Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы
«Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп» КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Гулнара Бегдиловна
Тақырыбы: Отбасы - тәрбие бастауы
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу.
Күтілетін нәтиже: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысу.
Түйінді идея: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.
Сабақта қолданылатын материалдар: маркер, стикер, ақ парақ, видеожазба, интерактивтік тақта
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру,салыстыру, талдау, өзара пікірлесу, тест сұрақтарына жауап беру.
Коучинг сессиясының өту жоспары
Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері |
Уақыты |
Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру Жайлы атмосфера орнату. |
3 мин |
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір бірімізбен амандасып алайық. |
Топқа бөлу |
2 мин |
Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады. |
Жиналыстың мақсатымен таныстыру |
2 мин |
Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді: |
«Миға шабуыл» |
5 мин |
Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады) |
Теориялық материал |
10 мин |
Презентация: Отбасы-тәрбие бастауы Баяндамамен таныстыру |
Суретшілер |
5 мин |
Алдарындағы ақ қағаздарға ортақ бір сурет салу,тақырыпты өздері таңдайды. |
«Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша жұмыс.
|
8 мин |
І топ. Педагогикалық ойын. ІІ топ. |
Сергіту сәті |
2 мин |
«Шексіз махаббат» |
Топтық жұмыс |
10 мин |
1-топ. Мен балама қандай тәрбие беремін? 2-топ. Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз? 3-топ. Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа бекітеді. 4-топ. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? Постер қағаздары арқылы осы үш тақырыпты әр топ өздері ақылдаса отырып қорғайды. |
«Пайымдау сұрақтары» әдісі. |
2 мин |
Сабақ соңында қатысушыларды ойтолғаныс жасауға итермелеу сұрақтарын қою. Жиналыста не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңіздер, не үйрендіңіздер? т.с.с. Бір сұраққа бірнеше қатысушы жауап беруі мүмкін. |
Ұсыныс Бейнеролик (Асыл арна) |
2 мин |
Топтағы әр қатысушының пікірімен санасып, жеке тұлға деп қарайық. Бала тәрбиесі бейнеролик |
Рефлексия |
2 мин |
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
Раззакова Гүлзира
Рахмет, көмегі тиді
Ахметова Гульнур
Сабағыма пайдаландым көп көмегі тиді рахмет