Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы, Жетібай ауылы
№ 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың мақсаты: Төрт түліктің мекенін, иесін ажырата білуі, мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Оқушыларды төрт-түліктің мекенін ажыратуға үйрету
Міндеті: мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, мәтінің мазмұнын өз сөзімен баяндауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар төрт түліктің мекенін ажырата алады, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, мәтінің мазмұнын өз сөзімен баяндайды
Көрнекіліктер: суреттер, интернет ресурстары, слайдтар, желім, стикер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу. Төрт - түліктің суреті арқылы 4 топқа бөліп аламын. Психологиялық дайындық.
«Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- Балалар, өтіп жатқан тақырыптарымыз нелер туралы? Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ – «Сиыр»
ІІ топ – «Түйе»
ІІІтоп – «Қой»
ІҮтоп – «Жылқы»
- Біздің бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады. Ең алғашқы бөліміміз - «Қайталау - білім анасы» деп аталады.
Үйге берілген тапсырманы бағалау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Түйе өлеңін жаттауға берілді.
Әр топтан бір оқушы шығып, үй тапсырмасын айтады.
-Түйенің пайдасы
-Түйе жүнінен нелер жасалады?Түйенің сүтінен қандай тағамдар жасалады?
-Балалар,қазір сіздермен бірге «2 жалған,1 шындық» ойынын ойнаймыз
ІІІ. «Тапқыр болсаң,талас жоқ»деп аталады. Берілген сөзжұмбақты шешейік
Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
Т А Й
Т Ү Й Е
Л А Қ
І Р І М Ш І К
К И І З
1. Жылқы төлінің атауларының бірі.
2. Жыл атауынан құр қалған жануар.
3. Ешкі төлі.
4. Сиыр сүтінен жасалатын тағам
5. Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.
Қандай сөз шықты? (Түлік)
Яғни бүгінгі тақырыбымыз, Төрт түліктің кеңесі деп аталады.
«Оқу,оқу түбі-тоқу» бөлімі. Бүгінгі күннің жадын,сабақ тақырыбын жазу.
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықты ашамыз. Мәтінге саусақ түсірейік.
1. Мұғалім оқу.
2. Іштей оқу.
3. Хормен оқу. Әр топ өзінікін.
4. Мұғалім түсіндірмесі.
VIII. «Жүйрік болсаң, жасыңнан»
Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні
1. Тұрмыс жағдайы төмен адам
2. Еңбекқор адам
3. Батыл, өжет адам
4. Шаруасы жақсы бай адам
YI. Сәйкестендір
Слайдта берілген суреттерге зер сал. Қай түлік қай жерді қалайды, соны сәйкестендір. Әр топқа суреттер таратып беремін. Төрт түлік малдың суреті салынған конверт беремін, сол суреттің ішінен әр жердің иесін тауып жапсырады.
Сергіту сәті.Төрт түліктің қалай дыбыстайды? Төрт түлікті шақыру туралы оқушылардан сұрау
Мал төлдегенде ешкі лақтады,қой қоздады, бие құлындады, түйе боталады, сиыр бұзаулады дейді.
Қазақта малды топтап жаятын болған.
Түйенің тобын – келе
Жылқының тобын - үйір
Сиырдың тобын – табын
Қой - ешкінің тобын – отар дейді.
«Ойлы болсаң озып көр» бөлімі
“Ойлан - топтас - талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс
1 - топ Қой 2 - топ Сиыр
3 - топ Жылқы 4 - топ Түйе
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не үйрендік, не білдік? Ойымызды қалай түйіндейміз?
Қазақ халқы ежелден мал баққан ел.Мал мінсе көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе- киімі, тұтынса- бұйымы,байлығы мен салтанаты осы мал болған.Қазақ елін малсыз елестету мүмкін емес.Сондықтан біз кейінгі ұрпақ ата дәстүрін сақтап,қасиетті төрт түлікті,ұлтымыздың бай тәжірибесін қадірлеуіміз керек.
«Әрқашан күн сөнбесін» ойыны
«Жұмбақ шешіп үйренейік» ...
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіші бар. (Сиыр)
Өзі жуас,өзі момын,
Бір шешпейді тонын.(Қой)
Қамбар ата- баласы,
Шөптің жеймін түр-түрін.
Дертке дауа қымызым,
Берік арқан қыл, түгім. (Жылқы)
Үйге тапсырма. Мәнерлеп, рөлге бөліп оқып келу.
Бағалау. Оқушылар бағалау
Рефлексия. Смайликтер
Екі түрлі смайликтер ілінеді.
Күліп тұрған смайликке (сабақ ұнады, мен түгел түсіндім), ренжіп тұрған смайликке (сабақ ұнамады, мен ештеңе түсінбедім немесе мұғалімге қоятын сұрағы бар) деген оқушылар стикерлерін жапсырады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі