Өлең, жыр, ақындар

Мәтінді пішімдеу. Абзац

Сабақтың тақырыбы:  Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Сабақтың мақсаты:  Берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру. Абзацты (азат жолды) пішімдеуді және мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім ретінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды меңгерту. Теорияны тәжірбиеде іске асыра білу. Компьютерде сауатты жұмыс жасау білуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін ескеру.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, оқулық, дәптер.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу. Ынтымақтастық ақуал қалыптастыру. Оқушылардың назарларын аудару.

Психологиялық тренинг (Қағазда жазылған тілектерді оқып, бір – біріне ұсыну)

Үй тапсырмасы:

1.  батырмасы мәтінді қалай етіп көрсетеді? (Әріптерді жуандатады).

2.  батырмасы мәтінді қалай етіп көрсетеді?   (Әріптерді қисатады (курсив)).

3.  бұны не деп атайды және не үшін қажет?  (Қаріп деп айтады, белгіленген мәтініннің қаріпін өзгертеді).

4.  бұны не деп атайды және не үшін қажет? (Қаріп өлшемі деп айтады, белгіленген мәтін қаріпінің өлшемін өзгертеді).

5.  бұны не деп атайды және не үшін қажет? Түс деп атайды, белгіленген мәтіннің түсін өзгертеді.

Жаңа сабақ:

Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шеті бойынша түзеледі.

Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:

  • Түзету;
  • Жоларалық интервал;
  • Шегінулер.

Түзету

 - Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.

 - Мәтін ортаға теріледі.

 - Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.

Шегіністер

Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.

Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі – Табуляция.

 

 

Табуляция

 

 

 

 

 

 

 

 

Абзац     → Тіркеме беттер (Вкладки).

Тізім

Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады Тізімді бастау немесе аяқтау үшін

Тізімді бастау батырмасын басамыз .

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық тапсырма

1-тапсырма. Мәтінді теріп жаз. Отан деген атпен сақта.

Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстан Республикасы 1990 жылдың 25 қазанында өзінің егемендігін жариялап, дербес мемлекет болды.  Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Біз өз Отанымызды шексіз сүйіп, мақтан етеміз. Қазақстан әділет пен туысқандық салтанат құрған тең құқықты еркін халықтардың елі.

2-тапсырма. Өлеңді теріп жазып, сақта.

СЕНБЕ ЖҰРТҚА, ТҰРСА ДА ҚАНША МАҚТАП

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан -  шын асыл, тастай көрме.

                                                            АБАЙ

3– тапсырма. Компьютердің ақпаратына мыналар жатады:        

  • Шығару құрылғылары,                                    
  • Енгізу құрылғылары,                                             
  • Сыртқы жат құрылғылары
  • Байланыс құрылғылары.   

 

Сергіту сәті                       

Қорытындылау (Тест)

  1. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?
  1. Кірістіру     
  2. Бетті белгілеу    
  3. Бас тіркеме беті     
  4. Шимайлық
  1. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?
  1. Сол жақ шеті бойынша                
  2. Абзац бойынша

C. Оң жақ шеті бойынша                     

D. Ортасы бойынша

  1. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
  1. Шегіністерді орнатуға                     
  2. Түзеуді баптауға

C. Жоларалық интервалды анықтауға  

D. Маркерленген тізімді баптауға

  1. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
  1. Оң жақтағы төменгі маркер        
  2. Сол жақтағы жоғарғы маркер

C. Сол жақтағы төменгі маркер

D. Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер

  1.  батырмасының қызметі:
  1. Абзацтың шегіністерін баптайды       
  2. Ол табуляция

C. Маркерленген тізім құрады                 

D. Абзацты түзеуді анықтайды

1

2

3

4

5

С

В

А

В

С

 

Үй тапсырмасы: §23. Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз