей тапсырма орындайды.

5. Қолдану

6 минут

   183-жаттығу (АКТ-ға жазады, жекелей өз бетімен орындайды)
   Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып жаз
   Момын, жуас, қой аузынан шоп алмас
   Батыр, ержүрек, қаһарман
   Әдепті, тәртіпті, инабатты
   Әдемі, сұлу, көркем, әсем

Дәптермен жұмыс жасайды

Талдау

5 минут

   Түйе, бота тақырыбына өлең шумағын құрастыру (жұптық тапсырма)
Түйе, түйе, түйелер
Үлкен, алып түйелер,
Екі жылда бір боталап,
Жүрер төзімді түйелер.

Оқушылар жұппен өлең шумағын құрастырады

Жинақтау

8 минут

   Топтық тапсырма. (әр топ тапсырмаға ассоциация жасайды)
   1-топ Түйенің  жүнінен жасалатын бұйымдар
   2-топ Сүтінен жасалатын тағамдар
   3-топ Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді және қалай аталады? мысал келтір

Тапсырманы орындайды

Қорытынды

Рефлексия

6минут

   «Автор орындығы» әдісі арқылы қорытындылау
(бір оқушы ортаға орындыққа отырады. Ол оқушыға қалған оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.)

Оқушылар жауап қайтарады

Үйге тапсырма

1 минут

   - Мәтінді оқу, мазмұндау
   - Түйе туралы мәлімет жинап келу
   - Мақалдар жаттап келу (түйе туралы)

Үй тапсырмасын орындап келеді

Бағалау

2 минут

   Бағдаршам (үш топқа бағдаршам таратылады. Бағдаршамның үш түсі бойынша топтар бағаланады. Мысалы: топ үй тапсырмасына толық қатысса бағдаршамға топ басшы сары түсті жапсырады. Жаңа сабаққа толық қатысса жасыл түсті жапсырады. Қорытындыға қатысса қызыл түсті жапсырады. Ал егер кейбір бөлімдерге қатыспаса бағдаршамның көздері жанбай қалады. Яғни бағалары кемиді.)
   Жұлдызша әр сұраққа белсен қатысқан оқушыға жекелей жұлдызшалар беріледі, сабақ соңында саналып, бағаланады.
   Шапалақ – топтық, жұптық, жекелей тапсырмаларда шапалақ соғады.
   Кері байланыс. Алған әсерін смайликке жапсырады.

Бірін-бірі бағалайды


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз