Өлең, жыр, ақындар

Төрт мезгілді аңсау

Шымкент қаласы
«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Нұржанова Альдина Бектұрсынқызы

Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгілді аңсау

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: жыл мезгілдері туралы мәлімет беру. Білетіндерін қайталау, тереңдету. Сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлем құрауға баулу.

Дамытушылығы: ой-өрісін дамыту, табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: туған өлке табиғатына,табиғат заттарына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ 

Сабақ әдісі: «Көкпар» «Мезгіл үйіндісі» әдісі, топпен жұмыс

Сабақ көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, карточкалар. 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.Оқушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз
Ренжісуді білмейміз.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды «Шаршыларды тап» әдісі арқылы 4-топқа бөлу. Шаршылардың түсі ақ, сары, жасыл, көк. Жаңа сабақты қорыту барысында бұл түстердің нені білдіретінін анықтау.

Миға шабуыл

Қызығушылықтарын ояту

                                                                                                      

1-бөлім: Ширату «Көзбен көр, сөзбен өр!»


2. Жаңа сабақ
Ребус шешу
«Төрт мезгілді аңсау»
Автормен таныстыру    

Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған.1953 жылы Әл–Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай»,«Қолғанат», «Қарбек пен қарақшы» т.б.балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең, жинақтары бар.

2-бөлім. Іліп әкету. «Оқы да ойыңа түй!»

ac

- Жеті, үш сандары
Төрт санына байланысты бес ұғым;
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кіліт, қолмүлік, аяқ-табақ
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил.
Төрт кітап: Тәрат. Зәбір. Інжіл. Құран.
Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
Төрт құбыла: шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

1. Топтастыру әдісі

Ойымызды топтастырайықшы. Төрт топқа жыл мезгілдерін бөліп беру

Жыл мезгілдері 4-ке бөлінеді

Қыс, көктем, жаз, күз.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз айлары:маусым, шілде, тамыз.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Лексикалық минимум:

Жаз-лето        күз-осень
Қыс-зима        көктем-весна
Жылы-теплый   суық-холодный   
Ыстық-жаркий    салқын-прохладный
Күн-день   болады-будет

3-бөлім «Мәнін ұғын, түйінде!»

Жыл мезгілдері туралы тағыда қандай ақындардың өлеңдері бар.

Абай Құнанбаев (1845-1904)қазақтың ұлы ақыны.
Ыбырай Алтынсарин - шын аты Ибраһим (1841-1889). Қазақтың ағартушы педагогы. 175 жыл
Жамбыл Жабаев 170 жыл (1846-1945) қазақтың жыршы, айтыскері. 170 жыл

Шығармашылық тапсырма. Төрт мезгілге мадақтау сөз арнап, айтыс ұйымдастыру

Айтыс –ауыз әдебиетіеде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,топ алдында қолма қол суырылып айтылатын сөз сайысы, жыр жырасы.

Мен қыс, көктем, жаз, күз дегендеи қандай түстер көз алдарыңа келеді. (жаз-жасыл, қыс-ақ, күз-сары көктем- көк) 

Оқушылар өз ойларын айтады. Не себепті бұл түстерді таңдағандарын дәлелдеуі керек. Демек алдарыңдағы парақшаларға қарап менің айтуымыз бойынша (қыс дегенде ақ парақшалары бар топ тұрады т.с.с.) орнымыздан турады.                                                                  

«Қар үйіндісі» әдісі. Өз аттарын анықтаған топ мүшелері өз жыл мезгіліне байланысты  әр қайсысы бір сөзден айтады. Топ басшы топ мүшелерінің ойын жинақтап, сол жыл мезгілі туралы қысқаша айтып береді.


«Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең           

Қар                                                1. Зат есім.Кім?не?
Ақ, қалың                                       2.Сын есім.Қандай?
Жауады, жатады, ериді                  3.Етістік. Не істеді?
Көктемде қар еріп кетеді                4.Синоним
Су                                                 5.Сезіну                                                                                     

1-топ Өлеңді негізге ала отырып төрт мезгілдің суретін салу. Салған суреттерін қорғап шығу            

2-топ Мақалды жалғастыру:

1. Сәуір болмай, тәуір болмас.
2. Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
3. Әр нәрсе өз уақытында қызықты
4. Қыстың көзі-қырау     

3-топ  Жұмбақты шешіңдер:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (қар)

2. Торғын көкте қара құс,
Ағылып ұшып барады.
Қағып екі қанатын,
Күннің көзін жабады (бұлт)

3.Күн күледі,жер түледі (көктем)

4-топ Оқулықпен жұмыс. Өлең ішінен тіркес сөздерді тауып жазу.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу. Әр жыл мезгіліне шығарма жазу.

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз