Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мауленов атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі: Балдикова Анаргүл Бақытжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Туындының физика мен техникада қолданылуы
Сабақ мақсаты: Туындының ережелерін біледі, есеп шығарғанда қолдана алады, туындының геометриялық және физикалық мағынасын ажыратады.
Сабақтың түрі: практикалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: формулалар, оқулық
Кей қасиет туа бітеді, кейбірі еңбек арқылы қалыптасады
Абай Құнанбаев
Теориялық білімді практикалық дағдыларға қолдана отырып, дамыту сабағының жоспары:
1. Ұйымдастыру; «Шаттық шеңбері» тренинг.
2. Қызығушылықты ояту (Сұрақ-жауап)
3. Ой қозғау «Формулалар сөйлейді»
4. Практикалық шығармашылық ізденіс (физикалық есептер шығару).
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау
8. Рефлексия
Үй тапсырмасын тексеру
f(x) функциясының берілген нүктедегі туындысының мәнін есептеңдер:
а) f(x) =3x-4x3, x=5;
б) f(x)=(1+2x)(2x-1), x=0.5
Жауаптары:а)-297 б)4
у=2х
у=х³
у=3x²+8x+2
у=½х²+5
- Туынды
- Бұл ғалымдарды не байланыстырады?
Туындының геометриялық мағынасы
Туындының физикалық мағынасы
1) t=1 с болған уақыттағы дене қозғалысының лездік жылдамдығын және үдеуін табыңдар.
2) Қозғалыс теңдеуі берілген: Х (t) = t3 – 2t2 + 5
Материалдық нүкте х(t)=t³-4t² заңы бойынша түзу сызықты қозғалады. t=5c мезеттегі жылдамдықты және үдеуді табыңдар
Есептер шығару.
3-есеп.
Массасы 4 кг дене х(t) = t2 +t + 1 заңы бойынша түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Қозғалыс басталғаннан кейінгі 3 секундта дене қандай кинетикалық энергияға ие болады?
4-есеп
Массасы 2 кг дене х(t) = t2 +t + 1 заңы бойынша түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Қозғалыс басталғаннан кейінгі 2 секундта дене қандай кинетикалық энергияға ие болады?
Оқулықпен жұмыс
- №411 (жұппен)
- №413 (топпен)
- Сабақты бекіту
- (қандай да функцияны формуламен бер)
Үйге тапсырма №417, 419
Бағалау:
13-15 - «5»
10-12 - «4»
7-9 - «3»
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не үйрендім?...............................................................................
Бүгінгі сабақта маған ұнағаны.............................................................................
Бүгінгі сабақта қандай жетістікке қол жеткіздім?................................................
Бүгінгі сабақта көңіл күйім...................................................................................
Бүгінгі сабақта кімге көмектестім........................................................................
Бүгінгі сабақта неден қиналдым?........................................................................
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі