Өлең, жыр, ақындар

Я дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

Сынып: 1 «а» сыныбы
Оқулық: Алматыкітап баспасы 2012,Ұ. Ботабаева,К.Е. Ерешева,Б.К.Игенбаева
Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі (1)
Сабақтың мақсаты:  Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и,а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: қима–қағаздар, суреттер, доп, электронды оқулық, калька, табиғи заттар.
Сабақтың әдіс–тәсілі: СТО, жас ерекшелік, көшбасшылық, оқудағы жаңа тәсілдер, дарынды оқушылармен жұмыс.

Тапсырмалар

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыт

Психолгиялық сәт

 

Оқушыларға сәттілік тілейді, сабаққа назарларын аудартады.

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонақтарымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық

Сабаққа көңілдерін аударады

1 мин

Тақырыпқа шығу

СТО, Жас ерекшелік

«Шашылған суреттер» әдісін қолдану

3 қатарға қима суреттер беру

Қоян, тақия, шаян

Сұрақ: Бұл сөздердің ұқсатығы неде?

Оқушылар тақта алдына қатармен шығып, суреттерді құрастырады, тақтаға іледі.

 

2 мин

Мағынаны ажырату

 

 

АКТ

 жас ерекшелік

Ендеше тақтаға назар аударайық.

Тақтада

Таяқ,пияз,қияр,қоян,бояу сөздері жазылып тұрады.

1. Бәрі хормен оқу.

2. Айтылуымен, жазылуындағы ерекшілікті айту, қосарлы дыбыс екенін айту.

3. Буынға бөлу, я дыбысы нешінші буында тұрғанын айту.

4. Сөздің мағынасына назар аудару.

АКТ Я дыбысын қортындылау

Тақтаға назар аударады, тыңдайды, ой қорытады, өз ойын айтып отырады.

10 мин

Дәптермен жұмыс

«Көркем жазу»

 (Калькамен жұмыс)

 

Дәптерді ашу, алдымен ауаға жазу сосын дәптерге жазу.

Я әрпін әдемі етіп жазу

Дұрыс отыру, әдемі етіп жазу.

2 мин

Сергіту сәті

 

Қазір біз сіздермен ертегі әлеміне барып келеміз, ол үшін әр түрлі аңдардың маскасын киесіздер.

Ән «Ертегілер»

 Аңдардың маскасын киіп билеу

2 мин

Мәтінмен жұмыс

 

Оқулық 110 бет       «Саябақ іші»

1. Қолымызға қарындаш алып,      тізбектей оқимыз, оқи отыра қарындашпен түсініксіз сөздердің астын сызып отырамыз.

2. Бір оқушы толық оқып шығады.

 Түсініксіз сөздер

 Бетті қариды - бетті тоңдырады

 Бұта түбінде - аласа ағаштың қасында

 Зып беру - қашу

Мәтінді қортындылау «Серпілген сауал» доп лақтыру арқылы сұрақтар қою

- Бұл оқиғаның қыс ішінде болғанын қайдан білдіңдер?

- Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?

-Қоян неге не істерін білмей отыр екен?

- Ауа-райының қолайсыздығын қайдан байқадың?

- Қоян неге балалардан қашты?

- Мәтіннен қандай ой түйдің?

- Мәтін ертегіге жата ма?

Мәтінді дұрыс оқу, мұқият болу.

 

 

 

 

 

 

 

Доп тиген оқушы сұрақтарға жауап береді.

 

 

15 мин

Сергіту сәті

 

 «Топ-топ» әні

 

2 мин

Шығармашылық жұмыс

Рефлексия

 

СТО, Жас ерекшелік, Көшбасшылық, дарындылық

Топпен жұмыс

І топқа  Пияз беру (Пиязды аршы не байқадың?)

ІІ топқа  Қияр беру(Қиярды жеп  көріңдер, дәмін айтыңдар)

ІІІ топқа  Ұя беру (Ұя құстарға не үшін қажет?)

ІVтопқа Ұялы телефонның зияны жайлы айт

V топқа  Бояу қарындаш беру(Түрлі түсті бояу өмірде не үшін қажет?)

VІ топқа  Аяқ сөзін құрастыр , дыбыстық талдау жаса

Топпен ойлану, бір-бірін тыңдау, өз ойларын білдіру, қорыту.

10 мин

Бағалау

 

Қоянның суретін тарату

*Егер саған сабақ ұнаса,тапсырманың бәрін сәтті орындасаң қоянның киімін жасыл түспен боя.

*Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең сары түспен боя.

*Егер саған  сабақ барысында мұғалімнің көмегі қажет болса қызыл түске боя

 

1 мин

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз