Өлең, жыр, ақындар

Адамзаттың пайда болуы

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы
Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы
тарих пәнінің мұғалімі: Байтыкбаева Эльвира Оразакынкызы

Сабақтың тақырыбы: §1-2. Адамзаттың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Адамның шығу тегі туралы эволюциялық және діни түсініктердің қалыптасуы мен даму тарихы және адамзаттың даму сатысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Алғашқы адамдардың  дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстырып, олардың айырмашылығы мен ортақтығын тауып, жалпы өмір сүруі туралы ой-пікір айта отырып, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін сезіндіре отырып - төзімділікке, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып - еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып - имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақ көрнекілігі: Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді сипаттайтын суреттер, Алғашқы адамдардың даму сатысы туралы суреттер және слайд, сызбанұсқа,  кесте.

Сабақ әдісі: баяндау, пікір-талас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті:

а) амандасу

б) бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру

в) оқушылардың сабаққа назарын аударту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

Жоспар:

1. Адамның шығу тегі.
2. Тас дәуірі.
3. Адамзаттың даму барысы.
4. Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы.
5. Қоғамдық ұйымы.

Адамның шығу тегіне байланысты тарихта 2 түрлі көзқарас бар.

Бірінші көзқарас, діни түсінік. Ол - еңбекке қабілетті адам баласын Құдай жаратты. Оны барлық тірі жан иесінен артық етті. Оған ой-сана мен тіл берді делінген.

Екінші көзқарас табиғаттану, биология және тарих ғылымдарына негізделген.

Тас дәуірі. Адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың өндірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін – палеолит, мезолит, неолит деп 3 кезеңге бөледі. Бұл кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді. 

Тарихта ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі (палеолит) б.з.б. 2,6 млн жылдан – б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтиды.

Палеолит

Ерте палеолит                                                 Кейінгі палеолит

Б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 40 мың жыл           б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы

 

олдувэй                           ашель                            мустье

б.з.б. 2,6-800 мың жыл     б.з.б. 800-140 мың жыл   б.з.б. 140-40 мың жыл

Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. Ең алғашқы адам қаңқалары Танзанияда (Шығыс Африка)  Олдувай шатқалынан табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Адамның келесі даму кезеңін ғалымдар «тік жүретін адам» деп атайды. Өкілі - питекантроп. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германияның Неандерталь жерінде табылды. Неандертальдықтар 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.

Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Кейінгі сатысы- кроманьондықтар (саналы адам)- сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. Дегенмен де адамдар тобыры – адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымы еді.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1. «Алғашқы адамдардың даму сатысы»- слайд көрсету.
2. Адамзаттың шығу тегі туралы қандай көзқарастар бар? (жаңа сабақты меңгеруі және слайд бойынша әңгімелеу)
3. Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы әңгімеле.
4. Адамның пайда болуы жайлы шағын әңгіме құраңдар.
5. Кестемен жұмыс.

Адамның даму барысы

Өмір сүрген мерзімі

Табылған жері

Айырмашылықтары

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

V. Қорытынды

VІ. Үйге тапсырма. §1-2. «Адамзаттың пайда болуы» оқу, әңгіме құрастыру.

VІІ. Бағалау.


Пікірлер (3)

Нұржан ұлы Қуаныш

Өте жақсы

Аминка

Не сонша коп соның бәрің жазып отырдың ба

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз