Өлең, жыр, ақындар

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Есік қаласы
Жетісу Заң колледжі
Тарих, құқық және экономика негіздері
пәндерінің оқытушысы: Бердихан Айкерим

 

(«Үшөлшемді әдістемелік жүйеге» негізделген - нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін тиімді механизм)

(асты сызылған курсив сөздердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

1-кезең. Төмендегі көпір тапсырмаларын оқушылар үйде орындап,бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін, б) алдыңғы тақырыптың  ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергенненкейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары

   1. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

   Ж: 1837- 1847

   2. К.Қасымұлы көтерілісі кімдерге бағытталды?

   Ж: Патшалық Ресей мен Қоқан хандығына

   3. Кенесары қашан хан сайланды?

   Ж: 1841 жылы қыркүйек

   4. Кенесары көтерілісінің нәтижесі..

   Ж: жеңіліс тапты

   5. Кенесары қашан, қай жерде қаза тапты?

   Ж: 1847 жылы Майтөбе шайқасында

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:       а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады    (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).  Нәтижесі ауызша  марапатталады.

1-қадам: теория бойынша «Білу» Кім? Не? кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен?  Қандай?кайда? Қай? Қашан?.

Бос орынға қажетті сөздерді жаз

1. Көтерілістің басталуына патшаның 1916  жылы маусымның 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

2. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялықбас көтерулер басталды.  Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

3. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды.

4. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ»  гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

5. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

7. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

8.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін?

Себебін анықта:

1. Көтерілістің себебін анықта?

Ж; отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б.

2. Неліктен көтерілістің бірнеше ошағы болды?

Ж: Көтеріліс стихиялы түрде басталған болатын, кейіннен ұйымдасқан сипат алды

3. Жетісу және Торғай облысындағы көтеріліс ошақтары бірге не себепті қимылдамады?

Ж: Себебі территориялық алшақтық

4. Патшалық Ресей не үшін қарапайым халықтан әскер жимақ болды?
Ж: қара жұмысқа, соның ішінде майданға окоп қазу үшін

5. Көтерілістің шығуына түрткі болған ?

Ж:1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже»

3-қадам: теорияны «Талдау» үшін

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Венн диаграммасы арқылы Жетісу мен Торғай облыстарын салыстыр

Жетісу облысы                                                       Торғай облысы

                                              Ұқсастығы

Тақырыптың басты идеясы: 1916 ж Ұлт-азаттық көтеріліс стихиялы түрде басталып, Қазақстан территорясын толықтай қамтыды. Соның ішінде Торғай мен Жетісу облыстары айырықша белсенділік танытты. Қазақ халқы патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы Ұлт-азаттық көтеліске шықты. Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асырды

Ұқсастығы: Барша қазақ халқы өз азаттығын аңсады.

Айырмашылығы:

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.Негізгі оқиғалар 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады.Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды..1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.Нәтижесі 1917 жылы қазанда Торғай көтерілісі талқандалды.

4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды  шығар, анықтама бер,  мазмұнды жүйеле, кестені,  тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы  с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

 

1. Тақырыптың басты идеясы  бойынша құрылған тірек-сызбаны толтыр

  Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналғанпрактика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде  «Қолдану»

Картадан  көтеріліс ошақтарын, бағытын көрсет

6-қадам: : практика жүзінде  «Баға беру»  

1. Қалай ойлайсың бұл көтерілістің жеңіске жетуге мүмкіндігі болды ма ?

2. Амангелді Иманов не үшін өлтірілді?

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады.  Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді.  Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі

 

І деңгей (5 балл)

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен?  Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

  Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:

  Сызбаны толтыр.

Тарихи диктант. Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі – Аман­­гелді Үдербайұлы (1873-1919) қа­зақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық кө­терілісін ұйымдастырушылардың бірі, шын мәнісіндегі халық батыры ретінде бел­гілі

1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.  Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды

Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы  М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді

2-қадам: практика жүзінде  «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.

 

1. Мағынасын ашып, әңгімелеп бер:

Верныйдан жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«қырық бір – он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды

2. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» филь­мін түсірді. Бұл көркемөнертуындысы қазақтыңтұңғыш дыбысты фильмі болды

1-аралық нәтиже:

Бірінші  деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі  –  бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын  меңгере алмаса. 

 

ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

3а-қадам:  теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету  үшін)

1-тапсырма:1. Неліктен бұл көтеріліс  стихиялы түрде болды?

Ж:Себебі облыстар арасында тығыз қатынас орнатылмаған, Және де ұлт зиялыларының да көзқарастары бір жерден шықпады.

2. Не себепті бұл көтеріліске Кеңестік тарихнамада дұрыс баға берілмеді?

Ж:Себебі: тарихты бұрмалау, .............. Кеңес үкіметі үшін емес, Қазақ ұлтының азаттығы үшін күрескен еді. Бұлай айту сол заманның саясатына қарсы болар еді

3. Неліктен  стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды?

Ж:  Себебі қазақ зиялылары патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің  ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады

4.1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
Ж:  Көтеріліс бытыраңқы болды.. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. Күні бұрын белгіленген жоспардың болмады. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1. Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек..

             1.Кестені толтыр

Көтерілістің ошақтары салыстыру

Торгай облысы

Жетісу облысы

 

Ерекшелігі

 

1. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды, патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

2. А. Иманов. Ә.Жангельдин басқарды

3. бас сардар тағайындалды

4. Әскери кеңес жұмыс істеді

5. Әскер ондық, елулік, жүздік мыңдыққа бөлінді

1. 1916 жылғы шілде-тамыз, бұқаралық сипат алды.қазан айында көтерілісі талқандалды

2. Патша өкіметінің жазалау отрядна ұшырап, қазанда толық жеңілді

3. Т. Рысқулов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, К. Мәмбетов, А. Қосаков.т.б. басқарды

 

 

Ұқсастығы

 

1. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

2. 19-43 жастағы ер-азаматтарды әскерге жіберуге қарсы болды.

3. Жеңіліс тапты

2.Сіз Амангелді Имановқа қандай баға бересіз?

4-қадам: практика жүзінде  «Қолдану.  ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.

4-тапсырма: Көтеріліс басшыларын сәйкестендір

2- аралық нәтиже:

         Екінші  деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік  сапасының сандық өлшемі  –  алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас

 

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды  шығар, анықтама бер,  мазмұнды жүйеле, кестені,  тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы  с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген   тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

1-тапсырма: Сөзжұмбақты шешіңдер:

1. 1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліске не  түрткі болды?

2. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі?

3. 1917 жылға дейін көтеріліс болған өңір?

4. Бұл көтерілістің қандай сипаты алды?

5. Көтерілістің бас Қолбасшысы кім?

6-қадам: практика жүзінде  «Баға беру»

3-тапсырма:

1. Егер Амангелді Иманов біздің заманымызда өмір сүрсе кім болар еді? (Неліктен олай ойлайсыз?)

2.1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс жеіңске жетсе Қазақ халқы өз тәуелсіздігін алар ма еді?

  3-нәтиже:

   Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз