Оңтүстік Қазақстан облысы
Абай ауданы Шымкент қаласы
Ынтымақ елді мекені
№ 54 жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Ідеңгейлі мұғалімі
Жүсіпов Азамат Жақсылықұлы
Шеберлік сынып жоспары:
Тақырыбы: Педагогтік іс-тәжірибенің түйінді функциялары
Мақсаты: Сыныпта мұғалімнің қолданатын технологиялармен озық әдістердің негізгі идеялары баяндалады, олардың ғылыми негіздері жайлы түсінік беру. Жас маманға жәрдем беріліп, ақпарат көздері ашылады.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер озық әдістердің негізгі идеяларын түсінеді, олардың ғылыми негіздері жайлы түсінік алады.
Әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, Топтау, тренинг, миға шабуыл, еркін әңгіме. Сергіту сәті.
Ресурстар: Интербелсенді тақта, стикер, шар, түрлі-түсті қағаздар, маркер.
Шеберлік сынып барысы:
Амандасу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру «Мен сізді көргеніме қуаныштымын, себебі...» тренингі
Топқа бөлу « Пайдалы дәрумендер» ойыны
І.Сабаққа дейін
1) Сабақ мақсаты
2) Күтілетін нәтиже
3) Көрнекіліктер
4) Топқа бөлу
ІІ.Сабақ кезінде
1) ”Проблеманы айқындау” кезеңі
2) ”Проблеманы шешу” кезеңі
3) ”Проблема шешімін қолдану” кезеңі
ІІІ.Сабақтан кейін
1) Сабақты толықтыру (үй тапсырмасы)
2) Бағалау
3) Кері байланыс жасау
Мектептегі бақылау жасау барысында негізге алынған 5 маңызды нәрсе:
1) Мақсат қою
2) Басымдылық пен қажеттіліктерді анықтау
3) Уақыты болады (беріледі).
4) Кәсіби әңгімелесу, суретке түсіру, бейнежазбалар.
5) Рұқсат сұрау
Жоспарланған бақылаудың қандай артықшылықтары бар?
“Ойлан, жұптас, талқыла” әдісі
1-топ
Оқытуда балалардың “тұжырымдаманы” жаттап алуын негізге аламыз ба немесе осы алған түсініктерімен не істей алатындарын негізге аламыз ба?
2-топ
Сіз ізденіске уақыт бөлесіз бе, әлде үнемі ізденісте болып, басқа нәрселерге уақыт бөлесіз бе?
3-топ
“Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті...неге?
2. ”Проблеманы шешу” кезеңі
Оқу мен оқытудың негізгі мәселелері:
Қалай десекте білім саласындағы негізгі мәселелер мынандай болады:
1) Мазмұн (не нәрсеге үйрену, үйрету керек?)
2) Әдістеме (қалай үйрену, үйрету керек?)
3) Нәтиже (не үшін үйрену, үйрету керек?)
1. Үйренушілер өздерінің бұрынғы білетіндерін естеріне түсіру арқылы білім игеруге ынталандырылады. Мұнда олар “танымдық тепе-теңсіздік” жағдайында болып, жаңа білімге деген қызығушылықтары пайда болады.
2. Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер атқарады. Ж.Пиаже “Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін-бірі түсіне ме?” деген сұраққа “Баланың ойын түсіндіру үшін, оның әрекеттерінен бастау керек” деп жауап береді.
3. Үшінші кезеңде шәкірттер үйренгені жайлы ой толғайды, пікірлеседі, оларды талқылайды, осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер құрастырады.
Жаңаша оқуды ұйымдастыру
Сергіту сәті
“Арманда! Армандар орындалады!” ойыны
3.”Проблема шешімін қолдану”кезеңі
Оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.
- Сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, қолданысы туралы ойланып, пікірлеседі.
- Өзінің жаңа біліміне баға береді, жаңа білімді нақты проблема шешуде қолданады.
1-топ
Топта жұмыс істеу ережелері
2-топ
Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы
3-топ
Бүгінгі сабақтан алған түсініктеріңіздің төңірегінде сұрақтар дайындау
ІІІ.Сабақтан кейін
Сабақты толықтыру (үй тапсырмасы)
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Кері байланыс
Білемін. Білгім келеді? Білдім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі