Инновациялық технологиялар бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін арттыру жолдары
Инновациялық технологиялар бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін арттыру жолдары
«Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де,
Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ»
Назарбаев Н.Ә.
Білім негізі бастауыш сыныпта қаланатыны белгілі жай. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі, оқуы мен дамуы жайлы теория мен тәрбие таным мәселесінде қиылысады.Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Бастауыш сынып кезіндегі танымдылық, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орны және таным қызығушылығының қалыптасу ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер өте көп.
Қазір балалардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді
- оқушының жаттығу жұмысы нәтижесінде деңгейлері көтеріледі;
- пәнге деген қызығушылығы артады;
- логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.
Білім берудің бастауыш сатысы-тұлғаның даму іргетасы,оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бұл кезеңде баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен, білуге құмар,барлығын көзімен көруді ұнатады. Осыған орай, бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр. Оқыту барысында дидактикалық ойындарды, дамыта оқыту, білім беруді ізгілендіру технологияларын қолданған дұрыс деп есептеймін.
Қазіргі күннің талабына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану және оның тиімді әдісін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре білуге,оны дамытуға толық жағдай жасайды.
Мақсатым: бастауыш сыныптың педагогикалық процесіндегі инновациялық технологияның тиімділігін арттыру.
Міндетім:
- Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
- Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.
Өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау,ел-дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын еркін жеткізе алуға баулудамын.Сабақта Эльконин-Довыдовтың дамыта оқыту технологиясын, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту және сонымен қатар «Шексіз оқу» технологиясын жиі пайдаланамын.Технологияларды қолдана отырып оны сыныпқа бейімдеу мақсатымен психологиялық жағдаяттарды ескереміз. Психологтардың дәлелдеуі бойынша сабақ басталған кездегі 1-4 минут аралығында оқушылар көп болғанда 60 ақпаратты қабылдай алады, ал 5-23 минут аралығында 80,сабақ соңында 40 ақпаратты қабылдай алатындығы дәлелденген.
Мысалы, 3-сыныпта «Өткен өмірден» бөлімін оқығанда оқушыларға бұл бөлімдегі мәтіндерді түсінуге біраз қиындық туады.Өйткені күнделікті тұрмыста кездеспейтін қиын сөздер өте көп. Сондықтан үй тапсырмасын сұрамас бұрын жаңа тақырыпты меңгерту өте тиімді.
Оқушы бойындағы танымдық қабілетті дамыту үшін оқыту үрдісінде пайдаланылатын инновациялық технологияларды тиімді қолданып, нәтижесін көру әр мұғалімнің шығармашылығына байланысты.Уақыт өткен сайын даму сатысының жоғарлауына байланысты,оқыту жүйесі де талай өзгерістерді талап етіп отыр. «Заманына қарай амалы»демекші әр кезеннің өзінің күн талабына сай оқыту үрдісі болады.Соңғы кездерде өз сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасы бойынша сыни көзбен оқу арқылы, оқушының өзіне деген сенімділігін арттырып, сабаққа қазығушылығын танытып, белсендіре түсу маңызы туды.Нәтижесінде оқушылардың толық сабаққа қатыстырып, олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап оқушыларға тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. Сабақта қолданатын стратегияларым:
1.Кубизм стратегиясы.
2.Ассоциация стратегиясы.
3.5 жол өлең.
4.Білемін.Білгім келеді.Үйренемін стратегиясы.(Б.Б.Ү)
5.Венн диаграммасы.
6.Бірін-бірі оқыту стратегиясы.
7.Болжам
8.Түртіп алу
Бұл стратегиялар қай сабақта болсын тақырыпты ашуда көп септіктерін тигізеді.Мысалы:Туыс туралы білгеніңді жинақта
2-сыныпта жазған Тлеулина Мадияның санамағы:
Көлде 5 қаз болыпты,
3 үйрек ұшып келіпті.
Жүзіп кетті екі қаз,
Енді санап көрейік,
Неше үйрек,
Неше қаз? (3 үйрек, 3 қаз)
Венн диаграммасы
Темірханова Гауһардың шығарған өлеңі:
Әлемдегі ең қымбат,
Анашым ғой өзімнің,
Ақ сүтін оның ақтайын,
Ақылын ойда сақтайын.
Бакишева Мадинаның шығарған жұмбағы:
Құлағы ұзын, қолы қысқа,
Ауыстырады терісін қысқа. (Қоян)
Қапарова Меруерттің жазған эссесі.
Менің әкем жұмысқа тұрғаннан бері үйде өзгеріс болды.Әкем еңбек ақысын алды.Жағдайымыз жақсарды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- деген осы екен ғой.
Нажкенов Айдынның 5 жол өлеңі:
Отан
Қуатты. Көркем. Дамыды, жақсарды,көркейді. Сүйікті Отанымды қорғауға дайынмын. Туған жер.
Сабақтарымда СТО технологиясынан басқа «Шекарасыз оқу» заманауи білім беру технологиясын пайдаланамын.Заманауи сабақ - өте тиімді сабақ. Бұл технологияның 101 оқыту техникасы бар. Мұғалім өз қалауы бойынша таңдап алады.Сабақтарымда «Балық», «Өрмекші» ,«Араб граматикасы», «Пияз», «Кластер» техникаларын жиі пайдаланамын.Бұл технология оқушыларға өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деп сенемін.
Бұл іс-тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру үшін қолданылатын жұмыс түрлеріне тоқталып әріптестеріме көмегі тиер деген оймен өзім пайдаланатын инновациялық технологиялар бойынша жасалған сабақ үлгілері мен тәрбие сағаттарының жоспарларын ұсынып отырмын.
Сыныпта қолданылатын оқытудың инновациялық технологиялары
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі