Өлең, жыр, ақындар

Ғұндар

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы
Жамбыл ауыл әкімшілігі
Жалын ауылы
Жамбыл ЖОМ КММ
Жаманкараев Даулет Султанович
Тарих пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін көтеру, оқушыларға Қазақстан жерінде мекендеген ғұн мемлекетінің қоныстану тарихы, мемлекет болып қалыптасуы туралы білім беру;

Дамытушылық: сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.

Тәрбиелік:білімділікке, достыққа,  бауырмашылдыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық- патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап,  танымдық ойындар, ойшақыру.

Пәнаралық байланыс: география, көркем сурет, өнер

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кестелер, тірек – сызбалар, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Психологиялық дайындық. Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.

Қазақстан-қол алысады,

Италия-құшақтап амандасады,

Зимбабва-арқаларымен төс қағысу

Македония-шынтақтарын тигізе амандасу,

Никорагуа-иыққағысады

Бразилия-арқасипайды

Австралиялық аборигендер- қолшапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.

Ә) Топтастыру. Түрлі-түсті дөңгелектер арқылы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің астында жасырылған сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді) Қойылатын сұрақтар:

1. Қаңлылар б.з.б. 3- 2 ғасырлар-б.з. 5-ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)
2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б.з.б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)
3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)
4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4- ке бөлді: Қауыншы, Отырар- Қаратау, Жетіасар, Көк- Мардан ( бұрыс, 3-ке Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)
5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр (бұрыс,Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)
6. Қаңлы елінің билеушісі- хан, Астанасы- Битянь қаласы (дұрыс)
7. Алтын-асар, Көк-мардан, Пұшық-мардан деген қалалары болды? (дұрыс)

ІІІ. Жаңа тақырып. Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

А) Ғұндар туралы видео көрсетіледі.

Ә) Тірек сөздер топтарға беріледі.

1-топқа. Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғы, шаньюй, Мөде, Дунху, Л.Н.Гумилев, б.з.б. 209 жыл,Енисей, Алтай тауы.

2-топқа. Әскери жүйе, түменбасы, 24 ру, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, ақсақалдар кеңесі.

3-топқа. Б.з.б. 4-б.з. 3 ғасыр, Байкал, 300 жыл, Ұлы Қытай қорғаны, құдіретті Мөде, Хань әулеті,

4-топқа. Б.з.б. 1 ғасырдың ортасы, Чжи-Чжи шаньюй, Талас өзені, Дунай өзені, Батыс Еуропа.

 

ІV. « Жұмбақ » ойыны

1) Ғұн билеушісі қалай деп аталды?

1. хан.      2. гуньмо.      3. шаньюй.

2) Ғұн тайпалары батысқа қарай қай ғасырда жылжыды?

1. б.з.б. 55 жыл.      2. б.з.б. 2 ғасыр.       3. б.з.б. 1 ғасыр.

3) Ғұн мемлекеті қай кезеңде екіге бөлінді?

1. б.з.б. 5 ғасыр.      2. б.з.б. 1 ғасыр.       3. б.з.б. 4 ғасыр.

4) Қытай мемлекеті Ұлы Қытай қорғанын кімдерден қорғану үшін тұрғызды?

1. Ғұндардан       2. Сақтардан    3. Қаңлылардан

5) Солтүстік ғұндардың билеушісі кім болды?

1. Чжи-Чжи.      2. Мөде.     3. Еділ.

6) Каталаун (Галлия) шайқасы қай жылы болды?

1. 375 ж.         2. 437 ж.        3. 451 ж.

V. «Қарлы кесек»

VІ. Бағалау. Оқушының және мұғалімнің бағасы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз