Өлең, жыр, ақындар

Комбинаторика тарауын қорытындылау

Атырау қаласы
Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
Математика пәні оқытушысы: Ельжанова Гулмира Хаберовна

 

Ашық сабақ
Пәні: Математика
Тобы:1 курс   ЭГС – 14

Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Студенттер комбинаториканың негізгі бөлімдерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
ә) тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Студенттердің еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиа аппараты, бағалау бетшесі, сурет – карточкалар
Сабақтың түрі: Қайталау – қорытындылау   
Сабақтың типі: Бизнес сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, өзара оқыту
Пәнаралық байланыс: физика, әдебиет, тарих, экономика.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу. Түгендеу. Сабақта студент өзін-өзі бағалайды. Банк терминдері туралы түсінік беру.
ә) Психологиялық дайындық.Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу./алақан жылуы/

Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады.

Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Термин сөздер
  • БИЗНЕС – пайда беретін кез-келген қызмет түрі
  • БАНК– ақшамен жұмысты жүзеге асыратын, төлемдерге делдалдық жасайтын қаржы мекемесі
  • ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАНК - қаржы министрлігі және мемлекеттік бюджет, мемлкеттік қарызды басқару және  мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысатын мемлекеттік мекеме.
  • НЕСИЕ (кредит) – белгілі бір мерзімде өсіммен қайтарылатын қаржы, қарыз.
  • ФАКС – электронды поштамен берілетін жедел хат
  • САЛЫҚ – заң бойынша халықтан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
  • Депозит- дегеніміз банкке не басқа да кредиттік мекемеге пайда алу үшін берілетің ақша соммасы. Пайда мөлшері депозиттің пайызымен аңықталады. Мысалы депозиттің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 1000 тенгеден жылына 100 тенге пайда түсіріледі

 Олай болса, бүгін сабағымызда 2 банк қызмет көрсетеді.

1. Халық банкі – жетекшісі Қаулабаев Қуандық
2. Нұр банкі – жетекшісі Абатов Амандық

Өткен сабақта банкі жоспары бойынша қаншалықты жұмыс жасалғанын білу үшін өткенді қайталау ауызша есептеу.  Қаражатты есептеу  үшін әр банкте операторлар отырады. Топ ішінде өз банкіне түскен /ақшаны/ бағаны банк кассирі жинап отырады.

Бүгінгі жұмыс жоспары бойынша жасалған жұмыстар тексеріліп ең үздік банкке «Ең үздік банк-2016» атағы беріледі. Банктер жұмысы сырттай бақыланып отырылады.

Бақылаушылар:

Медетова Гүлім Ратбайқызы
Ахмеджанова Айгүл Жумабаевна

ІІ. Ой қозғау. Үй тапсырмасын тексеру. Тарихи мәліметтер

ІІІ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - тапсырмалар орындау

1 тапсырма: «Жарнама» әр банк өз тұтынушыларын көбейту үшін жарнамалар жасайды. Жетекшілер өз банктері туралы түсінік береді.

1. Халық банкі «Орналастырулар»  Мысал келтіру
2. Нұр банкі «Терулер» Мысал келтіру

Жауаптарына байланысты өз шотына ақша қосады.

Өте жақсы жарнамалаған банкі - 5
Жақсы жарнамалаған банкі - 4
Орташа жарнамалаған банкі - 3

2 тапсырма: «Депозиттерді ашуға рұқсат алу»

Есептеңдер:

           

3 тапсырма: «Несие (кредит)»  «Т Е С Т»

1. 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?
    А. 500        Т. 840       С. 850

2. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
    Ә. 120        Е. 130      Ж. 140

3. Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады?
    Н. 7            И. 9         У. 6

4. Есептеңдер. 
    А. 800        В.850       Е. 870

5. Есепте 0!
    Е. 0           И. 10        Л. 1   

6. Есептеңдер. 

    А. 800       В.750        С. 600

7. Есепте 4!
    А. 80        І.24             Е. 70

8. 7; 8; 9 цифрларын пайдаланып қанша үш орынды сандар жазуға болады?
    З. 6         Д. 24           Е. 16

9. Комбинаторика терминін алғаш кім енгізді?
    А. Декарт    Д. Лейбниц    Е. Гаусс

10. Факториал терминін кім енгізді?
    А. Гаусс    І. Л.Арбогаст      Е. Р.Декарт

11. Комбинаторика неше бөлімнен тұрады?
     А. 5         В. 4           К. 3

Тесттің  дұрыс жауабы: Тәуелсіздік

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толатынын еске салу.

4 тапсырма: «Факс»

Қаржы министрлігінен  жіберілген факстағы тапсырманы орындау.  Президент Жолдауында айтылған мүгедектерді қолдау аясында  тапсырманы орындамаған банктерден салық алынсын, тапсырма орындағандардың  бағасы /ақшасы/  «Мүгедектер» қорына аударылсын.

Есептер шығару:

Үйге тапсырма: №275,  формула жаттау.  

Бағалау.

Қорытынды: Қосымша карточкалар беру. Бақылаушылар банк қорындағы бағаларды есептеп шығады. Ең көп баға жинаған банк жылдың ең үздік банкі атағына ие болады. «Ең үздік банк – 2016» атағын табыстау.

1. Комбинаторика туралы ой–өрістері дамыды
2. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді
3. Топпен жұмыс жасау қабілеттері артты
4. Формулаларды қолданып, есептер шығара білді


Пікірлер (3)

Дк

Осы тесттын жауабы барма?

1

жауабы кажет срочно

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз