Өлең, жыр, ақындар

Модерация- топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі

 

Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны 

Жакупова Гулбаршын Солтанқызы

Текелі қаласы №5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

І санат

Еңбек өтілі: 20 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Модерация- топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі

Жалпы мақсаттар:

1.Топтық жұмыстың жаңа әдісімен танысу, ерекшелігі мен  идеясын түсіну, осы әдісті   тәжірибеде пайдалану жолдарын қарастыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Қатысушылар:

Модерация әдісін біледі

Модерация әдісін сабақта тиімді пайдалануға ұмтылады

  1. Топтық жұмысты белсендендіру мақсатында модерацияны қолдана алады;
  2. Жасалған жұмыс бойынша кері әрекет алуды;

Ортада жайлы әрекет орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.

Түйінді идеялар:

Модерацияәдісін қолдану  арқылытабыстыоқытуғақолжеткізеді

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың  іс-әрекеті

1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды ахуал қалыптастыру

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады.. Басқаадамныңинтоннациясынқайталауғаболмайды.

 

Қатысушылар коучтың тапсырмасын орындайды

5 минут

ІІ. Білім алу ортасын  құру

1.Сабақтың тақырыбымен таныстыру

2.Сабақтың мақсатын, айқындатқызу

3. Күтілетін нәтижені анықтау: Осы мақсаттан қандай нәтиже күтеміз?

-Сонымен бүгінгі коучинг сессиядан не күтесіздер?

Не  үйреніп қайтасыздар?- стикерге жазып, оны оқып, корзинаға саласыздар.

Қатысушылар жауабы тыңдалады.

-Қазір  сіздермен топтық жұмыстың «Модерация» деп аталатын әдісімен танысамыз.

Қысқаша түсінік беріледі.(мини –лекция)

-Бұл әдісте өз ойларыңызды немесе шешу жолдарын стикерге жазып, сол жазғандарыңыз бойынша қорытынды шығарылады.Бұл әдіс шағын топта жүзеге асады.Топ мүшелерімен ақылдасып, топпен жасалатын әдіс түрі.

Осы тәсілді меңгеру мақсатында практика түрінде жұмыс жасаймыз. Ол үшін талқыға салынатын тақырыппен танысамыз «"Үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың жолдары» (интербелсенді тақтада  жазылады).

Қатысушылар мақсаты мен күтілетін нәтижені жазып, корзинаға салады.

5 минут

ІІІ. МАҒЫНАНЫ ТҮСІНУ.

 МОДЕРАЦИЯНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ(БІР ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ):

-Үлгерімі төмен оқушыларды болдырмау  жолдары бар ма?-деп бәрі иә деп жауап беретіндей жетелеуші сұрақ қоямын.

Тыңдаушылардың көз алдына елестете отырып, дауыс ырғағымен айтып беремін.

Мектеп өміріндегі педагогтардың, әсіресе жас мамандардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі - бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Әрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Әр сыныпта жоқ дегенде 1 үлгерімі төмен оқушылар болады. Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер?Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады? Үлгерімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен,өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін, сабаққа деген ынта- жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын және сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатқызуға болады.

 Оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауы- бүгінгі күрделі мәселенің бірі.Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың сабаққа үлгермеушілік мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Педагог үшін ең алдымен оқушылардың сабаққа үлгермеушілік  себебін анықтап алу керек.

 

 

ЕНДЕШЕ,    баланың тағдырында соңғы орын алмайтын мұғалім ретінде,осындай үлгерімі төмен оқушыларды болдырмаудың  қандай жолдары бар деп ойлайсыздар? Ұрпақтың болашағына негізгі үлес  қосатын ұстаз ретінде оларға қандай көмек көрсете аламыз деп ойлайсыздар?

Қатысушылар өз ойларын стикерге жазады.

2 минут 

Осы мәселені шеші үшін біз шағын топтарға бірігейік ( шағын топтарға топтастыру)

Қатысушылар берілген тәсіл бойынша топқа біріктіріледі.

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-7 МИН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЛЕКСИЯ

 

 

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

ІІ. МОДЕРАЦИЯНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ (ШАҒЫН ТОПҚА ТОПТАСТЫРЫП, ТАПСЫРМА БЕРУ)

 Тапсырма: мен сіздерге стикерлер таратамын. Сіздердің мақсаттарыңыз топпен ақылдаса отырып  үлгерімі төмен оқушыларды болдырмау  жолдарын қарастыру және   әр стикерге бір жолын жазу. ( тапсырма қаншалықты бәріне түсінікті екенін тағы бір рет анықтап алу, бір қатысушыға қайталап беруін өтіну) Үлгерімі төмен  БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫН БІЗ ТОЛЫҚ ҚАРАСТЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. СОНДЫҚТАН әр топ мәселені шешудің неғұрлым көбірек жолдарын ұсыну керек. Бір стикерге –бір шешу жолын жазасыздар! Бұл үшін мен сіздерге 10 минут уақыт беремін.

ІІІ. МОДЕРАЦИЯНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ(ТОПТАР ӨЗ ШЕШІМДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАДЫ)

ЕНДІ ӘР ТОПТАН БІР АДАМ ТАҚТАҒА ШЫҒЫП ӨЗ ТОБЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРСЫН. Тақтаға шыққан қатысушы өз тобының ұсынысын дауыстап оқиды да, егер басқа топтар келіссе, стикерді флипчартқа жапсырады. Ол үшін алдымен қай топта неше стикер екенін санап алайық. (топтар өз стикерлерінің санын атайды, тренер ең көп стикер жазған топты қол шапалақтап  мадақтауды өтінеді де, тақтада жұмыс жасауды   стикері ең аз топтан бастауды ұсынады)

 Топтің бір мүшесі шығып өз стикерін оқиды да, басқалары қолдаса, стикерді флипчартқа жапсырады. Басқа топтар оқылған ұсыныс өздерінде кездессе, ол стикерді алып тастап отырады. Содан соң келесі топ шығады, сөйтіп бәр топтар өз ұсыныстарын оқып, жапсырып шығады.

ІV. МОДЕРАЦИЯНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ(жапсырылған стикерлерді, ұсыныстарды белгілі бір құрылымға келтіру)

Тренер жапсырылған кейбір стикерлерді оқып, мұғалімдерден оларды бір жүйеге келтіруді өтінеді.

 

Мадақтау

Баламен жеке жұмыс жүргізу

Ата-анамен бірігіп жұмыс жасау

Психологті тарту

Мұғалімнің шеберлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сонымен «Модерация» әдісін қалай түсіндіңіз?

Қандай жақсы жақтары бар?

Қандай жағымсыз жақтары бар?

Қай сабақтарда қолдану тиімді?-деген сұрақтар қоямын.

(Тыңдаушылар жауабы)

• Коучинг соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді

 

Қатысушылар стикерге ұялшақ тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдарын бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жазады.

 

 

 

 

 

Жазып болған соң флипчартқа жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар өз ойларын айтып, белсенділік танытады.

 


Пікірлер (2)

бейтаныс

нақты мазмұны ашық емес оны мұғалім қалай түсінеді, кейс қайда онымен мұғалімдер жұмыс жасау керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз