Шымкент қаласы
«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Есалиева Фарида Мергенбековна
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.
Сабақтың мақсаты:
- Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, оның басшысы, алып жатқан аймағы, бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
- Оқушылардың өзі ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы – шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушылырды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелеу, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, сұрақ парақшалары, түрлі түсті борлар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, экономика, қоғам.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
II. Үй тапсырмасы. «Отбасы мүшелері»
Топқа бөлу:
1. Мемлекет
2. Ата
3. Әке
4. Бала
- Әр топ өз аттарын қорғауға дайындалып отырсын! (Әр топ өз аттарын қорғау)
- Үйге қандай тапсырма бердік?
- Отбасы мүшелерін оқып, түсініп келу.
Жұмбақ
Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады. (Отбасы)
Мына сұрақтарға жауап береміз:
- Отбасы дегеніміз не?
- Оларды не біріктіреді?
- Отбасылық бюджет
- Отбасының татулығы
«Менің отбасым» топтастыру.
Оқушылар тақтаға өздерінің ойларын жазады. Сызба – суретпен айырмашылығын тауып, түсіндіру.
Түсіндірме сөздік (дәптермен жұмыс):
- Бәйтерек, бұл – қоғам.
- Тәлім – тәрбие
- Өнеге – үлкеннің ісін үлгі тұту.
«Селт еткізер» стратегиясы.
Бақытты баланың әңгімесі:
- Ата! Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз – Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен – бақытты боламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім – отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелеткен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?
- Осы баланың әңгімесінде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не?
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы – кең байтақ Қазақстан жері, басшысы – президенті, қоғам мүшесі – халық).
- Отбасы қандай қоғам?
- Отбасы – шағын қоғам.
Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: (Тақтаға жазу)
Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты оқушыларға оқыту.
«Ой толғау» стратегиясы. «Ізден, ойлан»
Топтарға сұрақ беру, олар оқулықтан іздеп тауып оқу.
1-топ. Қоғамдық топтарды ата.
2-топ. Отбасында сенің және ата-ана, бауырларың мен ата-әжеңнің қандай құқықтары мен міндеттері бар?
3-топ. Отбасыңда өз құқығыңды қорғауға тура келген кез болды ма?
4-топ. Егер отбасында келіспеушіліктер болса оны қалай шешу қажет?
Сергіту сәті.
«Жалғасын тап» ойыны
1. Ағасы бардың ... (жағасы бар)
Інісі бардың ... (тынысы бар).
2. Әкеге қарап ... (ұл өсер)
Анаға қарап ... (қыз өсер)
3. Әке – асқар ... (тау)
Ана – ағып жатқан ... (бұлақ)
Бала – жағасындағы ... (құрақ)
4. Ананың сүті ... (бал)
Баланың тілі ... (бал)
«Ойла, жауап бер» Барлық топқа жаппай сұрақ.
1. Өзіңнің де адамзат баласының бір бөлшегі екеніңді түсінуің сенде қандай сезім туғызады?
2. Қалай ойлайсыңдар, жер бетіндегі барлық адамдарға өздерінің бір қоғам екенін түсінуі не үшін қажет?
Сабақты қорыту:
«Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақтаға сурет салу.
Ой тұжырым Иә\Жоқ +/-
1. Қоғам – адамды қоршаған орта
2. Отбасының басшысы болмайды
3. Мен – отбасы мүшесімін
4. Отан – қоғам
5. Туыстар – қоғам мүшесі
6. Қоғамның белгілі ортасы, аймағы болады
7. Бюджет – отбасы қоры
8. Отбасының мерекелері болмайды
9. Үй – отбасының тұрағы
10. Отбасы – тәрбие көзі
Бағалау. Топтарды атап өту.
Үй жұмысы.
Отбасыңның тіршілік-тынысына зерттеу жүргіз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі