Өлең, жыр, ақындар

Арифметикалық прогрессия және оның n-ші мүшесінің формуласы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарабұйрат ауылы
"Қарабұйрат орта мектеп-бақша" КММ-cінің
математика пәнінің мұғалімі: Исаджанова Жаңылхан Айдарханқызы

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессия және оның n-ші мүшесінің формуласы

Жалпы мақсаттары:

  1) Арифметикалық прогрессия анықтамасын, арифметикалық прогрессияның қасиеттерін және n-ші мүшесі мен айырмасының формуласын білу;

 2) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесі формуласының қолдану алгоритмін есептер шешуде пайдалануға дағдыландыру

Сілтеме:

   Алгебра 9 сынып оқулығы, әдістемелік нұсқаулығы, дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер

Тәсілі: жеке, жұптық, топтық

    Әдісі: СТО, ТжД, ДО, ОқуүБ және Оүб, АКТ

Оқыту нәтижесі:

   Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын есеп шығаруда қолдана білу. Оқушылар өз бетімен, екеуара, топта  жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жеке, топпен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Дерек көздер

   Д.Болл «Бәрі де сандар туралы», қосымша мәліметтер

Ресурстар

 Интерактивті тақта,тапсырмалар, Блум таксономиясы бойынша бағалау парақтары

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин

Сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексереді.

Мұғаліммен тұрып сәлемдеседі. Кезекші оқушылардың сабаққа қатысын хабарлайды.

 «Тізбектелген тілек» ойыны. Әр оқушы  тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады.

Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық  жұмыс жасайтындарын айтады "Прогрессия-ілгері қозғалыс, алға ұмтылыс!"

Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. Өздерінің таңдаған стикерлері бойынша бірігіп  топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топ басшысын, баяндаушысын, бағалаушысы мен уақыт бақылаушысын сайлайды.

 Сабақтың ұранымен танысады

Қызығушылығын ояту:

2 мин

Оқушыларға үй жұмысын екеуара дәптерлерін тексереді, Дұрыс жауабын тақтадағы жауаптар парағы арқылы тексереді

Үй тапсырмасы:

Жалпы мүшесі a) вn       ә)   cn  

формулалармен берілген тізбектің алғашқы бірнеше мүшелерін табыңдар

Тарихи шолу: АКТ-дан көрсету

Топ мүшелері екеуара дәптерлерін тексереді, бағалайды. Бағалаушы бағалау парағына топ мүшелерін бағалайды.

Жауабы: -2;1; 4;7;10

               5;7;11;19;35

 

Білу

 

8 мин

 

 

 

 

 

Диалогтық оқыту

 

Жұппен жұмыс

 «Қайталау - оқу айнасы»

    СТО: "Фишбоун" әдісі 

 1) Сан тізбегі дегеніміз не? Олардың түрлерін ата.

 2) Сан тізбегінің берілу тәсілдерін ата.

 3) Сан тізбегінің реккуренттік тәсілі, аналитикалық тәсілден қандай айырмашылығы бар?

 4) Бұл қай тізбек?(Фибоначчи)

Оқушыларға Фибоначчи сандары туралы ой-қозғауды ұсыну.                                   — Тізбектердің қайсысы өспелі, кемімелі, тұрақты тізбек болады?          а).  10; 9; 8; 7; 6;…    в).  13; 13; 13; 13,… с).  20; 23; 26; 29;…   д).  4; -8; 16; -32;…   — Сандар тізбегін құрастыру ережесін анықтаңдар және ереже бойынша келесі мүшесін тауып, тізбекті жалғастырыңдар және мүмкін болса п-інші мүшесінің формуласы арқылы  көрсетіңдер:             а) 2;4;6;8;...        ә) 1;4;9;16;...

б)3;8;13;18;...     в) 1;8;27;64;...

      — Жалпы мүшесі  сn=n2-3 формуласымен берілген тізбектің с1,  с5,  с9, с10 мүшелерін табыңдар.

    Оқушылар сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Оқушылар сан тізбегінің  анықтамасын, формулалары мен қасиеттерін еске түсіреді, талдайды.

 

 

 

 

Бағалаушы бағалайды.

Формативті бағалау :  Барлығы өздерін "Қол саусағымен" бағалайды.

 

Оқушылар тақтаға назар аудару арқылы және мұғаліммен пікірлеседі, білімдерін толықтырады, топ мүшелері қажетті деректерді өз дәптерлеріне түсіреді.

Интерактивті тақтада жазылған тапсырмаларды орындайды

Бағалау :  "Бағдаршам"

Ламинадталған параққа  п-інші мүшесінің формуласын жазып көрсету

Түсіну

 

 

3 мин

 

 

 

 

8 мин

Жаңа тақырыпқа өту

Мына тізбектердің  құрастырылу ережесін анықтаңдар: 2;9;16;23;...

11;15;19;23;...

Мұндай тізбектер арифметикалық прогрессия деп аталады.(қозғалыстағы сандар тізбегі)

Тарихи шолу: АКТ-дан көрсету

СТО "Қарлы кесек"

 1) Арифметикалық прогрессияның анықтамасы;

 2) Арифметикалық прогрессияның айырмасы;

 3) Арифметикалық прогрессияның п-інші мүшесінің формуласы

 4) Арифметикалық прогрессияның қасиеті

 

Оқушылар пікірлесе отырып, ережесін анықтайды, жауап береді, анықтама құрайды.

 

 

 

 

Топтық ізденіс жұмысы: білімдерін толықтырады, топ мүшелері қажетті деректерді өз дәптерлеріне түсіреді.

Топ мүшелері белгі беріп,түсінгендерін ортаға салады.

Сергіту сәті

2 мин

«Прогрессия» ойыны

Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 2-ге,ал айырмасы 3-ке тең,келесі мүшесі...

 

Доп арқылы ойналады,келесі мүшесін айтып, ары қарай допты лақтырады

Қолдану,

Талдау

Оқулықтан №165

№ 167(ауызша)

Алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар оқулықтан тапсырмаларды жеке-жеке орындайды  және бірінші орындап болған оқушы тақтаға жазып, қалғандары онымен бірлесе отырып тексереді.

10 мин

 

 

 

 

 

 

Пән аралық байланыс

 

 

 

Эвристикалық деңгей

Прогрессия тұрмыста:

  Жұмысшы кафель плиталарын 1-қатарға - 3 плитадан, екінші қатарға 5 плитадан т.с.с. әр қатарда 2 плитадан өсіре бергенде, 7-қатарда неше плитадан болады ?

  Балалар арифметикалық прогрессияның басқа ғылым саласымен байланысын ашып көруге қызығасыңдарма?

  - «Қозғалыс» ұғымын қай пән қарастырады?

  - Қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер?

  - Қозғалыс қандай шамалармен сипатталады?

  -Түзу сызықты  тең айнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?

  - Түзу сызықты  тең айнымалы қозғалыстың теңдеуі қандай?           Есеп:                                                      

   Түзу сызық бойымен қозғалып бара жатқан дененің бастапқы жылдамдығы 3м/с,ал үдеуі  1,5м/с2 болды. Дене 2-ші, 3-ші және 8-ші секундтағы жылдамдықтарын табыңдар?

Бағалаушы оқушылардың жауаптарын тексереді және оны талдайды.

 

 Оқушылар жауабы

 

 

 

Теңдеуді тақтаға жаздырту

Қозғалыс теңдеуі мен арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің  формуласын алыстыру, ұқсастықтарын анықтау

Есепті  шығару, қорытынды жасау.

Жинақтау

 

4 мин

Көшбасшылық және басқару:             Қосымша есеп: Арифметикалық прогрессия берілген,мұндағы:                 

    1. а1=5,       а3=15,       а2=?       d=?             2. а2=160,   а5=280,      а1=?       d=?      Мұғалім бақылаушы болады.

   Әр топ мүшелері жеке орындайды. Орындап болған соң, қасындағы көршісімен дәптерін алмасып, дұрыс жауаптарымен салыстырып тексереді, жинаған ұпайын жазады. Бағалаушы жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушыларға бағаны бағалаушы қойған бағалары арқылы талдап бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қою.

   Бағалаушы топ мүшелерінің сабақ барысында жинаған  барлық ұпайларын  қосып бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды. Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Рефлексия

   Стикерлер таратып оған оқушылардың көңіл күйін анықтау үшін "Нені білдік?" "Нені оқыдық?" "Не үшін оқыдық?" "Қайда қолданамыз?" пікірлерін жаздыру

   Оқушылар сабақтан алған білімдерін, әсерлерін, көңіл-күйлерін алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және стикерлерге жазып «социометрия» координатасына апарып іледі.

Үйге тапсырма

 ІІ тарау §10, № 166, 168  

«Арифметикалық прогрессия»эссе

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз