Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбарқұдық ауылы
№ 2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Аржаева Назгул Хабибуллаевна
Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шайқастарына қатысуы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: шешуші шайқастар кезіндегі қазақстандықтардың ерлігі және олардың соғысқа қосқан үлесі туралы түсінік беру.
Тәрбиелілік: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, өз Отанының тарихын білуге еліміздің атақты ер азаматтарын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлтжандылық қасиетті қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ізденіс жұмыстарымен айналысуға дағдыландыру.
Сабақ көрнекілігі: карта, суреттер, кестелер, бейнфиильмдер, қосымша құжаттар.
Пән аралық байланыс: әдебиет, математика, география, д/ж тарих.
Сабақ түрі: ізденіс, зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, іздену, ой-қозғау әдістері.
Техникалық жабдық пайдалану: интерактивті тақта
Қолданылатын педагогикалық технология: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық. (оқушыларға сәттілік тілеу). Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Жоспар
Кіріспе (мұғалім сөзі).
ІІ. Үй тапсырмасы.
Бірінші тапсырма. Соғыстың басталуы туралы оқушының мәліметін тыңдау.
Екінші тапсырма. Сандар сөйлейді. Слайдтағы жазылған сандарға анықтама беру.
6,2 млн, 1195164, 670 000, 54, 220, 53, 14, 20.
Үшінші тапсырма. Картамен жұмыс. Қазақстанға көшіріліп әкелінген завод-фабрикалар орналастырылған қалаларды картадан тауып дәптерге жазу.
Соғыс туралы бейне фильм қарау. (2 минут)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптерлерімізді және кітаптарымызды ашамыз. Кітапта 118 бет. Күннің жадын жазамыз.
Мағынаны ашу.
«Жигсо» әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ әуелі жұппен, кейін топпен талдап, басқа топпен ауысып бір- біріне түсіндіреді.
I топ. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда мәтіні туралы мәлімет беру.
II топ. Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы мәтіні жайлы мағлұмат беру
III топ. Соғыс бағыты-Батыс, туралы айту
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
1-тапсырма: «Сіз кімсіз?» ойыны
Сіз кімсіз? Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақсыз. (Б. Момышұлы)
Сіз кімсіз?
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің шоғырына құлаттыңыз. Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз. (Нүркен Әбдіров)
Сіз кімсіз?
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойдыңыз, атып түсірдіңіз. (Луганский)
Сіз кімсіз?
Сіздің әкеңіз 1938 жылы 15шілдеде Қазақ КСР кеңесінің 1 сесиясын ашты, қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, сіз Синельников қаласының түбінде соғыстыңыз. (Алғадай)
Сіз кімсіз?
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» (Мәншүк Мәметова)
Сіз кімсіз?
Сіз Сталинград түбінде шайқастыңыз, жау дзотын өз кеудеңізбен жауып А. Матросовтың ерлігін қайталадыңыз. (Сұлтан Баймағанбетов)
2-тапсырма: Тест жұмысы.
Дұрыс жауапты жаз.
1. «Барбаросса» қай елдің жоспары?
А) Франция В) Италия С) Германия D) Испания Е) Ұлыбритания
2. Мәскеу түбінде 316-атқыш дивизиясын кім қолбасшылық етті?
А) И.В. Панфилов В) В.Г.Клочков С) И.В.Карпов D) Б.Момышұлы Е) А.Началов
3. Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде ғана қанша қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды?
А) 105 В) 150 С) 152 D) 160 Е) 156
4. Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені кім болды?
А) С.Баймағамбетов В) Д.Шыныбеков С) Б.Момышұлы D) В. Клочков Е) И.Панфилов
5.Сталингард шайқасы қай жылы басталды?
А) 1945 жыл В)1940 жыл С)1942 жыл D) 1941 жыл Е) 1946 жыл
6. Мәншүк Мәметова майданда кім болды?
А) барлаушы В) мерген С) пулеметші D) аудармашы Е) медбике
7. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу» -деп кім айтты?
А) И.В. Панфилов В) В.Г.Клочков С) И.В.Карпов D )Б.Момышұлы Е) А.Началов
8. Ленинград үшін шайқаста кім жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты?
А) С.Баймағамбетов В) Б.Момышұлы С) И.Карпов D) И.Панфилов Е) В.Клочков
9.1941 жылы «Ленинградтық өренім!» өлеңнің авторы?
А) Абай В)Жамбыл С) Ыбырай D) Мағжан Е) Міржақып
10. Талғат Бигелдинов майданда кім болды?
А) ұшқыш В) мерген С) пулеметші D) аудармашы Е) барлаушы
Жауабы: 1.С. 2.А. 3.Е. 4.В. 5.С. 6.С. 7.В. 8.А. 9.В. 10.В
Ү. Рефлексия:» Екі жұлдыз, бір тілек»
ҮІ. Үйге тапсырма: «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ» тақырыбында эссе жазады.
ҮІІ. Бағалау парағы:
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жаңа тақырыпты меңгеру. Постер қорғау |
«Сіз кімсіз?» ойыны |
Тест жұмысы. |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі