Тақырыбы: |
«Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі.» |
Мақсаты: |
Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. |
Оқыту нәтижелері: |
Коучинг соңында мұғалімдер: әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру. |
Сілтеме: |
МАН үшінші деңгей. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» |
Негізгі идея: |
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Маркер,АКТ, қима қағаздар, қобдиша, А3,А4 қағаздары, бейнефильм, стикер, үлестірмелі материалдар, плакат. |
Оқыту әдістері: |
Коучинг қағидасы, «Өзгеру», «Білген сайын келеді, біле бергім», «Сиқырлы қобдиша», «Тау рефлексиясы», |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
5 минут |
«Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну «Жүрек», «Бас», «Қол» Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі: Шульман «үш көмекші» деп «бас,жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтің қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек. |
«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерді таңдау арқылы мұғалімдер үш топқа болініп отырады. Сонымен қатар суреттерге байланысты анықтама алады. |
7 минут |
«Өзгеру» атты әдісі бойынша психологиялық ахуал орнату. Әр топ өздерінің іс-тәжірибелерінде нені өзгерткілері келетінін айтып өтеді. |
Топ мүшелері берілген сұраққа өз пікірлерін ортаға салады, ортақ шешім қабылдайды. |
4 минут |
«Егіз балалардың әңгімесі» атты бейнефильм көрсету. Сол арқылы коучингтің тақырыбын анықтау. |
Бейнефильмді тамашалайды. Коучингтің тақырыбын айқындайды. |
2 минут |
Коучинг қағидалары. Коучингке қатысушыларға коучинг қағидаларымен таныстырады. а) еркін сөйлеңіз. ә) тақырыпты ұстаныңыз, замандастарыңызға да тақырыпты ұстануға көмектесіңіз. б) өз сұрақтарыңызбен бөлісіңіз (сіздің топ мүшелеріңіздің көмегімен құрастырылған сұрақтар) в) басқалар қойған сұрақтарға жауап беріңіз. г) басқалардың түсініктемесіне сүйеніңіз және тыңдаңыз. д) бір-біріңіздің идеяларыңызды талқылаңыз. |
Коучинг қағадаларымен мұқият тыңдап, танысады. |
15 минут |
«Білген сайын келеді, біле бергім» Әр топқа «Диалогтік оқыту» тақырыбы бойынша үлестірмелі тапсырмалар беріледі.
|
Берілген мәтінмен танысып, топ ішінде талқылау жүргізеді, басқа топтарға постер арқылы түсіндіреді. |
3 минут |
«Қар көшкіні» атты сергіту сәтін жүргізу. Әр мұғалімге «Бүгінгі семинарға не мақсатпен келдіңіз?» және «Не үйрендіңіз?» деген сұрақ қойылады, ал мұғалім өзінің атының бірінші әріпінен басталатын жауап айтады. |
Допты ұстап, сұраққа жауап қайтарады. |
20 минут |
«Сиқырлы қобдиша» Әр топтан топ басшысы қобдишаның ішінен тапсырома алады.
|
Таңдап алынған тапсырманы топ ішінде талқылайды, әр топ мүшесі өз тәжірибесімен бөліседі, ойларын ортаға салады. |
4 минут |
«Тау рефлексиясы» Бүгінгі коучинг бойынша суреттегі тауды «Диалогтік оқыту» деп алып, осы тақырып бойынша әр мұғалім өзінің осы таудың қай жерінде екенін анықтайды.Осыған сәйкес, стикерлерге коучинг бойынша не түсінгендерін, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысын жазып, таудың суретіне жабыстырады. |
Алдарында жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгендерін, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысын жазып, таудың суретіне жабыстырады.
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі