Өлең, жыр, ақындар

Тұрлаулы мүше. Бастауыш

Сабақ жоспары 3-сабақ

 

Сабақ:  Тұрлаулы мүше. Бастауыш

       

Мектеп:  С. Адамбеков

Күні:

Мұғалімнің есімі:  Пирманова Ж

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

2. Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тұрлаулы мүшелердің құрамына қарай сөйлем құрастыру, бастауыштың қай сөз табынан екенін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 Сөйлемде тұрлаулы мүшелерді анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Бастауыштың құрылысына қарай нешеге бөлінетіндерін анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Мәтін ішінен бастауышты анықтап, оның қай сөз табынан екенін ажыратады

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

Тұрлаулы мүшелерді анықтай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Тұрлаулы мүше,  дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше .

 Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған  тармақтар:

Тұрлаулы мүше дегеніміз не?

Атқаратын қызметіне қарай не топқа бөлінеді?

Бастауыш дегеніміз не?

Бастауыш сөйлем ішінде қай сөз табынан келеді?

 Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Себебі: бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мәтін ішінен бастауышты теріп жазу, бастауышы бар мысалдар жазу

Алдыңғы тақырып

Жаттығумен жұмыс

Жоспар

Жоспарланған     уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

 жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы

1Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық орта : Шаттық шеңбері .  

2. Үй тапсырмасын сұрау

«Сыртқы, ішкі шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.

3 минут

 

 

5 мин

Ортасы

Миға шабуыл

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығумен жұмыс

Миға шабуыл

Тақтаға  мысал жазу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Мысал: Ертең Ажар қалаға барады. Сөйлемге ұйытқы болып тұрған қай сөз деп оқушылардан сұраймын. Оқушылар «Ажар» деп жауап береді. Ол қандай сұраққа жауап береді. «Кім» ендеше балалар Кім? Не ? деген сұраққа жауап берсе, ол бастауыш  болады. Сендер  бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелері туралы жалпы өткен болатынсыңдар.

  Жаңа сабаққа ой-қозғау жасап болғаннан кейін, сыныпты кеспе қағаздар арқылы 2 топқа біріктіремін. Олар:

1-топ: Тұрлаулы мүше

2-топ: Бастауыш

«Бір шеңбер» әдісі арқылы «Тұрлаушы мүше» тобы-

  1. Тұрлаулы мүше дегеніміз не ?
  2. Атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді?- деген сұрақтарға жауап таба отырып, тұрлаулы мүше туралы ой –тұжырым жасайды.

Аталған әдіс бойынша 2-топ –

  1. Бастауыш дегеніміз не?
  2. Бастауыш сөйлем ішінде қай сөз табынан келеді?- деген сұрақтарға жауап таба отырып, бастауыштың жасалу жолы мен құрылысы туралы тұжырым жасайды.

Өзара бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы топ бірін-бірі басбармақтары арқылы бағалайды.

 

Кім жылдам» әдісі арқылы 50-жаттығуды беремін. 2 топ жаттығуда көрсетілген үлгі бойынша мысалдар келтіріп жазу керек.

Бастауыш зат есімнен болған сөйлем

Ақнұр баяндама оқыды

Бастауыш сан есімнен болған сөйлем

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 Топ аралық бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы

Тапсырмамен жұмыс: «Кір жайғыш» әдісі арқылы

Екі топқа екі түрлі мәтін беремін.

Берілген мәтін ішінен бастауышты табады, құрамына қарай бөледі, жасалу жолына қарай ажыратады.

3минут

 

 

2 минут

 

 

20минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

Аяқталуы

Үйге тапсырма: Сөйлем мүшесі. Бастауыш. «Қыз қылықты, ұл намысты болсын» тақырыбына  эссе жазу

 

Кері байланыс   «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы  бүгінгі сабақтың өту барысын бағалайды.

4 мин

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Күрделен

ген, кеңейтіл

ген тапсырмалар беру  арқылы

 

 

Өзін-өзі бағалау, топ аралық бағалау

 

 

 

5. Қорытындылау/     

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Күтілетін нәтижемен салыстырмалы түрде

Білім сапасы:             Үлгерімі:

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1. оқушылардың басым көпшілігі бастауышты құрамына қарай ажырата алғаны. Оны тапсырмамен жұмыс болғанда байқадым.

2.  кейбір оқушылардың мәтіннен бастауыштың қай сөз табынан келетінін білгені табысты болды.

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1.  «Бір шеңбер» әдісі оқушылардың қызығушылығын тудырды, нәтижесінде сабақты жақсарта алды.

2. «Кім жылдам» әдісі арқылы жаттығумен жұмыс болды. Оқушылар да тек жаттығуды орындау ғана емес, сонымен қатар жылдамдық байқалды. Нәтижесінде жаттығу өз уақытында орындалды..

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз