Өлең, жыр, ақындар

Интернет

Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№9 Меркі колледжінің арнайы пән оқытушысы
Мусаева Алия Турысбековна

 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге жаңа технология тәсілдерін меңгерте, олардың ойлауын дамыта отырып, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгерту.
Дамытушылық: Білімгерлердің комуникативті – техникалық біліктілігін дамыту, пән бойынша алған білімдерін дәріптеу және логикалық ойлауын, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Білімгерлердің белсенділігін арттыру, өз бетінше оқып ізденуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, уақытты ұтымды пайдалануға, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, тақта, слайд материалдары, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін нақтылау, сұрақ-жауап, ой қозғау, жинақтау, ойын.
Пән аралық байланыс: Информатика, психология, әлемтану, дүниетану, электротехника, әдебиет, қазақ тілі, геометрия, география, математика, ағылшын тілі, физика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Старостаның сөзі. Білімгерлерді күн тәртібімен таныстыру.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу. «Ғылыми - дүниетану» стратегиясы бойынша

Мақсаты: Білімгерлердің өткен тақырыптар бойынша алған білім, біліктерін тексеру. Ойлау, есте сақтау, даму қабілеттерін өсіру.

Шарты: Білімгерлермен «Эстафета» ойыны түрінде ойнатылады.

Бірінші партадағы 1-ші оқушыға «Эстафета» ойынының таяқшасы беріледі. Ол оқушы өзінің қасындағы білімгерге «Эстафета» таяқшасын беру үшін қойылған (интерактивті тақтадан шыққан) сұраққа жауап беру керек. Білімгер қойылған сұраққа жауап бере алмай қалса, осы қатардағы сұрақтың жауабын білген білімгердің бірі қол көтеріп жауап беру арқылы, «Эстафета» таяқшасының келесі білімгерге өтуіне көмектеседі.

Сұрақ:

 - Компьютер үшін ең қажет құрылғы.   Ж) монитор, жүйелі блок, пернетақта
 - Информатика - …… ғылым   Ж) ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, беру туралы ғылым
 - Аса қажет өмірде халық үшін.Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін – бұл не? Ж) электр энергиясы
 - «Ас –адамның арқауы» ал компьютердің асы - ……  Ж) ток көзі
 - Ауа жылуын өлшейтін құрал  Ж) Тэрмометр
 - ….. – аудиоақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрылғы.  Ж) микрофон
 - Микрофонның көмегімен дыбыс неге айналады? Ж) электр тогының тербелісіне
 - Ең алғаш есептеу техникасы қай елде жасалды?  Ж) АҚШ
 - ЭЕМ-нің төртінші буынының негізгі элементтік базасын атаңыз? Ж) үлкен интегралдық схема
 - Қазіргі әр адамның есептеу жүйесін жеңілдеткен калькулятордың негізін салған кім, қай жылы құрастырды? Ж) 1694 ж неміс математигі Лейбниц
 - 1642 жылы дүние жүзіне бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырған француз математигінің есімі?   Ж) Блез Паскаль
 - БИС (біріктірілген интегралдық схема) ұғымын қалай түсінуге болады?  Ж) Он мыңнан бастап жүздеген мыңдарға дейінгі логикалық элементтер саны орналасқан кремний кристалы
 - Әр тілдің таңбалар жиынтығы қалай аталады?  Ж) альфавит
 - ХХ –ғасырдың 40-50 жыдары алғаш рет ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды, себебі неде? Ж) Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды
 - Терезе желдеткішін неге жоғарыдан, ал жылу батареясын төменнен орналастырамыз? Ж) Өйткені жылы ауа, суық ауаға қарағанда жеңіл болады.
 - Есептеу техникасының даму тарихын 4 кезеңге алып қараймыз, олар - …….  Ж) 1. Қол;  2. Механикалық;  3. Электромеханикалық 4. Электрондық
 - ……- компьютердің ақыл, ой тәріздес құрылғысы.   Ж) процессор
 - Сөзді ойнату құрылғысы қалай аталады?  Ж) синтезатор
 - Фильмдерді жасау үшін аудио және видео ақпараттарды өңдеуге, аранжировкалауға және жазуға арналған программа Ж) Windows Movie Maker
 - Компьютердің баспаға шығару құрылғысы  Ж) принтер
 - Бірінші советтік ЭЕМ –ға 1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым кім?  Ж) Лебедев Сергей Алексеевич

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі,ол хаттама (протокол)  деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді.

Желідегі компьютерде мәтін, сурет, бейнематериалдар, т.с.с өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне- бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (конференциялар) жатады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір–бірімен қосылу

желілерінің күрделілігіне байланысты, оның аздаған бөліктері ұзылғанымен,

сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты

жағдайда жұмыс жасай алатыны айқындалды.

INTERNET - тек желі ғана емес, ол желілердің желісі.  INTERNET көптеген байланыс желілерін бір–бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютер торабын құрайды.  INTERNET – тің  бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді.

INTERNET–ке қосылу дегеніміз  - басқа жерлерде (мемлекеттерде) тұрған мыңдаған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз.

Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды  бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді  қабылдау/жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жөнелту кезінде, оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады.

Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 ж АҚШ – тағы бірсыпыра әскери ғылыми және білім орталықтарын біріктірген, ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай–ақ  INTERNET (желі аралықтары) – желіні біріктіру пайда болды.

Сонымен,  INTERNET – барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды компьютерлік желі.

INTERNET – тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді түгел айтып беру қиын. Өйткені оның мүмкіндіктері сан алуан, ал оған жаңа мәліметтер күнбе –күн түсіп отырады.

INTERNET қызметін ұсынушылар – провайдер компаниясы деп аталады. Олар әрбір компьютерді  INTERNET-ке қосып бере алады, желіге қосылудың бірнеше түрлері бар:

Қосылып тұратын тікелей байланыстар
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар
Почталық байланыстар

Олардың өзара ерекшеліктері бар:

Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылып, (TRANSMISSION CONTROL PROTOCOL)/ (INTERNET PROTOCOL) жеткізуді басқару протоколы, бұл  INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе PPP деп аталады. Ал Xremote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында.

Почталық байланыс - INTERNET –пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe Fmerica OnLine  болып келген компьютерлер бірден  INTERNET –пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын  INTERNET- ке беріп, одан да бірден хат –хабар ала береді

 ІV Жаңа тақырыпты бекіту.

«Адасқан әріптер»

Мақсаты: Жаңа технологияның көмегімен білімгерлердің жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексере отырып, олардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Білімгерлер интерактивті тақтадан көрініп тұрған тор көздердің ішіндегі әріптерден сөз құрастырып кесінді түрінде сызып көрсете отырып, оның қандай қызмет атқаратынын айту керек.

Тор көздерден шығатын сөздер:

  INTERNET, ARPANET, CSLIP, PPP, SLIP, ТСР, ІР, EXCEL, WORD,PAINT, IF.    
  INTERNET – Бүкіләлемдік ауқымды желі.
  ARPANET – Алғаш ұйымдастырылған желі.
  CSLIP – Тұрақты  INTERNET –ке қосылып тұрмайтын байланыс.
  PPP – INTERNET –ке тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстың бірі.
  SLIP - INTERNET –ке тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстың бірі.
  ТСР – (TRANSMISSION CONTROL PROTOCOL) – INTERNET–ке тұрақты қосылып тұратын байланыс.
  ІР – (INTERNET PROTOCOL) жеткізуді басқару протоколы.
  EXCEL – Электрондық кесте.
  WORD – Мәтіндік редактор.
  PAINT – Графикалық редактор.
  IF – Паскаль тілінің операторы.

V. Сергіту сәті.

1. «Болашаққа саяхат»

1.1 «Кім білгір»

1. «Болашаққа саяхат»

Мақсаты: Білімгерлердің өз мамандықтарын қаншалықты, қалай бағалайтынын, болашақта өздерін қандай маман иесі болғысы келетіндерін,

болашақ мамандықтарының нәтижелі болуы жайында өз ойларын  психологиялық тұрғыдан байқап көру.

Шарты: 2 білімгер тақтаға шығып «Егер де мен .......  болсам» деген тақырыпқа сай сурет арқылы өз ойларын жеткізу керек.

«Кім білгір» стратегиясы бойынша

Мақсаты: Білімгерлердің логикалық ойлауын, ақпараттық дүниетанымын, ойлау қабілетттерін кеңейту.

Шарты: Тақтадағы 2 білімгерден басқа білімгерлер қойылған (интерактивті тақтадан шыққан) логикалық сұрақтар мен жұмбақтарға жауап беру керек.

Алманың жартысы  неге ұқсайды?
Үш сызықтан  пайда болған  фигура?
Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?
Үстелде 3 стакан  сүт бар. Алмас  бір стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар?
Нанды үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек?

Дәлелдеуді қажет ететін мамематикалық сөйлем?
1. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі  Ж) ғасыр
2. Кім барлық тілде сөйлейді?  Ж) жаңғырық
3. Миллиард санын жазғанда неше нөл қоямыз?   Ж) 9 нөл
4. Отқа жанбас, суға батпас  Ж) мұз
5. Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай ток көзін – бұл не?  Ж) Лампа
6. Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды? Ж) күннің көзі
7. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен   Ж) Су
8. Үй үстінде ақ аю билеп тұр.   Ж) Бұлт
9. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
    Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің   Ж) Ауа

«Сәйкесін тап»

Мақсаты: Білімгерлердің білім, білік дағдыларын тексеріп, жан –жақтылығын, ізденімпаздығын байқау.

Шарты: Білімгерлер интерактивті тақтада тұрған сөздердің сәйкестігін табу керек.

«Сиқырлы пернелер»

Мақсаты: Білімгерлердің есте сақтау қабілетін, шапшаң еске түсіруді қалыптастыру.

Шарты: Білімгерлер интерактивті тақтада тұрған пернелердің  қандай мағына  беретін және қандай қызмет атқаратынын  табу керек.

Оң жақтағы символды өшіреді

Бас әріп жазу үшін

Цифрларды енгізу үшін

Төменге түсіру үшін

Сол жақтағы символды өшіреді

Бірыңғай үлкен немесе бірыңғай кішкене әріптермен жазады

 

 

 

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма

Интернет сөзінен сөзжұмбақ құрастыру.

«Егер де  мен ......... болсам» тақырыбына болашақта өздеріңді қалай көретіндерің туралы шағын шығарма жазып келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз