Өлең, жыр, ақындар

Электронды аспаптар

Ақтау қаласы
Маңғыстау политехникалық колледжінің
Физика пәнінің оқытушысы: Курашева Гульзира Ергалиевна

Сабақтың тақырыбы: Электронды аспаптар

Сабақтың мақсаты: Электрлік қондырғыларды кең тараған түйіспелік басқару және қорғау аппараттарының құрылысымен және  жұмысымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: сұлба, плакаттар, компьютерге енгізілген сұлбалар.

Сабақтың түрі: жаңа материалды ашу.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес

Пән аралық байланыс: математика, физика, информатика.

Сабақтың  жүрісі:

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

Сәлемдесу, студенттермен танысу, сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Асинхронды қозғалтқыштардың құрылысы қандай? Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыш пен фазалы роторлы қозғалтқыштың құрылыстарындағы айырмашылық неде?
2. Асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс принципін түсіндіріңіз?
3. Синхрондық жылдамдық деген не? Синхрондық жылдамдық қандай шамаларға байланысты өзгереді?
4. Қандай шарттар орындалғанда статор өзегінде айналмалы магнит өрісі пайда болады?
5. Асинхронды қозғалтқыштардың айналу бағытын қалай өзгертуге болады?
6. Асинхронды қозғалтқышты жіберу мезетінде үлкен жіберу тоғының пайда болу себебін түсіндіріңіз.
7. Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыш пен фазалы роторлы қозғалтқыштың жіберу ерекшеліктерін түсіндііңіз.
8. Асинхронды қозғалтқыштың айналу жылдамдығын қандай тәсілдермен реттеуге болады?
9. Жүк өскенде пайдалы әрекет коэффициенті мен қуат коэффициенті қалай өзгереді?
10. Егер кернеуі төмендесе, онда асинхронды асинхронды қозғалтқыштың айналдырушы иінкүші қалай өзгереді?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Электронды аспаптар. Электрлік басқару және қорғауыш аппаратурасы

Электрлік машиналарын, приборлары мен желілерін қосып және ажырату үшін, сондай-ақ әр  түрлі электротехникалық қондырғылардың  жұмысын басқару үшін және қалыпты жұмыс режимі бұзылғанда олардың жеке элементтерін қорғау үшін жәрдемші электрлік аппаратура: төменгі және жоғарғы кернеудің ажыратқыштары, рубильниктер, ауыстырып-қосқыштар, минимал және максимал автоматтар, реостаттар, контакторлар, контроллерлер, реле және магниттік  жүргізгіштер пайдаланады.

Басқару, реттеу және қорғауыш аппаратура басқару тәсіліне қарай қолмен басқару және дистанциялық болып, сондай-ақ өздері қосылған желідегі кернеуге қарай бөлінеді.

Электрлік аппаратура қазіргі өндірістің ең маңызды звеносының бірі болып табылады. Оның жәрдемімен электр жабдықтарын басқарудың барлық процестері орындалады.

Ажыратқыштар мен рубильниктер. Бұрамалы ажыратқыш 220 в-ге дейінгі кернеудегі өлектр энергиясының қабылдағыштарын қосу және ажырату үшін арналған.

Аз қуатқа есептелген төменгі кернеудің ең қарапайымы кнопкалы ажыратқыш болып табылады. Ол қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктерден тұрады.

220 в-ке дейінгі тұрақты, 380 в-ке дейінгі айнымалы ток тізбектерін қосу, ағыту, ауыстырып-қосу үшін пакетті ажыратқыштар кең пайдаланылады.

Пакетті ажыратқыштар мен  ауыстырып-қосқыштар бір полюсті, екі полюсті және үш плюсті болып бөлінеді де тұрақты ток тізбегі үшін 400 а-ге және айнымалы ток тізбегі үшін 250 а-ге дейін арналып жасалады, сонымен бірге шекті токтың шамасына қарай әр түрлі мөлшерле болады. Олар бірнеше өріптермен және цифрлармен белгілінеді, мысалы, ПВ2-25: П-пакетті, В-ажыратқыш, 2-екі полюсті, 25-ток күші; ППЗ-10/Н2: П-пакетті, П-ауыстырып-қосқыш, 3-үш полюсті, 10-ток күші, Н2-екі бағытта ток жүргізетіндігін көрсетеді.

Кернеуі 500 в-ге дейінгі 6 а-дан артық токпен жұмыс істейтін электр тетіктерін қосу және ажырату үшін рубильниктер қолданылады.

Қалқанға монтаждалатын бір полюсті, екі полюсті және үш полюсті рубильниктер болады.

Үш полюсті рубильниктің негізгі бөліктері: қозғалмайтын контактілерге 4 бекітілген осьте айналатын мыс пышақтар 1.

Кәдімгі рубильниктермен бірге алмалы-салмалы деп аталатын ауыстырып-қысқыш рубильниктер де қолданылады.

Ауыстырып-қосқыштардың жоғары серпімді контактілерінен басқа саны сондай төменгі контактілері болады. Алмалы-салмалы рубильниктің пышақтарын жоғары және сондай-ақ төменгі контактілерімен қосуға болады.

Қауіпсіздік техникасының ережесіне сай рубильниктер мен ауыстырып-қосқыштар былғары қапқа салынады.

Автоматтар. Электр тізбектерінде қалыпты жұмыс шарттары бұзылғанда оны автоматты түрде ажырату және қорғау үшін ажыратқыш-автоматтар қолданылады. Олар: максимал және минимал болып екі түрге бөлінеді.

Ток шамадан тыс артып кеткенде тізбекті ажыратын максимал деп атайды. Мұндай автоматтың негізгі бөліктері: электромагнит, якорь-ілгек және ажыратқыш болып табылады.

Тізбектегі ток шамадан тыс артып кетсе, элетромагнит 1 якорь-ілгекті 2 өзіне тартады. Ажыратқыш пышақ 3 босап шығады да пружинаның 4 әсерімен автомат жалғанған тізбекті автоматты түрде ажыратады.

Автоматты қайтадан қосу қолмен орындалады: Кернеу шамадан тыс аз болғанда тізбекті ажырататын автомат минимал деп аталады.

Автомат тізбегінен шамадан тыс аз ток жүргенде электромагниттің өзекшесі 1 якорь-ілгектің  иінін вертикаль ұстап тұра алмайды. Соның нәтежиесінде пружина 5 якорьды электромагниттің өзекшесімен тартып әкетіп, ілгек 2 жоғары көтерілгенде ажыратқыштың пышағын 3 босатады, осының әсерінен пружина 4, автомат қорғайтын тізбекті ажыратады.

Автоматтарды ажырату кезінде белгілі бір ток күшіне лайықтап реттеп қоюға болады. Автоматтардың артықшылығы оны белгілі бір токқа есептеп қою дәлдігі, тізбекті балқығыш сақтағыштармен қорғағандағыдан анағұрлым артық.

Сақтандырғыш. Қысқа тұйықталу кезінде, сондай-ақ  желідегі жүк шамадан тыс артқанда, электр тізбегіне жалғанған электр машиналары мен приборларының проводтары бойымен өтетін электр тогының шамасы өз мәнімен артып кетеді. Бұл кезде тізбектің проводтары қатты қызады да олардың изоляциясы жанып кетуі мүмкін, ал электр машиналары мен пртборлар мұндайда істен шығып қалады. Электр тізбектерін қысқа тұйықталу тогынан және ұзақ уақыт шамадан тыс жүктен сақтау үшін электр энергиясын қабылдаушыға тізбектеп балқымалы сақтандырғыштар жалғайды. Олардың жұмысы токтың жылулық әсерін пайдалануға негізделген.

Сақтандырғыш арқылы шамадан тыс ток жүргенде провод пен аппаратура қызбас бұрын тізбекке қосылған сақтандырғыштың балқығыш бөлігі балқып кетеді де, тізбекті ажыратады.

Әрбір сақтандырғыш шексіз ұзақ уақыт ондағы көрсетілген ток күшіне төтеп беретін болуы керек. Бұл ток күші артып кетсе, неғұрлым жүк көп болса, соғұрлым балқығыш бөлігі тез балқып кетеді.

Егер электр тізбегінде бір қалыпты жүктежұмысшы ток күші (ток күші өзгермегенде ) І= 10 а болса, онда бұл тізбекке бұдан аз ток күшіне есептелінген сақтандырғышты қосуға болмайды. Электр двигательдері жалғанатын электр тізбегі үшін сақтандырғыштардың таңдап алғанда, жұмысшы ток күшінен 5-7 есе артық, қысқа мерзімде жүргізуші токтың пайда болатынын ескеру керек. Сол себебті двигательді жүргізетін сайын сақтандырғыш тізбекті шамамен 40%-індей болатын номинал ток күшіне арналған сақтандырғыш қосылуы керек. Сақтандырғышты мұндай әдіспен таңдап алу двигательді қысқа тұйықталу токтарынан ғана қорғайды. Бірақ оның ұзақ уақыт шамадан тыс жүктің болуынан қорғамайды. Двигательді қорғау

Реостаттар. Реостаттар реттеуші резисторлар болып табылады. Олар электр двигательдерін жүргізіп жіберу, тоқтату және жылдамдығын өзгерту, тсондай-ақ түрліше электр тетіктерін басқару қызметін атқарады.

Конструкциясы жағынан реостаттар металл және сұйық, ал салқындатқыш тегі жағынан – ауалық және сұйықтық болып бөлінеді.

Сым реостаттың вертикаль екі тіреуге бекітілген форфор негізі  болады. Оның негізіне, жоғары меншікті кедергісі бар, өткізгіш  оралған. Оның ұштары қысқыштарға жалғанады.

Сымның үстіне оған жанасып тұратын контактілі ролигі  бар жылжымалы тиек кигізілген старжань бекітілген. Сым бойымен тиектің сырғанауы реостаттың кедергісін біртіндеп өзгертуге мүмкіндік береді.

Егер реостаттың жылжымалы тиегін солға немесе оңға жылжытсақ, онда тізбекке реостат өткізгішінің сәйкес көп немесе аз бөлігі  жалғанады да кедергі өзгереді.

Әдетте, әрбір реостатта оның кедергісі және оның қандай токқа есептілінгені көрсетіледі.

Рычагты контактілермен қозғалтқанда реостаттың кедергісі сатылы өзгереді.

Контроллерлер. Электр машиналарын жүргізу кезінде, жылдамдықты реттеуде, электр двигателінің айналу бағытын өзгерткенде, электр тізбегінде бір мезгілде бірнеше ауыстырып-қосуды орындау үшін контроллерлер қолданылады.

Контактор. Электр тізбегін алыстан тұйықтап және ажырату үшін ең көп тараған аппарат контактор болып табылады.

Электр тізбегін қосу және ажырату жұмыстары қолмен істелетін аппарааааттардан контактордың айырмашылығы, мұнда, бұл операцияларлды автоматты түрде оперативті электр тогын жалғастырған кезде қозатын магнит өрісінің әсері орындайды.

Негізгі екі типті контакторлар бар: бұрылатын және түзу жүрісті.

Жылу релесі. Температураның өзгеруіне сезімтал реле жылулық деп аталады. Термореленің әсері металды қыздырғанда оның ұлғаюына негізделген.

Жүк тогы шамадан тыс артып кеткен кезде электр двигательдерін қорғау үшін максимал жылу релесі қолданылады. Электр қыздырғыш  жылу релесінің қабылдаушы бөлігі болып табылады. Биметалл пластинка  аралық бөлік ретінде пайданылады, ал орындаушы бөлік қызметін  контактілер  атқарады. Қыздырғыш двигательге, ал контактілер  двигательді жүргізгіш электромагниттің тізбегіне тізбектеле қосылады.

Қалыпты жүк кезінде биметалды пластинка иіледі. Бұл кезде рычаг жоғарғы иінімен пластинкаға тіреледі, ал оның төменгі иіні реленің контактілерін тұйықтайды.

Бекіту: тест құрастыру.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Электронды аспаптар. Қосуды реттейтін және қорғайтын аппаратура. Басқарудың релелі-түйіспелі жүйесі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз