Өлең, жыр, ақындар

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
Нұрлыкент ауылы
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп жанындағы
"Айгөлек" шағын орталығының
ІІ санатты тәрбиешісі Коптилеуова Кенжетай Жайлаубаевна

 

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Балалар сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл! 

Жүргізуші: Балалар ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: "Шырша жыры"

Жүргізуші: Балалар бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз да бар, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар?

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Қоян: Білмейді екем!

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?

Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді).

Жүргізуші: Неге олай еттің ? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар:  Аязата, Ақшақар.

Аязата: Сәламатсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Жаңа жылдың түнінде, Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен, Таратсам екен сыйлықтар.
Қуаныш сыйлау балаға, Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Жүргізуші: Аязатаға арнап тақпақ айтып берейік.

Рамазан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да,
Аязата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Гүлмира: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.

Аяжан: Оралама ол енді,
Айтар едім өлеңді.
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен.

Абзал: Жаңа жылда жааңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.

Жүргізуші: Ақшақармен бірге "Ақшақарлар " биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар енді Жаңа жылымыз Тауықты қарсы алайық. Жаңа жыл төрімізге шығыңыз. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала келіңіз.

Тауық: Құрметтеріңізге рақмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Жүргізуші: Бүлдіршіндердің "Балапан" биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: "Жаңа жыл" әні.

Жүргізуші: Тақпақтарын тыңдаңыздар:

Перизат: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Көңілшат: Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақша қар.

Дастан: Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Еркеназ: Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

Ақнұр: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Кәусар: Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.

Жүргізуші: Ойын: "Мұздақтар"

Жүргізуші: Ұлдардың "Жануарлар" биі.

Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар. Бізді  сендер сияқты балалар күтіп отыр. Қош сау болыңдар!

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлықтарыңызға жақсылық тілеймін .

Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар .....

Жүргізуші: Осымен "Құтты болсын, Жаңа жыл " атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар. Жаңа жыл тағы да құтты болсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз